ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ – 2026» ӨТТІ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ «ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ – 2026» ІС-ШАРАЛАР ШЕЖІРЕСІ
2026 жылғы 6–10 сәуір аралығында Қарағанды Қазтұтынуодағы университетінде «Ғылым апталығы – 2026» өткізілді.
«ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ– 2026»-НЫҢ БІРІНШІ КҮНІ: 6 сәуір 2026 жыл.
«ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ–2026»-ның ашылу рәсімінде құттықтау сөзбен сөз сөйлегендер: ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректорСихимбаев М.Р., Ресей Федерациясы жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, И. Кант атындағы Балтық федералдық университетінің (Калининград қ., Ресей) Ситуалогия және экономикалық-құқықтық өңіртану ғылыми-білім беру орталығының директоры, з.ғ.д., профессор Волчецкая Т.С., «Тұран» университеті (Алматы қ.) Құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры, з.ғ.д., профессор Акимжанов Т.К., сондай-ақ факультеттердің декандары және университеттің құрметті өкілдері. Ғылыми әлеуетті дамытудың, жастардың зерттеу белсенділігін ынталандырудың және академиялық әрі қолданбалы салаға инновацияларды енгізудің маңыздылығы атап өтілді. Апталықтың ашылуы ғылымды насихаттауға және жас ғалымдарды қолдауға бағытталған іс-шаралар сериясының (ғылыми семинарлар, мастер-класстар, дөңгелек үстел, консультациялық семинарлар және т.б.) басталуын білдірді.
Күннің екінші жартысында консультациялық ғылыми семинарлар «Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер» зертханасының жетекшісі, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Кенжебеков Н.Д. және экономика ғылымдарының докторы, профессор, ЭҚЗ ҒЗИ бас ғылыми қызметкері Сихимбаева Д.Р. тарапынан өткізілді. Семинарлар барысында магистранттар мен докторанттарға арналған экономикалық зерттеулерді ұйымдастыру және басқару мәселелері қарастырылды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау қағидалары түсіндірілді. Семинар қатысушылары өтінімдерді дайындау және зерттеуші портфолиосын қалыптастыру бойынша практикалық ұсыныстар алды.
«ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ– 2026» –НЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ: 7 сәуір 2026 жыл.
Екінші күні «Қазақстан Республикасында киберқылмыстарды тергеу тетіктерін жаңғырту» (ЖТН AP26198915) тақырыбындағы гранттық қаржыландыру жобасы аясында «Қазақстан Республикасында киберқылмыстарды тергеу кезінде жасанды интеллектіні пайдалану перспективалары» атты дөңгелек үстел өткізілді. Жоба жетекшісі, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, з.ғ.д., профессор Лакбаев К.С. модератор ретінде сөз сөйлеп, қатысушыларға өзекті мәселелер мен зерттеу барысында қол жеткізілген алдын ала нәтижелер туралы баяндады. Дөңгелек үстел қатысушылары сындарлы жағдайда гранттық зерттеудің ең маңызды проблемалық аспектілерін және оларды шешу жолдарын талқылады.
Күннің екінші жартысында консультациялық ғылыми семинарлар ЭҚЗИ директоры, з.ғ.д., профессор Ханов Т.А. және «Инновациялық және ғылыми-білім беру технологиялары» зертханасының жетекшісі, т.ғ.к. Баширов А.В. тарапынан өткізілді. Семинарлар барысында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық өтінімді дайындаудың талаптары мен критерийлері, сондай-ақ жоғары оқу орнында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдіру мәселелері түсіндірілді.
«ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ– 2026» –НЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ: 8 сәуір 2026 жыл.
Ғылым апталығының үшінші күнінде «Жастар арасында есірткі қылмыстары саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» атты консультациялық семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Семинарды Қарағанды облысы Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері – полиция подполковнигі Корниенко К.А. және полиция майоры Садвакасов Н.Б. өткізді. Семинар барысында есірткі заттарын сақтау және тарату үшін жауапкершілік шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ есірткі қылмыстары саласындағы қылмыстық-құқықтық қатынастарға тартылудың салдары және жастардың осы қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекеттерге тартылуына байланысты тәуекелдер айқындалды.
«Қазақстанда стартапты іске қосу» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырылды. Спикер ретінде кәсіпкер, CYBERPACK.AI және Rolab білім беру жобаларының негізін қалаушы, Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың грантын иеленген Мустафин С. шақырылды. Семинар барысында стартапты дайындау және іске қосуға байланысты негізгі кезеңдер көрсетілді. Қазақстандағы инновациялық қызметтің ерекшеліктері және өз идеяларын нақты әлеуметтік-экономикалық салада жүзеге асыру жолында бастаушы кәсіпкерлер мен стартаперлерге тән тәуекелдер түсіндірілді.
«ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ– 2026» –НЫҢ ТӨРТІНШІ КҮНІ: 9 сәуір 2026 жыл.
Ғылым апталығының төртінші күні Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің 60 жылдығына арналған «Қазіргі жастар: инновация жасай отырып – болашаққа ұмтыламыз» атты студенттердің халықаралық форумы ұйымдастырылып, өткізілді.
Форум аясында «Цифрлық болашақ – 2026: ғылым, цифрландыру және жасанды интеллект» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны салтанатты жағдайда ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор, э.ғ.д., профессор Сихимбаев М.Р. ашып, форум қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі. Пленарлық отырыста форум қатысушыларының, сондай-ақ шетелдік және отандық жоғары оқу орындарынан шақырылған қонақтардың қызықты баяндамалары тыңдалып, талқыланды. Сындарлы әрі жан-жақты диалог өтті. Сөз сөйлегендер қойылған сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша өз көзқарастарын түсіндірді.
Күннің екінші жартысында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның секциялық отырыстары өтті.
«ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ– 2026» –НЫҢ БЕСІНШІ КҮНІ: 10 сәуір 2026 жыл.
Ғылым апталығының бесінші күні Қарағанды Қазтұтынуодағы университетінің 60 жылдығына арналған «Қазіргі жастар: инновация жасай отырып – болашаққа ұмтыламыз» атты студенттердің халықаралық форумы жалғасын тапты.
Форум аясында «MIRAS Start-Up Challenge» стартаптар байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. Байқауда Қарағанды Қазтұтынуодағы университетінің студенттері мен магистранттары, сондай-ақ отандық және шетелдік жас зерттеушілер дайындаған инновациялық стартап-жобалар ұсынылды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сағат 15:00-де Ғылым апталығы мен Халықаралық студенттер форумының салтанатты жабылуы ұйымдастырылып, өткізілді. Ғылым апталығы аясында өткізілген іс-шаралардың қорытындылары шығарылды. Жеңімпаздар мен номинанттарды марапаттау рәсімі өтті.





