«Рухани жаңғыру – ұлттық сана қалыптастырудың кепілі» СЕМИНАРЫ
08.12.2020 жылы сағат 12.00-де Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен онлайн форматта «Рухани жаңғыру – ұлттық сана қалыптастырудың кепілі» тақырыбында аймақтық ғылыми семинар өткізілді.
Ғылыми семинардың мақсаты: Елімізде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан іс-шараларға қомақты түрде үн қосу болып табылады.
Семинар қонақтары:
1. Ш.Уалиханов атындағы КМУ профессоры, ф.ғ.к С.Н.Жәмбек;
2. Ш.Уалиханов атындағы КМУ оқытушысы, ф.ғ.к Қажыбай А.Т.
3. Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Кенжебек А.Х.
4. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ доценті Ахметжанова Ж.Б.
5. Балхаш қаласындағы «Балқаш Сервис колледжі» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, магистр Тойғанбаева А.М.
6. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ӘЖжҚХА кафедрасының оқытушысы, магистр Қызылов Н.Т. және кафедра оқытушылары мен университет студенттері.
Ғылыми семинарда «Ұлттық таным және ұлттық сана» (Қарағанды экономикалық университеті, қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының доценті Ақатаева Ш.Б.), «Абай поэзиясы және ұлттық идея» (Ш.Уалиханов атындағы КМУ профессоры, ф.ғ.к С.Н.Жәмбек), «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» (Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы А.Х.Кенжебек), «Қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті» (Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының оқытушысы, магистр Қызылов Н.Т.), «Алаш идеясы және тәуелсіздік рухы» (Қарағанды экономикалық университеті, қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының доценті Топашов М.А.) тақырыбында баяндамалар жасалды.
Баяндамалар барысында Абай шығармаларындағы ұлттық идея, ұлттық мүдде, қоғамның болашағын айқындайтын, елдің мүддесінің сақталуына ықпал ететін ұлттық мінез, қоғамдық сана туралы айтылды.
Семинар барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылды, пікірталас болды, семинар өз мақсатына жетті.