«Этноконфессиялық қатынас: толеранттылық мәдениетін қалыптастыру тәжірибесі» атты республикалық дөңгелек үстел

«Этноконфессиялық қатынас: толеранттылық мәдениетін қалыптастыру тәжірибесі» атты республикалық дөңгелек үстел09 қараша 2020 жылы ҚҚЭУ-нің бизнес, құқық және технология факультетінің «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафдрасының ұйымдастыруымен фашизм, расизм, антисемитизмге қарсы халықаралық күніне орай «Этноконфессиялық қатынас: толеранттылық мәдениетін қалыптастыру тәжірибесі» атты республикалық дөңгелек үстел ұйымдастырылған болатын. Дөңгелек үстелдің салтанатты ашылуын алғы сөзбен кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Абдакимова М.К. ашып және «Мәдениетаралық толеранттылық мәдениетті қалыптастыру ретінде» атты баяндамасымен қонақтар мен қатысушы студент, магстрантарды таныстырып өткен болатын (Интеркультурность как основа формирования культуры толерантности).
Республикалық дөңгелек үстел қонақтары мен қатысушылары:
Дүйсенбаева Альбина Курахбаевна, Нұр-Мүбарак Египет Ислам университетінің «Дінтану» кафедрасының доценті м.а., PhD доктор. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық толеранттылық мәселесі».
Балосыбаева Айнұр Қанапиева, Қ. Жубанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «ҚХА және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі. Тақырып атауы: «Экстремизмнің феминизациясы әлеуметтік феномен ретінде».
Балпанов Нұрлан Мұхаметқалиұлы, Аблай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Халықаралық байланыстар» кафедрасының аға оқытушысы, «Дінтану» мамандығының PhD докторы. Тақырыбы: «Этноконфессиялық қатынас: толеранттылық мәдениетін қалыптастыру тәжірибесі».

Республикалық дөңгелек үстелдің модераторы Тутинова Н.Е. «Дінтану» мамандығының PhD докторы. Баяндама тақырыбы: «Қазақстандағы қазіргі діни ахуал: дін мен мемлекеттің арақатынасы».

Республикалық дөңгелек үстелдің қатысушылары ҚҚЭУ-нің «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер және магистранттар.

 

«Этноконфессиялық қатынас: толеранттылық мәдениетін қалыптастыру тәжірибесі» атты республикалық дөңгелек үстел «Этноконфессиялық қатынас: толеранттылық мәдениетін қалыптастыру тәжірибесі» атты республикалық дөңгелек үстел «Этноконфессиялық қатынас: толеранттылық мәдениетін қалыптастыру тәжірибесі» атты республикалық дөңгелек үстел
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL