• Blog news

23-28 қыркүйек аралығында Еуразия халықтары Ассамблеясы «Еуразияның жаңа ұрпағы» Ыстықкөл халықаралық жастар форумын өткізді.

23-28 қыркүйек аралығында Еуразия халықтары Ассамблеясы «Еуразияның жаңа ұрпағы» Ыстықкөл халықаралық жастар форумын өткізді.Форум бағдарламасына мектептердегі бейбітшілік сабақтары, дөңгелек үстелдер, дәрістер, шеберлік сыныптары, спорттық және мәдени бағдарламалар кірді.
Форумға 100-ден астам адам қатысты, олардың көпшілігі - түрлі қоғамдық ұйымдардың жастар қанатының өкілдері, студенттер мен халықаралық қатынастар және қоғамдық дипломатия саласындағы жас мамандар, гуманитарлық жобалардың авторлары. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің атынан экономика және менеджмент факультетінің студенттері Мұсабекова Дилара (МН-18-4с тобы) және Иманғалиев Ақылбек (Э-18-3с тобы) қатысты.
Ұйымдастырушылар: Қырғыз Республикасы Үкіметінің қолдауымен Еуразиялық халықтар ассамблеясы және Қырғызстан халқы ассамблеясы.

Халықаралық (кафедралық) студенттік конференция "Жас зерттеушілер форумы"»

Халықаралық (кафедралық) студенттік конференция "Жас зерттеушілер форумы"»

2019 жылдың 16 қазанында Маркетинг және логистика кафедрасы жыл сайынғы «Жас зерттеушілер форумы» атты халықаралық (кафедралық) студенттер конференциясын өткізді. Оған Уфа, Екатеринбург, Көкшетау, Алматы, Теміртау, Астана, Тараз және Қарағанды студенттері мен магистранттары қатысты.
Конференция келесі бағыттар бойынша экономиканың түрлі салаларындағы өзекті мәселелерді қарастырды:
1Цифрлық экономикадағы заманауи бизнестің дамуы;
2Цифрландыру дәуіріндегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жаңғыртылуы;
3Қазақстандағы қызмет көрсету нарығының дамуына инновациялық көзқарас;
4«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың құқықтық аспектілері.
Конференция материалдары бойынша ISBN берілетін электронды жинақ құрастырылады.

«Достық» коворкинг орталығы» Технологиялық бизнес-инкубаторы «Жетістікке 5 қадам» бизнес-тренингін өткізді

«Достық» коворкинг орталығы» Технологиялық бизнес-инкубаторы «Жетістікке 5 қадам» бизнес-тренингін өткізді

2019 жылдың 16 қазанында «Достық» коворкинг орталығы» Технологиялық бизнес-инкубаторы «Атамекен» ҰКП бизнес-жаттықтырушысы, «Go Sauda», «Go travel», «International mentors group» компанияларының негізін қалаушы А. Е. Жартыбаевпен «Жетістікке 5 қадам» бизнес-тренингін өткізді.
Көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер студенттерге кәсіпті қалай ашу және оны одан әрі қарай дамыту жолдарын баяндап берді. Сондай-ақ, ол тыңдаушыларға жаңа кәсіпкерлердің бастапқы кездегі қиындықтары туралы айтты.
Талқылауға студенттер қызығушылықпен араласты. Олар кәсіпкерлікпен айналысуға байланысты туындайтын барлық мәселелер және оны айналып өту жолдары туралы сұрақтар қойып, жауаптармен қанағаттандырылды.

Мамандықты дұрыс таңдау – жарқынды болашақтың кепілі.

Мамандықты дұрыс таңдау – жарқынды болашақтың кепілі.

ҚҚЭУ оқытушылар Исанов А. С., Юсупов М. Т., Минжанов М. Н. және студент-волонтерлар Абай қаласы мектеп түлектері үшін ауқымды кәсібибағдарлық жұмыс жүргізді.
Абай ауданы әрқашан да өзінің ғылыми жетістіктерімен қатар, спорттық жетістіктерімен де танымал. Олардың ішінде Сапиев Серік, Жүсіпов Абылайхан, Маскаев Олег, Рагозина Наталья және т.б. әлем біріншіліктері мен олимпиадаларының чемпиондары мен жүлдегерлерін атап өтуге болады.
Жыл сайын Абай ауданынан біздің ҚҚЭУ-не түсушілер саны артып келеді. Бұған соңғы 5 жылдағы статистикалық деректері куә. Бұған белгілі бір дәйектемелер бар.
Кәсіптік бағдар беру жиналысы Абай "Білім беру бөлімінде" өтті.
Түлектерге бейне-роликтер көрсетіліп, біздің оқу-орны туралы ақпараттық буклеттер таратылды және сауалнама толтырылды. Сонымен қатар түлектерге ойындар ұйымдастырылды.

ҚЭУ студенттері Startup Weekend 2019 жеңімпаздарының қатарында

ҚЭУ студенттері Startup Weekend 2019 жеңімпаздарының қатарында

2019 жылғы 12-13 қазанда АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Назарбаев Университетімен бірге Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында TECH CENTRAL ASIA бағдарламасы аясында StartUp Weekend 2019 стартап жобалары байқауын ұйымдастырды.
TECH CENTRAL ASIA Орталық Азиядағы стартаптарды дамыту бағдарламасы тұрақты бизнес құруға және оны әрі қарай дамытуға мүдделі кәсіпкерлерге, студенттерге, инноваторлар мен өнертапқыштарға өз стартаптарын ашуға көмектесуге бағытталған.
Байқаудың негізгі мақсаты студенттерге бизнесті қалай құруға және жүргізуге, халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндіктерін табуға үйрету болып табылды.
Іс-шараға 26 командадан тұратын Қарағанды облысының жоғары оқу орындарынан 100-ден астам қатысушы қатысты. Ақтық сынға 9 студенттік команда өтті, олардың ішінде біздің университеттің командалары да болды. ВТ-31 тобының студенттері Бөлекбаева Жібек пен Мырзатаев Бексултанның жобалары жеңімпаздар қатарынан табылды. Оларға Назарбаев Университетінің екі айлық жеделдету бағдарламасынан өтіп, Нұр Сұлтан қаласындағы Demo Day іс-шарасына қатысу мүмкіндігі берілді.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL