• Blog news

«Жасампаздыққа толы жылдар»

«Жасампаздыққа толы жылдар»

«Nur Otan» партиясы Қарағанды облыстық филиалы мен Мемлекеттік басқару академиясы Қарағанды облысы филиалы және «Jas Otan» Жастар Қанатының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығына арналған «Жасампаздыққа толы жылдар» интеллектуалды ойыны өтті. Іс-шараға «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелері, жас депутаттар, жаңадан сайланған жас әкімдер, мемлекеттік қызметкерлер мен белсенді жастар қатысты. Қатысушылар қатарына бизнес, құқық және технология факультетінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жоламанова Мөлдір Қайрханқызы мен факультеттің белсенді студенті, «Jas Otan» Жастар қанатының Қазтұтынуодағы Қарағанды универсетіндегі төрағасы, С-20-2 тобының студенты Сейдахмет Асылхан арнайы шақырылып, іс-шараға жүргізуші ретінде Ю-18-4 тобының студенті Майтанова Карина, өз өнерлерін көрсетіп ТД-18-1к тобының студенті Меней Жұлдыз, СР-18-1к тобының студенті Майрол Роза қатысып, факультеттің студенттері қолдау білдіріп, белсене ат салысты. Кеш соңында қатысушыларға арнайы алғыс хаттар берілді. Іс-шара туралы ақпарат жергілікті «Сарыарқа» телеарнасында жарияланды.

«ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ: ЖАС ҒАЛЫМДАР КӨЗҚАРАСЫ» атты перспективалық әзірлемелердің II Бүкілресейлік ғылыми конференциясы

«ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ: ЖАС ҒАЛЫМДАР КӨЗҚАРАСЫ» атты перспективалық әзірлемелердің II Бүкілресейлік ғылыми конференциясы1.12.21 ГМУ-21-2 тобының студенті Туленова Малика "Қоғамдамуының инновациялық әлеуеті: жас ғалымдардың көзқарасы" атты 2-ші перспективалық әзірлемелердің бүкіл ресейлік ғылыми конференциясында Курск қаласында (РФ) 1-ші орыналды.

Қазтұтынуодағы ҚарУ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

Қазтұтынуодағы ҚарУ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

2021 жылдың 26 қарашасында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Конференцияны Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды.

Конференция дәстүрлі уақытта емес, сағат 12-де басталды. Бұл пленарлық отырыстың баяндамашыларының көпшілігі уақыт айырмашылығы 3-4 сағатты құрайтын Ресей Федерациясының Мәскеу, Санкт-Петербург, Калининград, Гомель қалаларының еуропалық бөлігінен болғандығына байланысты болды.

Конференция қатысушыларына арнап, ғылыми-зерттеу және интеграциялық қызмет жөніндегі проректор э.ғ.д., проф. Г.Е. Накипова құттықтау сөз сөйледі.

Пленарлық отырыста ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Құрметті академигі, з.ғ.д., профессор Б.М. Нұрғалиев (Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті), РФ Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, з.ғ.д., проф. Т.С. Волчецкая (Кант атындағы Балтық Федералды университеті, Калининград), э.ғ.д., проф. С.Н. Гришкина (РФ Үкіметі жанындағы қаржы институты, Мәскеу ), п.ғ.д., профессор А.Н. Григорьев және оқытушы Е.А. Кот (РФ ІІМ Санкт-Петербург университетінің филиалы), з.ғ.к., доцент Панькина И. Ю. және магистрант Джолы В.А. (Балтық Федералды университеті). (Ресей Мемлекеттік әлеуметтік университеті, Мәскеу), Рябенькая Н.Л. (Краснодар өлкесінің қадағалау бөлімінің прокуроры, РФ), ф.ғ.к., доцент Турсунов Ф. А. (Сібір тұтыну кооперациясы университеті, Новосибирск қ.) сөз сөйледі.

Пленарлық отырыс және баяндамаларды талқылау аяқталғаннан кейін конференция жұмысы секциялық отырыстарда жалғасты.


Қазтұтынуодағы ҚарУ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өттіҚазтұтынуодағы ҚарУ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өттіҚазтұтынуодағы ҚарУ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өттіҚазтұтынуодағы ҚарУ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

Студентіміз «Nur Qadam» сыйлығының иегері!

Студентіміз «Nur Qadam» сыйлығының иегері!Бизнес, құқық және технология факультеті ФКиСМ-2O-5с тобының студенті Артем Антроповты «Жылдың жас спортшысы» номинациясында Қарағанды қаласы әкімінің «Nur Qadam»жастар сыйлығымен марапатталуымен құттықтайды!
Антропов Артем – ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жастар арасындағы Азия және әлем чемпионы, рекордсмен, 2021 жылғы Қазақстан Республикасының абсолютті чемпионы, 2021 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «2020 жылдың үздік спортшысы» атағының иегері.
Артемге денсаулық пен оптимизм, жоғары спорттық жетістіктер, ауыр атлетикадан алдағы әлем чемпионатында жеңіс тілейміз!

Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша есебі

Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша есебіМаркетинг және логистика кафедрасының магистр, оқытушысы Кошмаганбетова Айжан Сергазыевна, жоспарға сәйкес 24.11.2021ж. Жаңаарқа ауданында О.Жумабеков және Б.Амалбеков атындағы ЖББМ 11 сынып оқушыларымен кездесіп, онда оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру, кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерешеліктерін зерттеу, мектеп бітірушілрге мамандық таңдауға көмектесу, оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу. Аталмыш мектептерде мамандықтар туралы презентациялар көрсетіліп, сауалнама толтыртып, бейнероликтерді де көрсету арқылы оқушылармен түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Алдағы уақытта жаппай оқушыларға ҰБТ сәтті өтіп, өздерінің таңдаған маман иесі болуына жылы лебізіміді білдіреміз.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL