• Blog news

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіндегі өндірістік тәжірибе

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіндегі өндірістік тәжірибе23 қаңтар мен 1 сәуір аралығында «Әлемдік экономика» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттері Нугуманова У. мен Смагулова Ж. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде өндірістік тәжірибеден өтті. Тәжірибенің аздығына қарамастан студенттер ҚҚЭУ-де алған білімдерін жоғары деңгейде пайдалана білді, сол арқылы олар Қазақстан Республикасы мен Ирландия Үкіметтерінің арасындағы Конвенцияға қол қою салтанатына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

«IT-технологиялар саласындағы үздік инновациялық жоба» байқауы

«IT-технологиялар саласындағы үздік инновациялық жоба» байқауы12.05.2017 «Ақпараттық-есептеуіш жүйелері кафедрасы» кәсіби бағыт жұмысы бойынша Қарағанды қаласының орта-кәсіби білім беретін оқу орындарының арасында «IT-технологиялар саласындағы үздік инновациялық жоба» атты байқауын өткізді.
Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер келесі орындарға ие болды:

ҚҚЭУ-дегі Халықаралық студенттер слеті - Жас зерттеушілердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жаһандандыру

ҚҚЭУ-дегі Халықаралық студенттер слеті - Жас зерттеушілердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жаһандандыру2017 жылдың 26-27 сәуірінде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Жаңа ұрпақ. Жаңа энергия. Жаңа дәуір» деп аталатын Халықаралық студенттер слёті өтті. «Жастар. Ғылым. Инновация» сөзі слёттің девизіне айналды.
Слёттің мақсаты: студенттік ғылымды дамыту, талантты жастарды анықтау және қолдау.
Слёттің міндеттері: әртүрлі елдердің студент жастары арасындағы коммуникативтік байланыстарды арттыру; ЖОО-лық инновациялық ортаны жетілдіру; студенттік ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобалар базасын қалыптастыру және кеңейту; ғылыми-зерттеу қызметі, бизнес пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы байланыстарды кеңейту және тереңдету.
Слёттің жұмысы 5 негізгі іс-шараларды қамтыды.
«Қазіргі әлем және жастар: көре білу және дамыту диалектикасы» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияға 400-ден астам студенттер, магистранттар, аспиранттар мен докторанттар қатысты.
ТМД елдерінен және алыс шетелден 40 мақала қарауға қабылданды. Пленарық мәжілісте Қазақстанның, Ресейдің, Италияның, Беларусияның өкілдері қатысты. Әртүрлі ғылыми бағыттар бойынша 6 шағын секциялар мен 7 секция жұмыс жасады.
Әрбір секциялар мен шағын секциялар шеңберлерінде үздік баяндамашылар анықталып, бірінші, екінші және үшінші дәрежедегі дипломдар, сондай-ақ: «Үздік шешен», «Үздік таныстырылым», «Үздік дәлелдеме», «Жаңа топшылау», «Құзыреттілік және креативтілік» бес номинациялары бойынша дипломдар тапсырылды. Қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинақтары: бірінші том баспа форматта (көлемі 310 бет), екінші том электрондық форматта (көлемі 700 бет) дайындалды.

Attachments:
Download this file (Слет.pptx)Слет.pptx17462 kB

Қазақстан халықтары Ассамблеясы достығы үйінде өткен сабақ

Қазақстан халықтары Ассамблеясы достығы үйінде өткен сабақ2017 жылы 4 мамырда аға оқытушылар Байгожина Г.М. мен Шукушева Е.В. МО-31, МО-32 топтарымен бірге «Этносаралық қатынастар мен сепаратизм» пәнінің шеңберінде Қазақстан халықтары Ассамблеясы достығы үйіне барды. Бүгінде біздің облыста 74 этномәдени бірлестіктер қызмет жасап, біртұтас үлкен жанұяға – Қазақстан халықтарының Ассамблеясына бірігіп отыр. Студенттер аталмыш ұйымның қызметімен танысып, облыста тұрып жатқан ұлттардың тарихы және мәдениетімен танысты.

Тақырып: Ұлы Отан соғысының 72 жылдығы

Тақырып: Ұлы Отан соғысының 72 жылдығы 4 мамыр 2017ж. ӘЖ және ӘСП кафедрасының оқытушылары Жеңіс күнінің 72 жылдығына «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Қазақстан» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға бағытталған. Жеңіс күні - ұлыстың ұлы күні, халықтық мереке, оның тарихи маңызы ерекше.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL