Хабарландыру!
Хабарландыру!
Студенттердің назарына!
«Инновациялар және IT шешімдер орталығының» оқиғалар күнтізбесі
"ЖОО үздік оқытушысы - 2023" конкурсының бірінші университеттік кезеңі басталды
Хабарландыру!
Хабарландыру!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2023» конкурсын өткізу туралы хабарлайды
Конкурстың бірінші (ЖОО ішіндегі) кезеңі 2023 жылғы 1 қарашада басталып, 2023 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады.
Конкурстың екінші кезеңі 2023 жылғы 17 қарашада басталып, 2023 жылғы 15 желтоқсанға дейін жалғасады.
«ЖОО - ның үздік оқытушысы» конкурсын өткізу туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген. Бұдан басқа, жоғарыда аталған конкурстың жеңімпаздары мен «Үздік ғылыми қызметкер» атағының иегерлері аталған конкурсқа соңғы он жыл ішінде қатыспайды.
«ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру Ережесі https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010506
Конкурстың бірінші кезеңі 2023 жылғы 1 қарашада басталып, 2023 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады.
Конкурстың бірінші кезеңіне қатысу үшін жоғары оқу орындарының штаттық оқытушылары қатарынан кандидаттар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы (universitycontest.iac.kz) келесі құжаттарды береді:
1) осы Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу туралы өтініштің үлгісі https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010506#z78 ;
2) осы Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010506#z126 (нақты күндері бар позициялардан басқа, соңғы 5 жылдағы деректер) сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша деректер;
3) осы Ережелерге 3-қосымшаға сәйкес https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010506#z638 жылдық жұмыс кестесі;
4) кадрлық есепке алу парағы;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Конкурстың бірінші кезеңіне апелляцияны қабылдау 2023 жылғы 11-15 қараша аралығында өтеді.
Конкурстың екінші кезеңі 2023 жылғы 17 қарашада басталып, 2023 жылғы 15 желтоқсанға дейін жалғасады