Бірінші кезекте, мынадай мәліметтер жайлы хабарласаңыздар:
- Республикалық мемлекеттік басқару органдарында (ҚР Президентінің Аппараты, ҚР Министрлер кабинеті, салалық Министрліктер, күштік құрылымдар және т.б.) жұмыс істейтін, басшылар мен қызметкерлер туралы
- облыстық мемлекеттік басқару құрылымдары мен салалық ведомстволардың (Әкімдіктердің, Департаменттердің, бөлімдердің және т.б.) басшылары және жетекші қызметкерлері туралы
- ҚР Парламентінің (Мәжілістің, Сенаттың), қалалар мен облыстардың депутаттары болған, Қазақстан Республикасының (жақын және алыс шетелдердегі), қоғамдық ұйымдардың және т.б. көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері туралы
- ірі мемлекеттік холдингтердің, кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың басшылары мен көрнекті қызметкерлері (Президенттері, вице-президенттері, департаменттер директорлары, бас директорлары, директорлары және т.б.) туралы
- Қазақстан Республикасы мен өзге елдердің білім беру жүйелерінің басшылары мен көрнекті қызметкерлері (ҚР БҒМ қызметкерлері, ЖОО-лардың, колледжердің, ҒЗИ-дың, жеке меншік оқу орындарының басшылары, кафедралар меңгерушілері, ғылым докторлары, профессорлары) туралы
- Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері тұтыну кооперациялары жүйелерінің (Қазтұтынуодағы, Облыстық тұтынушылар одақтарының кәсіпорындары мен оқу орындарының) басшылары мен жауапты қызметкерлері туралы
- жеке меншік коммерциялық құрылымдардың меншік иелері мен басшылары (құрылтайшылары, директорлары, АҚ төрағалары, департаменттердің басшылары және т.б.) туралы
- жоғары оқу орнына әр жылдары елеулі қаржылық, материалдық қолдау көрсеткен, университетті бітірген түлектер арасынан шыққан меценаттар мен демеушілер туралы
- өз университетінің 50-жылдығына келгісі келетін, Қазақстанда, шетелде тұратын және жұмыс жасайтын түлектер туралы
|
Сондай-ақ:
- студенттік өмірдегі және жұмыстағы қызықты оқиғалар тарихын;
- тарихи құндылығы бар фотосуреттерді салып жіберулеріңізді сұраймыз.
Құрметті түлектер, түлектердің деректері, олардың мекен жайлары мен телефондары туралы университеттің ұйымдастыру комитетіне ақпарат беріп, университеттің мерейтойлық іс-шараларына қатысқыларыңыз келетіні туралы хабарлауларыңызды сұраймыз.
Барлық ақпаратты мына мекен жайға жіберуге болады:
факс: 8 (7212) 44 16 32
Улақов Сайран Нұрсұлтанұлы
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.,
телефон: 8 701 3838 910
Суиндыков Женисбек Суиндыкович
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.,
телефон: 8 701 349 3026 |