• Blog news

ТБИ "Достық "Коворкинг орталығы" іс-шараларының

ТБИ "Достық "Коворкинг орталығы" іс-шараларының

Студенттерді, магистранттарды, докторанттарды білім беру және ұйымдастырушылық қолдау арқылы инновациялық жобалар жасау мен инкубациялауға жүйелі түрде тарту, ғылыми-зерттеу, жобалау және кәсіпкерлік қызметті үйлестіруге мүмкіндік беретін құзыреттерді қалыптастыру мақсатында студент жастар арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамыту жөніндегі ТБИ "Достық "Коворкинг орталығы" іс-шараларының 2022-2023 оқу жылының 1 семестріне күнтізбесі әзірленді. Іс-шараларды өткізудің нақты күндерін біз факультеттердің СҒЗЖ үшін жауаптылар арқылы хабарлаймыз.

Оқу сабақтарының басталуы

Оқу сабақтарының басталуы

Құрметті студенттер, магистранттар және докторанттар! Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті сіздерді 1-ші қыркүйекте сағат 10:00-де Академиялық 9 мекен-жайы бойынша өтетін 2022-2023 щқу жылының салтанатты ашылуынашақырады. Біз сіздерді күтеміз!

Бос білім беру грантын тағайындау байқауы

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде (магистратура деңгейі) шығарылған М078 «Құқық» білім беру бағдарламаларының тобына (екінші оқу жылы) ҚР БҒМ бос білім шәкіртақысын тағайындау байқауына қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.
Байқауға қатысуға ниет білдірген магистранттар жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне 2022 жылғы 5 шілдеге дейін келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
1. Қазтұтынуодағы ҚарУ ректорының атына өтініш;
2. Барлық оқу мерзіміне транскрипттің түпнұсқасы;
3. Жеке куәліктің көшірмесі.

Байқау үлгерімнің орташа GPA балы негізіндегі аралық бағалау нәтижелеріне негізделген.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL