ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАР САЯСАТЫ

МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫ

 Студенттердің дәстүрлі (офлайн) оқыту форматына көшуіне байланысты студенттік ортада Covid-19 коронавирусына қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мәселесі ерекше өзектілікке ие.

ЖОО деректеріне сәйкес Қарағанды облысында 4 мыңға жуық оқытушы мен қызметкер, 11 мыңнан астам студент пен магистрант вакцина қабылдады. Оқу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету және студенттердің денсаулығын сақтау мақсатында осы бағыттағы ақпараттық-ағартушылық жұмысты жандандыру жоспарлануда.

18 тамызда облыстың студенттік ұйымдары көшбасшыларының брифингі өткізілді. Спикерлер өз сөздерінде - студенттер қоғамдастығы офлайн оқыту форматына көшу туралы жаңалықты ерекше қуанышпен қабылдағанын айтты.

Студенттік орта көшбасшылары дәстүрлі оқыту форматының ұзақ мерзімділігі мен тұрақтылығы карантин шараларын сақтауға және әркімнің жеке жауапкершілігін білдіруге байланысты екенін атап өтті. Оқу аудиторияларында, жатақханаларда және басқа да адамдар көп жиналатын жерлерде жұқтыру қаупін азайту үшін спикерлер вакцина алғандардың жоғары үлесін қамтамасыз ету маңызды деп санайды.

Брифинг аясында #MaxVax жастар акциясы бастау алды. Іс-шараның мақсаты - студент жастардың вакцинация туралы ақпараттану деңгейін арттыру. Акция барысында ЖОО базасында мобильді вакцинация пункттерінің жұмысын ұйымдастыру, әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу және ЖОО-ның вакцина алған студенттері арасында #MaxVaxBox ұтыс ойыны жоспарлануда.

Брифинг соңында студенттік ұйымдардың көшбасшылары облыс жастарына үндеу жолдады.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL