1) 25 қарашада «Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару» мамандығының студенттері Стрижко Виктория, Туленова Малика, Габиденов Ибрагим Ресейден және шетелден келген командалардың қатысуымен «ЭРУДИТТЕР - 2021» халықаралық олимпиадасына қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша университетіміздің командасы белсенді қатысқаны үшін дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.
11 қараша күні шетел және орыс тілдері кафедрасының оқытушылары «Ауылдағы өмір сенің басыңнан өткен ең жақсы нәрсе болуы мүмкін...» тақырыбында пікірталас ұйымдастырып, өткізді. Бұл шараға қатысушылар маңызды әлеуметтік мәселелер мен оларды шешу жолдарын айқындап берді. Пікірталас қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті! Барлық студенттер қатысқаны туралы сертификаттармен марапатталды.
Қарағандыда жастардың бастамасымен BIRGE жобасы жүзеге асырылуда. Jas Otan жастар қанаты мен Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің бизнес, құқық және технология факультеті алғашқы подкаст жазды. Екі тілді платформада жастар қазіргі уақыттың ең өзекті мәселелерін талқылайды. Видеода жастар подкасттарды құру, жалпы әлеуметтік желілер, олардың дамуы және пайдалы қолданылуы туралы әңгімелесті. Атап айтқанда, жас қарағандылықтарға осындай технологиялардың көмегімен біздің тарихымыз, салт-дәстүріміз бен мәдениетіміз туралы айтуға болады. Бұл подкаст қоғамның мәселелерін талқылауға арналған екі тілді платформадан тұрады. Жастар болашақта жобаны дамытып, тәуелсіздік, жастар үшін ағылшын тілін үйрену қажеттілігі, жұмыссыздық, кітап нарығы, саяхат, ғылым және т. б. мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр. Подкасттар радио немесе телехабарға ұқсас, бірақ файлдар немесе ағынды мультимедиа түрінде болады, оларды тыңдаушыға ыңғайлы уақытта және кез – келген жерде интернет арқылы ойнатуға болады. Әдетте, подкасттардың белгілі бір тақырыбы мен жариялау жиілігі болады.
BIRGE подкаст жобасы жайлы ақпараттарды Қарағанды облысының әкімдігі өздерінің арнайы әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында және сайтында жариялаған.
Қарағанды жастары подкастының бірінші шығарылымын мына сілтеме бойынша көруге болады: https://youtu.be/Xshq2QXeTOQ
6-11 қараша аралығында, Талдықорған қаласында, ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты өтті. Жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен спортшылар қатысты. Біздің, ФКиСМ-20-5С студенті Омарова Аиша 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеттіп, бірінші орын жүлдесіне қол жеткізді.. Айшаға одан әрі табыстар мен жоғары нәтижелерге қол жеткізе беруге тілектеспіз.
Бірлік Қыздарбекұлын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрі басылған қазақ және орыс тілдеріндегі «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» оқулығының шығуымен құттықтаймыз. Бірлік Қыздарбекұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, кафедрамыздың профессоры.