Әлеуметтік жұмыс бойынша Республикалық студенттік олимпиада – 2026
2026 жылғы 17 сәуірде Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде 6В11404 «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Ұйымдастырушылар – «Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы.
Олимпиадаға Қазақстан Республикасының келесі жоғары оқу орындарының командалары қатысты: Есіл университеті, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті.
Олимпиада әлеуметтік жұмыс саласындағы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, тәжірибе алмасуға және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық идеяларды ұсынуға арналған маңызды алаңға айналды. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, аналитикалық ойлау қабілетін және практикалық кейстерді шешу мен әлеуметтік жобаларды әзірлеу дағдыларын көрсетті.
Олимпиада бағдарламасы екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең жеке форматта өтіп, әлеуметтік жұмыс саласындағы практикалық кейстерді шешуге арналды. Екінші кезең «Social Project» атты командалық әлеуметтік стартап-жобалар байқауы болып, қатысушылар цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып әлеуметтік мәселелердің инновациялық шешімдерін ұсынды.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеке есепте:
— I орын: Казтаева Альбина Нұрболқызы (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті)
— II орын: Жолды Алина Бауыржанқызы (Есіл университеті), Сабирова Улхия Өмірзаққызы (М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті)
— III орын: Муса Балнұр Бауыржанқызы (Есіл университеті), Бақбергенқызы Нұрайна (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті), Сүндетбай Фарида Асқарқызы (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті)
Командалық есепте жеңімпаздар:
— I орын: Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің командасы
— II орын: Есіл университеті және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің командалары
— III орын: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің командалары
Барлық қатысушыларға тиісті дәрежедегі дипломдар берілді. Команда жетекшілеріне студенттерді дайындауға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыс етілді.
Олимпиада жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, кәсіби мамандар даярлау сапасын арттыруға және дарынды студент жастарды қолдауға ықпал етті. Іс-шара жоғары ғылыми-ұйымдастырушылық деңгейде, кәсіби өзара әрекет пен академиялық тәжірибе алмасу атмосферасында өтті.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және қатысушыларға белсенді қатысқандары мен жоғары дайындық деңгейі үшін алғыс білдіреміз!





