• Blog news

"СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ХАЛЫҚТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ " ҒЫЛЫМИ СЕМИНАРЫ

"СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ХАЛЫҚТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ " ҒЫЛЫМИ СЕМИНАРЫ2018 жылдың 15 наурызда "Экология және бағалау" кафедрасы "Су ресурстарын тиімді пайдалану үшін халықтың экологиялық мәдениет деңгейін арттыру" тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Баяндама және презентация тақырыбы: «Рациональное использование водных ресурсов Казахстана», «Жасыл Экономика», «Су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері» баяндама жасағандар: Симбирцева Екатерина Эко-12 тобы, Амантай Айымбек Эко-11к тобы, Аманжанова Саягул, Бейсембаева Айгерим Эко11к тобы студенті.

Жатақханардағы әуендік кештер

Жатақханардағы әуендік кештер2018 жылдың 15 наурыз күндері №1 және №3 жатақханада «Жоғары математика» кафедрасының кезекші оқытушылары студенттерге әуендік кеш ұйымдастырды.
Кеште студенттер әртүрлі бағыттағы туындыларды гитарамен орындап, коллективті орындау өткізілді.

«Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» тақырыбындағы дөңгелек үстелАғымдағы жылдың 13 наурызында Әлеуметтік жұмыстар және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің жұмысына кафедраның спикерлері М.Ш. Әбдіәкімова, М.В. Клишина, Г.Р. Сейфуллина, М.П. Малкин қатысты.
Дөңгелек үстел тақырыбы студенттердің үлкен қызығушылығын туғызып, мәселені талқылауға белсене қатысты. Спикерлерге түрлі сұрақтар қойды.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Кәсіптік бағдар беру жұмысы2018 жылдың 3 наурызында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика және басқару факультеті «Harry Potter» quest ойын форматында 10, 11 сыныптың жалпы білім беретін оқу орындары мен колледж оқушыларына арналған ашық есік күні өткізді.

Есеп-қаржы факультетінің Ашық есіктер күні

Есеп-қаржы факультетінің Ашық есіктер күні2018 жылдың 28 ақпан күні Есеп-қаржы факультетінің оқытушылары мен волонтерлері «Ашық есіктер күнін» квест-ойын түрінде өткізді. Квест-ойында Қарағанды облысы мен қаласының орта оқу орындары мен колледждерінің 211 оқушылары қатысты. Оқушылардың алдында ЕҚФ деканы, э.ғ.к., доцент Серикова Г.С., ЖДД бас маманы Ивадилинова Л.Х., Студенттік кеңестің төрағасы Мухаметжанова Ж., «БЦК» АҚ ҚФ директорының орынбасары Дюсенов Р.К. сөз сөйледі, ұйымдастырушылар Студенттер мәдениет сарайында кішігірім концерттік бағдарлама дайындады.
Квест-ойын барлық университет бойынша орналасқан 10 стансадан тұратын маршрут түрінде ұйымдастырылды, әрбір стансада қатысушыларға тапсырмаларды орындау керек болды, әр тапсырмаға сәйкес балдар берілді. Қатысушылар жылдамдылық, ептілік және дәлдікке жарысты. Ойынның қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей болды:
1 орын – ЖББОМ №76, ЖББОМ №58;
2 орын – КТТК, КВПК, СОШ №6;
3 орын – СОШ №5, СОШ №83, гимназия №5.
Барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін мадақтама қағаздары берілді, ал жеңімпазға және жүлдегерлерге – алған орындары үшін дипломдар және сыйлықтар табысталды.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL