• Blog news

«Магистратура бағдарламасы бойынша экономика және басқару факультетінде имидждік презентация өткізу»

«Магистратура бағдарламасы бойынша экономика және басқару факультетінде имидждік презентация өткізу»

2019 жылы 30 қазанда жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті экономика және басқару факультетінің бакалавриат студенттері үшін Қазтұтынуодағының Қарағанды Экономикалық Университетінің магистратурасында кәсіби бағдар беру және одан әрі оқуға қатысты имидждік презентация өткізді.
Студенттерге магистратураға түсу мәселелері, кешенді тестілеуді тапсыру туралы ақпарат берілді, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы білім беру бағдарламалары бойынша материалдар ұсынылды.

20-23 қазан аралығында Мәскеуде «Жас ғалымдар!» Ресей-Қазақстан жастар форумы өтті.

20-23 қазан аралығында Мәскеуде «Жас ғалымдар!» Ресей-Қазақстан жастар форумы өтті.Форумның негізгі міндеттері:
- Ресей мен Қазақстан Республикасының оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту;
- ғылыми салада бірлескен ресейлік-қазақстандық жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін жағдай жасау;
- халықтардың достығын, өзара іс-қимылы мен өзара түсінушілігін қолдау және нығайту.
Форумның бағдарламасына пікірсайыс алаңдары бар білім беру бағдарламасы кірді, оның барысында ресейлік және қазақстандық жастардың өкілдері жұмыс тәжірибесімен, ғылыми зерттеулермен алмасты, сондай-ақ екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асырудың негізін қалады.
Қатысушылар категориялары:
- Ресей және Қазақстан университеттерінің студенттері;
- аспиранттар мен 35 жасқа дейінгі жас оқытушылар.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің атынан Экономика және менеджмент факультетінің студенттері Мұсабекова Дилаар (MН-18-4с тобы) және Иманғалиев Ақылбек (Э-18-3с тобы) қатысты.

«Көмекке қатты мұқтаждығы бар балаларға әлеуметтік қызмет көрсету» тақырыбындағы көшпелі сабақ

«Көмекке қатты мұқтаждығы бар балаларға әлеуметтік қызмет көрсету» тақырыбындағы көшпелі сабақ«Даму» оқу-ғылыми-өндірістік кешенінің мүшесі, «Видергебурт» ҰО ҚОО әлеуметтік жұмыс жөніндегі үйлестірушісі Л. А. Галуцкая «Лучик надежды» ОБФ күндізгі болу орталығы базасында «Ммүгедектермен әлеуметтік жұмыс» пәні бойынша көшпелі сабақ өткізді. Орталық директоры Т.И. Кравченко СР-33с, СР-42, СР-32с/к академиялық топтарының студенттерін психикалық денсаулықты қорғау және көмек көрсету қызметінің үлгілерімен, ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік-психологиялық бейімдеу және олардың қоғамға кірігуінің ерекшеліктерімен таныстырды, сондай-ақ Қазақстандағы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғыртудағы ҮЕҰ мен ҚБ ерекше рөлін ашты.

«Қайырымдылық және волонтерлік қызмет тәжірибесі» тақырыбындағы көшпелі сабақ

«Қайырымдылық және волонтерлік қызмет тәжірибесі» тақырыбындағы көшпелі сабақ«Даму» оқу-ғылыми-өндірістік кешенінің мүшесі, «Видергебурт» ҰО ҚОО әлеуметтік жұмыс бойынша үйлестірушісі Л. А. Галуцкая «Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс» пәні бойынша Қызыл Жарты Ай Қарағанды филиалының базасында көшпелі сабақ өткізді. Сабақ барысында СР-33с, СР-42, СР-32с/к академиялық топтарының студенттері қайырымдылық ұйымының қызметтері мен ерекшеліктерімен, қайырымдылық және волонтерлік қызметтің нысандары мен тетіктерімен танысты, алғашқы медициналық және әлеуметтік көмек көрсетудің әдістері мен құралдарын зерттеді.

Интеллектуалды ойын «Мен маркетологпын»

Интеллектуалды ойын «Мен маркетологпын»

"Маркетинг және логистика" кафедрасы Қарағанды қаласының мектеп және колледж оқушылары үшін "Мен маркетологпын" атты интеллектуалды ойын өткізді.
Қызықты сайыстардың бірі «Тауар және қызмет көрсету» Онда өнім мен тауар туралы презентация, оның артықшылықтары, өнімнің баға-сапа қатынасын және оны Қазақстан нарығына енгізу мүмкіндігі көрсетілген.
«Жарнама роликті тап» шығармашылық ойында бойынша № 5 орта мектеп пен банк колледжінің оқушылары жеңімпаз атанды.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL