Математика Олимпиадасының нәтижелері
2022 жылдың 6 қаңтарында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Жоғары математика» кафедрасы жалпы білім беретін оқу мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасында облыстық Олимпиада өткізді. Олимпиада мақсаты - математикадан дарынды, талантты оқушыларды анықтау және олардың одан әрі зияткерлік дамуы; оқушылардың математиканы оқуға деген қызығушылығын арттыру, теориялық білім мен дағдыларды тереңдету.
Келесі жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары пәндік Олимпиаданың жеңімпаздары атанды:
9 сынып:
I орын – Мұқаш Гүлім Серікқызы, 101 мектеп-лицей
II орын – Орынбеков Адиль Адилбекович, Қарағанды қ. ММЛИ АТ
III орын – Рамазан Әділ Жадырабайұлы, Қарағанды қ. ММЛИ АТ
10 сынып:
I орын – Кенжегулова Ақбота Жасупанқызы, 101 мектеп-лицей
II орын – Дюсембаева Карина Тимуровна, КГУ «№97 гимназия»
III орын – Ошақбаева Аруна Алмасовна, 101 мектеп-лицей
11 сынып:
I орын – Мүрсәлім Бексұлтан Ержанұлы, 101 мектеп-лицей
II орын – Востриков Михаил Николаевич, КГУ «Шакарим атындағы гимназия»
III орын – Гончаров Никита Витальевич, КГУ «Шакарим атындағы гимназия»
11 сынып жеңімпаздарына 2022-2023 оқу жылында Қазтұтынуодығы Қарағанды университетіне түскен жағдайда жеңілдіктер сертификаттары тапсырылуда. Мектептердің қалған жеңімпаздары және олардың ұстаздары дипломмен және алғысхатпен марапатталады.
Жеңімпаздарды олимпиаданың сәтті өтуімен құттықтаймыз және оларға сәттілік тілейміз.