Жақында, Есеп-қаржы факултетінің Студенттік кеңес ұйымдастырған "дари добро" атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкенің басты мақсаты - балалар үйіне көмектесу үшін ақша қаражаттарын жинау. Жәрмеңкеде Студенттік кеңестің мүшелерімен дайындалған дәмді тағамдары сатылды. Жиналған ақшаға, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық балалар үйіне сыйлықтар сатып алу үшін пайдаланылды. Кеште ойын-сауық бағдарламасы өтті және балаларға сыйлықтар табыс етілді .Балалар бізді сүйіспеншілікпен қабылдады. Кеш барысында әңгімелестік, ойнап, күліп, ән айтып, би биледік. Осы қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысқандардың барлығына үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Жақсылық жасаңыз, ол сізге оралады ...!
2018 жылдың 3 наурыз күні Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің кітапханасында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жоба жеңімпазы, Қарағанды облысының өкілі, Сергей Анмен кездесу өтті. Кездесу Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы бойынша әсіресе жастар, біздің жерлестеріміздің арасында, өзінің ақылымен, қолымен және талантымен тәуелсіздік жылдар бойы және қазіргі заманғы Қазақстан республикасының дамуына үлес қосқан көпшілікке тарату мақсатымен түсіндіру жұмыстардың аясында жүргізілді. Сергей Валентинович Ан - қалалық мәслихаттың үш шақырылымының депутаты, NOMAD MMA жеке стилінің негізін қалаушы, жаттықтырушы. Оның барлық өмірі өсіп келе жатқан ұрпақты спорт арқылы тәрбиелеуге арналды . Ұлттық жобасының қатысушы жастарға патриотизм, тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесі туралы әнгімеледі.
Ағымдағы жылдың 28 ақпан Алғыс айту күні аясында Әлеуметтік жұмыстар және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында «Мың тағдыр – бір халық» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды облысы әкімінің аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Д.Б. Малаев, «Полония» Қарағанды облыстық поляк қоғамының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі В.А. Хмелевский, әлеуметтік жобаларды үйлестіруші, «Видергебург» неміс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Л.А. Голуцкая белсене қатысты. Сондай-ақ жылы шырайлы жағдайда өткен дөңгелек үстел барысында Қарағанды экономикалық университетінің студенттері Сахатаева Назым, Цой Татьяна, Ержан Мақпал, Токарева Вероникалар да баяндама жасап, өздерінің өлеңдерін оқыды. Алғыс айту күнінің басты мәні – тарихи жадыны сақтау, ұрпақ сабақтастығы мен іргесі берік негіздегі ел бірлігін нығайту болып саналады.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде жобаларды дамыту негіздері бойынша студенттер мен магистранттарға арналған семинарлар мен дәрістер өткізіледі. Біздің университет стартап-жобаларды іздеу, жинау және дамытуға бағытталған. Стартап жобаларды жүзеге асыру барысында ҚММ «Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы «Қарағанды облысы Жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасы» директоры Құрмансеит Ақжол Ахатұлы «Ғылыми әдістердің иделардан стартап-жобалардың жүзеге асырылуына дейін қолданылулары» тақырыбына дәріс өткізді. Қандай да бір жоба сияқты стартап жобалар да идеялардан басталады. Өз дәрісінде Құрмансеит Ақжол Ахатұлы тұтынушы мен инвесторларды қызықтыратын идеяларды жүзеге асырып, өнімді қалай құруға болатынын атап өтті. Университет тарапынан дәрісте оқытушылар, қызметкерлер, студенттер мен магистранттар қатысты. Дірс барысында қатысушылар стартап-жобалар шарттарымен танысты, сонымен қатар Қазақстанда стартап-жобаларды қолдаушы бағдарламалармен таныстырды. Сонымен қатар студенттер стартап-дәрістерге әзірлеу олимпиадаларға және конкурстарға Қазақстанның инновациялық жобаларды жыл сайын қатысады.
Enactus ҚҚЭУ командасы 2018 жылдың 23-24 ақпандаАстана қаласында өткен Жастаркәсіпкерлікфорумына және «Стратегия және Enactus командасынжоспарлау» аттыреспубликалықтренингкеқатысты. Қызықты тренингтер тыңдап, табысты кәсіпкерлермен және бизнесмендермен кездестік. Форумға Қазақстанның 28 жоғарғы оқу орны қатысты. Enactus ҚҚЭУ командасы кәсіпкерлік және топтық қалыптастыру саласында тәжірибе алып, сонымен қатар басқа командалардан көптеген эмоциялар мен энергия алды. Спикерлермен қызықты әңгімелесулер мен талқылаулар болды, және командалардың табысты жетілулері үшін кеңестер мен нұсқаулықтар берілді. ҚҚЭУ ректорына Форумға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреміз.