• Blog news

«Баршаның назарына!» дабылы бойынша халықтың іс-әрекеті

«Баршаның назарына!» дабылы бойынша халықтың іс-әрекеті

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы төтенше жағдайлар болғанда не қауіп-қатер төнгенде халықтың назарын аудару үшін берілетін «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы бойынша орындалатын іс-қимыл тәртібін білуі және орындауы тиіс.
«Баршаның назарына!» дабылы соғылғанда халық теледидарларды, радионы және ақпарат қабылдаудың басқа да құралдарын іске қосып, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті. Таратылатын ақпарат түрлі сипатта: химиялық қауіпті объектідегі немесе теміржол көлігіндегі апат, химиялық, радиоактивті зақымдану, табиғаттың дүлей апаты, әуе қауіп-қатерлері және адам өміріне қауіп тигізетін басқа да төтенше жағдайлар, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, болуы мүмкін әуе қаупі мен басқа да төтенше жағдайлар туралы, сондай-ақ халықтың осы төтенше жағдайлардағы іс-әрекеті жайында болуы мүмкін.
Сөйлеу арқылы құлақтандырылатын ақпарат мәтіні қазақ және орыс тілінде беріледі.
Алыс қашықтықта орналасқандықтан сирена дыбысы естілмейтін және орталық радиохабардың дауыс зорайтқышы жоқ жерлерге «Баршаның назарына!» дабылы мен сөйлеу арқылы берілетін ақпарат дабыл тарататын қондырғымен жабдықталған арнайы көліктер арқылы таратылады. Туысқандарыңыз, достарыңыз бен көршілеріңіз естімей қалуы мүмкін, сондықтан да оларға хабарлаңыздар. Кез-келген үрей мен қаңқу сөзді болдырмауды қадағалаңыздар!

АҚ штабының бастығы Н. Алимкулов

 

Қазақстан Республика Білім және ғылым министрлігі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған "Tilqural.kz", "Tilalemi.kz", "Balatili.kz", "Emle.kz", "Termincom.kz", "Sozdikkor.kz", "Qazcorpora.kz", "Qujat.kz", "Tilmedia.kz", "Atau.kz", "Abai.insti

Қазақстан Республика Білім және ғылым министрлігі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған "Tilqural.kz", "Tilalemi.kz", "Balatili.kz", "Emle.kz", "Termincom.kz", "Sozdikkor.kz", "Qazcorpora.kz", "Qujat.kz", "Tilmedia.kz", "Atau.kz", "Abai.instiute" электронды порталдарын әзірледі.

Электронды өнімдерге сілтемелер:

Tilqural.kz

Tilalemi.kz

Balatili.kz

Emle.kz

Termincom.kz

Sozdikqor.kz

Qazcorpora.kz

Qujat.kz

Tilmedia.kz

Atau.kz

Abai.instiute

Хабарландыру!!!

Хабарландыру!!!

Студенттерді, магистранттарды, докторанттарды білім беру және ұйымдастырушылық қолдау арқылы инновациялық жобалар жасау мен инкубациялауға жүйелі түрде тарту, ғылыми-зерттеу, жобалау және кәсіпкерлік қызметті үйлестіруге мүмкіндік беретін құзыреттерді қалыптастыру мақсатында студент жастар арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамыту жөніндегі ТБИ "Достық "Коворкинг орталығы" іс-шараларының 2021-2022 оқу жылының 2 семестріне күнтізбесі әзірленді. Іс-шараларды өткізудің нақты күндерін біз факультеттердің СҒЗЖ үшін жауаптылар арқылы хабарлаймыз.

Жарнама

Бизнес, құқық және технология факультеті В068 - Тамақ өнімдерін өндіру жоғары білім беру бағдарламалары тобына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бос білім грантын тағайындауға конкурс жариялайды, университетке қабылдау жылы - 2019 жыл, оқыту тілі - қазақ тілінде.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бос білім грантын алуға үміткер студенттер келесі құжаттарды 2022 жылдың 01.20 дейін деканатқа тапсыруы керек:
1) конкурсқа қатысуға өтінім (15.01.2022дейін)
2) жеке куәліктің көшірмесі
3) транскрипт
4) сипаттамалық
5) деканның ұсыным хаты

БҚжТ деканаты

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL