Дүниежүзілік экономика бойынша XVIII Республикалық олимпиада және World Talent стартап-жобалар байқауы

Дүниежүзілік экономика бойынша XVIII Республикалық олимпиада және World Talent стартап-жобалар байқауы

2026 жылғы 10 сәуірде Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің базасында «Дүниежүзілік экономика» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық студенттік олимпиада және World Talent стартап-жобалар байқауы өтті.

Іс-шара Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының студенттерін біріктіріп, дүниежүзілік экономика саласындағы теориялық білімдерін, аналитикалық дағдыларын және практикалық құзыреттерін көрсетуге арналған маңызды академиялық алаңға айналды. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, сыни ойлау қабілетін және өз білімдерін өзекті экономикалық міндеттерді шешуде қолдана білуін көрсетті.

Олимпиада бағдарламасына дүниежүзілік экономика саласындағы кәсіби білімді бағалауға бағытталған жеке тестілеу, сондай-ақ студенттердің инновациялық идеялары мен кәсіпкерлік әлеуетін анықтауға арналған стартап-жобалар байқауы кірді.

Жеке тестілеу нәтижелері бойынша бірінші орынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті иеленді. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, жеңімпаз университет келесі жылы олимпиаданы өткізу эстафетасын қабылдайды.

World Talent стартап-жобалар байқауы аясында бірінші орынды Есіл университетінің командасы иеленіп, тәжірибелік маңыздылығы мен іске асыру әлеуеті жоғары, жан-жақты әзірленген инновациялық жобаны ұсынды.

Олимпиада мен байқаудың өткізілуі академиялық ұтқырлықты дамытуға, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ ғылыми қызметке бағытталған дарынды жастарды қолдауға ықпал етті.

XVIII Республикалық олимпиада мен «World Talent» стартап-жобалар байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз:

Асылхан Динара Бейбітқызы (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) — жекелей тестілеуде 1-орын.

Кущенко Анастасия, Митай Анель және Байгутдинов Руслан (Есіл Университеті) — стартап-жобалар байқауында 1-орын.

Оқуда сәттілік, барлық идеяларыңыздың іске асуын және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!

 

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL