• Blog news

Платина дәрісі «Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы, оның себептері мен алдын-алу және жеңу мәселелері»

Платина дәрісі «Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы, оның себептері мен алдын-алу және жеңу мәселелері»

Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс кафедрасының міндеттерінің бірі білім беру бағдарламаларын дамытуда іске асырылып жатқан шет елдердің ғалымдарының коллаборациясы болып табылады. Іс жүзінде қолданылатын «қонақ дәрістері» - бұл бірегей алаң болып табылады спикерлер өздерінің құнды білімдері мен бірегей тәжірибелерімен бөліседі. Кездесуге өзге елдін ғылыми-білім беру қоғамдастығында жоғары беделге қол жеткізген белгілі шетелдік ғалымдар жауап бергенде, бұл екі есе құнды.
«Құқық және экономика негіздері», «Психология және білім берудегі менеджмент», «Әлеуметтік жұмыс», «Дене шынықтыру және спорт менеджменті» білім беру бағдарламаларының студенттері мен кафедраның оқытушылары үшін педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Мәскеу қаласы Ресей Мемлекеттік әлеуметтік университетінің әлеуметтік оңалту институтының директоры Лев Владимирович Мардахаев «Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы, оның себептері мен алдын алу және еңсеру мәселелері» тақырыбында «платина» дәрісін оқыды. Дәріс барысында студенттер жасөспірімдерді әлеуметтендіру процестері мен тетіктері, әлеуметтендіру институттары мен агенттері, девиантты мінез-құлықтың факторлары мен себептері туралы білімдерін нығайтты. Лев Владимирович студентердің дамуы үшін қолайлы әлеуметтік ортаны қалыптастыруда педагогтардың, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың командалық жұмысының ерекше рөлін атап өтті.
«Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының студенттері мен оқытушылары профессор Лев Владимирович Мардахаевқа үлкен алғыс білдіреді, ол бұлжымас ақиқатты өзінің үлгісімен растайды: «табысты адамдар әрқашан басқаларға шабыт беріп, көмектесуге мүмкіндік іздейді!»

Математика Олимпиадасының нәтижелері

Математика Олимпиадасының нәтижелері2022 жылдың 6 қаңтарында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Жоғары математика» кафедрасы жалпы білім беретін оқу мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасында облыстық Олимпиада өткізді. Олимпиада мақсаты - математикадан дарынды, талантты оқушыларды анықтау және олардың одан әрі зияткерлік дамуы; оқушылардың математиканы оқуға деген қызығушылығын арттыру, теориялық білім мен дағдыларды тереңдету.
Келесі жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары пәндік Олимпиаданың жеңімпаздары атанды:
9 сынып:
I орын – Мұқаш Гүлім Серікқызы, 101 мектеп-лицей
II орын – Орынбеков Адиль Адилбекович, Қарағанды қ. ММЛИ АТ
III орын – Рамазан Әділ Жадырабайұлы, Қарағанды қ. ММЛИ АТ
10 сынып:
I орын – Кенжегулова Ақбота Жасупанқызы, 101 мектеп-лицей
II орын – Дюсембаева Карина Тимуровна, КГУ «№97 гимназия»
III орын – Ошақбаева Аруна Алмасовна, 101 мектеп-лицей
11 сынып:
I орын – Мүрсәлім Бексұлтан Ержанұлы, 101 мектеп-лицей
II орын – Востриков Михаил Николаевич, КГУ «Шакарим атындағы гимназия»
III орын – Гончаров Никита Витальевич, КГУ «Шакарим атындағы гимназия»
11 сынып жеңімпаздарына 2022-2023 оқу жылында Қазтұтынуодығы Қарағанды университетіне түскен жағдайда жеңілдіктер сертификаттары тапсырылуда. Мектептердің қалған жеңімпаздары және олардың ұстаздары дипломмен және алғысхатпен марапатталады.
Жеңімпаздарды олимпиаданың сәтті өтуімен құттықтаймыз және оларға сәттілік тілейміз.

«Атамекен» ҰКП рейтингі - 2021

«Атамекен» ҰКП рейтингі - 2021

ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша  «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы төртінші жыл қатарынан білім беру бағдарламаларының рейтингін өткізіп келеді. Бағалау 19 критерий бойынша жүргізіледі, олардың ішінде ең маңыздылары: түлектердің мансаптық болашағы, олардың жұмысқа орналасуы және орташа жалақысы, білім беру бағдарламаларының сапасы, аккредиттеу, цифрландыру, мазмұнның өзектілігін бағалау және т. б.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің келесі 13 бағдарламасы саралау жүргізілген 17 бағдарламаның ішінен республика бойынша үздік ондыққа кіргенін қуана хабарлаймыз:

Белсенді ОҚУ-ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК КЕШЕН

Белсенді ОҚУ-ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК КЕШЕН

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек биопсихоәлеуметтік үлгі базасында медициналық көмек көрсету жүйесінің негізі болып табылады және аурулар мен жай-күйлердің профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, әлеуметтік-медициналық оңалту, сауаматты өмір салтын қалыптастыру және халықты санитариялық-гигиеналық ағарту жөніндегі іс-шараларды қамтиды. Қолжетімді және сапалы алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қамтамасыз ету мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесінің әлеуметтік қызметкерлері мен психологтарының кәсіпқойлығына байланысты.

Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс кафедрасы медициналық мекемелердегі ОҒӨК серіктестерімен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасайды. 2022 жылғы 2 ақпанда «Психология және білім берудегі менеджмент» және «Әеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламаларының студенттеріне «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі әлеуметтік-психологиялық жұмыс» тақырыбында «Гиппократ» МФ ЖШС директорының орынбасары В.А. Нестерованың «платина» дәрісі өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың, жастардың репродуктивті денсаулығын нығайтудың, күйзелісті және күйзеліске төзімділікті басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері мен технологиялары талқыланды.

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде өткізілген Халықаралық сайлау күні!

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде өткізілген Халықаралық сайлау күні!2022 жылдың 3 ақпанында Будапештте 2005 жылы 14-17 қыркүйекте өткен Сайлау ұйымдастырушылардың Бас конференциясының шеңберінде белгіленген Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтілді.
Осы орайда 4 ақпан күні - Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу» кафедрасының оқытушы құрамымен Халықаралық сайлау күніне арналған 2 сағатқа созылған іс-шаралар өткізілді. Аға оқытушы Есенов Дастан Құдайбергенұлы және заң ғылымдарының кандидаты, доцент Сидорова Наталья Владимировна бастамаларымен «Әлемдегі және Қазақстандағы сайлаудың мәні мен тарихы туралы» мемлекеттік және орыс тілдерінде дәрістер өткізілді. Қатысушы аудиториясы «Экономика», «Дене шынықтыру және спорт менеджменті», «Кеден ісі», «Есеп және аудит», «Юриспруденция» мамандықтарының студенттерінің қатысумен ерекшеленді. Дәрістер сайлау құқығы бойынша құрастырылған интеллектуалдық ойындармен жалғасты.
Осы күнді өткізудің басты міндеттері – қоғам санасында демократияландыру процесінің қайтымсыздығын бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейілділікті қалыптастыру.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL