ҚҰРМЕТТІ ҰБТ-ға ҚАТЫСУШЫЛАР!
Талапкерлерді жоғарғы оқу орнына қабылдау сапасын жақсарту мақсатында 2022 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде «ҚҰҚЫҚ» білім беру саласы бойынша шекті балдың өзгергені туралы хабарлаймыз.
⚖️Енді «Құқық» мамандығы бойынша оқуға қабылдану үшін кемінде 75 балл жинау қажет.
❗МАҢЫЗДЫ: Қалған білім беру салалары бойынша шекті балл деңгейі өзгеріссіз қалады. Атап айтқанда,
🔹«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл,
🔹«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл,
🔹«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл.
🖌️P.S: Ұлттық ЖОО-ларға – кемінде 65 балл, ал басқа ЖОО-ларға – кемінде 50 балл.
ӘР ПӘН БОЙЫНША ШЕКТІ БАЛЛ – 5 балл.