• Blog news

К.Г.Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технология және басқару университетінде өткен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет магистранттарының ғылыми тағылымдамасы

К.Г.Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технология және басқару университетінде өткен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет магистранттарының  ғылыми тағылымдамасы2017 жылдың наурыз айының 13-шінен 19-на дейін «Стандарттау, сертификаттау және азық-түлік өнімдердің технологиясы» атты бағдарлама бойынша «Стандарттау және сертификаттау» және «Азық-түлік өнімдердің технологиясы» мамандықтарының магистранттары К.Г.Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технология және басқару университетінде (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы) ғылыми тағылымдаманы өтті.
Ғылыми тағылымдаманың бағдарламасы азық-түлік өнімдердің технологиясы, өнімнің стандарттауы және сертификаттауы, азық-түлік өнімдердің қауіпсіздігін растау және сапа бақылауын қамтамасыз етудегі жаңашыл технологияларды, жаңа механиздерді, азақ-түлік өнімдерінің кәсіпорындарында жаңа технологиялардың сапасын бақылау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жобалау және еңгізу аймағындағы ғылыми зерттеулерді өткізуге арналған заманауи тәсілдерді талқылау. Сондай-ақ ғылыми тағылымдаманың бағдарламасына сәйкес практикалық бағыты ретінде магистарнттарға В.М.Горбатов атындағы ет өнеркәсібінің жалпыресейлік ғылыми-зерттеу институт базасында, наубайхана ғылыми-зерттеу институт базасында, ВНИРО атты балық өнімдерін сертификаттау лабораториясында, «Ирекс» ЖШС-да сырттай сабақ өткізілген. Онда магситранттар өнеркәсіптің жаңа түрлерімен және жұмыс технологиясымен танысқан. Сонымен қатар магистранттар диссертация тақырыбтары бойынша К.Г.Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық унивеситеттің және Мемлекеттік қоғамдық ғылыми-техникалық кітапханаларда ғылыми әдебиеттермен жұмыс атқарған.
Ғылыми тағылымдама аяқталған соң магистарнттарға сертификаттар ұсынған.

Орал Мемлекеттік заңтану университетінде өткен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет магистранттарының ғылыми тағылымдамасы

Орал Мемлекеттік заңтану университетінде өткен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет магистранттарының  ғылыми тағылымдамасы2017 жылдың наурыз айының 12-сінен 19-на дейін «Сыртқы экономикалық және халықаралық құқықтың заманауи аспектілері» атты бағдарлама бойынша «Заңтану» және «Кеден ісі» мамандықтарының магистранттары Орал Мемлекеттік заңтану университетінде (Ресей Федерациясы, Екатеринбург қаласы) ғылыми тағылымдаманы өтті.
Ғылыми тағылымдаманың бағдарламасы сыртқы экономикалық құқықтың дамуының өзекті мәселелерін, халықаралық азаматтық процесстің, ДСҰ құқығының, халықаралық салықтық құқықтың тәжірибесі және Ресей Федерациясының құқықтық жүйесінің жаңғырту нәтижесі бойынша өткізілетін құқықтық реформалар және жаңа механизмдерді еңгізу бойынша жұмыстар ретінде қаралатын басқа тақырыбтар бойынша зерттеулерді көздеген. Сондай-ақ ғылыми тағылымдаманың бағдарламасына сәйкес практикалық бағыты ретінде магистарнттарға Свердлов облысының Арбитражды Соты және Жарғылық Соты базасында сырттай сабақ өткізілген. Осы сабақтың нәтижесінде магистранттар заманауи сот жүйесін және Ресейдің сот ісін жүргізуді зерттеген. Сонымен қатар магистраттар диссертация тақырыбтары бойынша университеттің кітапханасында ғылыми әдебиеттермен жұмыс атқарған.
Ғылыми тағылымдама аяқталған соң магистарнттарға сертификаттар ұсынған.

«Үздік Физик», «Үздік химик» олимпиада

«Үздік Физик», «Үздік химик» олимпиада08.04.2017 жылы «Тауартану және сертификаттау» кафедрасы Қарағанды қалалық мектептердің 11 сынып оқушылары арасында физика және химия пәндерінен олимпиада өткізді. Олимпиадага 117 адам қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 2017-2018 оқу жылына жеңілдікпен жүлде сертификаттары беріледі.

«Банк ісі» кафедрасымен «Жастар арасында құқықбұзушылыққа және деструктивті лаңкестікке қарсы профилактикасы» атты тақырыбында ұйымдастырылған ашық кураторлық сағаты.

«Банк ісі» кафедрасымен «Жастар арасында құқықбұзушылыққа және деструктивті лаңкестікке қарсы профилактикасы» атты тақырыбында ұйымдастырылған ашық кураторлық сағаты.«Банк ісі» кафедрасы 2017 жылдың 6 сәуірінде «Жастар арасында құқықбұзушылыққа және деструктивті лаңкестікке қарсы профилактикасы» атты тақырыбында ашық кураторлық сағатын ұйымдастырды.
Ашық кураторлық сағатқа «Банк ісі» кафедрасының оқытушылары мен студенттері белсене қатысты. Кураторлық сағатқа Қарағанды облысының ІІД экстремизмге қарсы әрекет ету басқармасының қызметкері Коробов Андрея Викторович арнайы шақырылды. Арнайы баяндамасы, бейнероликтері мен презентациялары ұсынылды. Атқарылған іс-шараның мақсаты жастарды экстремизм мен лаңкестікке қарсы профилактика жасау.
Аталмыш іс-шаралар келешекте де ұйымдастырылады.

«Ғаламдық бәсекегеқабілеттілік адам капиталы сапасын жақсарту факторлары ретінде »

«Ғаламдық бәсекегеқабілеттілік адам капиталы сапасын жақсарту факторлары ретінде »ҚҚЭУ «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасы «Ғаламдық бәсекегеқабілеттілік адам капиталы сапасын жақсарту факторлары ретінде » атты эссе жарысын өткізді. Аталмыш жарысқа факультеттің 20-дан астам студенттері қатысып, кафедра оқытушыларымен келесі ең үздік жұмыстар таналынып алды: Тур 12 тобының студенті Ланец К. - 1 орын , Тур-13 с/к тобының студенті Ермек М. - 2 орын, Тур-12 тобының студенті Даутова А. 12 -1 орын, ТПП-22 тобының студенті Абзалбек Ж -3 орын, CP-11к тобының Кеңшілік А. -1 орын, ОПЭК-21к тобының Исаев А. гр. - 2 орын, СР-21к тобының студенті Қанатқызы А. - 3 орын, ОПЭК-21к тобының студенті Ержан М. – 2 орын, CP-11к тобының студенті Жумадилда А. - 3 орын. Барлық қатысқан студенттерді құттықтаймыз және алғыс білдіреміз!

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL