АҚ Eurasian Foods " түлектерімізді жұмысқа шақырады

АҚ Eurasian Foods " түлектерімізді жұмысқа шақырады

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті аймақтың ірі өнеркәсіптік компанияларымен тығыз байланыста. 2021 жылғы 2 желтоқсанда ЖОО-да "Eurasian Foods Corporation" холдингінің құрамына кіретін АҚ "Eurasian Foods" компаниясы өкілдерімен кездесуі өтті. "Eurasian Foods Corporation" холдингі - Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің тамақ өнеркәсібінің жетекші және маңызды кәсіпорындарының бірі. Ең жоғары әлемдік стандарттарға жауап беретін, өндіріс көлемі жылына 150 000 тоннадан асатын май өнімдерін өндірушілері арасында республиканың танылған көшбасшысы. Холдинг Қазақстан Республикасының тамақ өнеркәсібінің үш ірі кәсіпорнынан тұрады: АҚ "Eurasian Foods Corporation", Алматы қ., АҚ "Eurasian Foods", Қарағанды қ. және ЖШС "Евразиан Милк", Петропавл қ. "Eurasian Foods Corporation" холдингінің жұмысының басты қағидалары, өнім сапасын тұтынушының ықыласына бағдарлап тұрақты түрде арттыру және оны өндірудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Холдинг кәсіпорындарында шикізатын алудан бастап дайын өнім шығаруға дейін өндірістің барлық кезеңдерінде сапа мен қауіпсіздікке тұрақты бақылау жүргізіледі. Ол үшін зауыттарда аттестатталған физика-химиялық және микробиологиялық зертханалар құрылып, табысты жұмыс істеуде. Зертханаларда заманауи жабдықтармен орналастырылып, тамақ қауіпсіздігінің менеджмент жүйесі енгізілген. Дәл осы зертханалар үшін қызметкерлерді Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің "Азық-түлік өнімдер технологиясы" білім беру бағдарламасының бітіруші курс студенттері арасында Қарағанды зауытының өкілдері іріктеп алды.
АҚ "Eurasian Foods" инновациялық технологиялық зертханасының меңгерушісі Фунт Оксана, компания қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді. Компания және өзінің зертханасы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды атап өтіп, қажетті дағдылар мен құзыреттерді белгілеп қана қоймай, сонымен қоса, студенттердің әлеуметтік кепілдіктер, персоналды жалдау рәсімі туралы сұрақтарына жауап берді. Мүдделі тұлғалар арасында үміткерлерді алдын ала конкурстық іріктеу өткізді.
Нәтижелерді асыға күтеміз және біздің түлектер болашақта осы компанияның жаңа лайықты өкілдері бола алады деп үміттенеміз!

 

АҚ Eurasian Foods " түлектерімізді жұмысқа шақырады АҚ Eurasian Foods " түлектерімізді жұмысқа шақырады АҚ Eurasian Foods " түлектерімізді жұмысқа шақырады
 АҚ Eurasian Foods " түлектерімізді жұмысқа шақырады АҚ Eurasian Foods " түлектерімізді жұмысқа шақырады  АҚ Eurasian Foods " түлектерімізді жұмысқа шақырады
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL