Технологиялар трансфері тетіктерін зерделеу жөніндегі ғылыми іссапар

Технологиялар трансфері тетіктерін зерделеу жөніндегі ғылыми іссапар

ИРН AP26102391 «Университеттер, мемлекет және бизнес арасындағы тиімді өзара іс-қимыл модельдері: Қазақстанның цифрлық экономикасындағы технологиялар трансферінің тетіктері» жобасын іске асыру аясында 2025 жылғы 07–12 желтоқсан аралығында шетелдік тәжірибені зерделеуге және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мәселелерін зерттеуге бағытталған ғылыми іссапар ұйымдастырылды. Іссапарға зерттеу тобының мүшелері — Алпысбаева М.Б. және Сатымбекова С.Б. қатысты.

Іссапар барысында зерттеу тақырыбы бойынша эмпирикалық деректер жинау мақсатында сауалнама, анкеталау және сараптамалық сұхбаттар жүргізілді. Университеттер, мемлекеттік органдар және бизнес-құрылымдар арасындағы ғылыми әзірлемелерді нақты экономика секторына енгізу саласындағы өзара іс-қимыл модельдерін талдауға ерекше назар аударылды.

Технологиялар трансфері тетіктерін зерделеу жөніндегі ғылыми іссапар Технологиялар трансфері тетіктерін зерделеу жөніндегі ғылыми іссапар

Тәжікстан Технологиялық университетінің басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамымен жұмыс кездесуі өтті. Атап айтқанда, Насриддинзода М.Ш. — бірінші проректор, оқу ісі және білім сапасын басқару жөніндегі проректор; Ғафоров Ф.М. — стратегияны іске асыру және инновациялық технологияларды дамыту жөніндегі проректор; Яминзода З.А. — ғылым және енгізу жөніндегі проректор; Икроми Х.И. — халықаралық байланыстар жөніндегі проректормен, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер басшыларымен: Охунов Б.Х. — халықаралық байланыстар басқармасының басшысы, Назаров Ш.А. — студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы секторының басшысымен кездесулер өткізілді. Кездесу барысында институционалдық өзара іс-қимыл, инновациялық қызметті қолдау және технологиялар трансфері тетіктерін дамыту мәселелері талқыланды. Сараптамалық сұхбаттар жүргізіліп, жоба тақырыбына сәйкес аналитикалық және нормативтік материалдар жиналды.

Іссапар аясында Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және жасанды интеллект факультетіне бару жүзеге асырылды. Факультет құрамындағы бейінді кафедралар мен оқу-ғылыми зертханаларымен танысу барысында цифрлық шешімдер, бағдарламалық өнімдер және практикалық енгізу мен коммерцияландыру әлеуеті бар интеллектуалдық жүйелерді әзірлеу тәжірибелері зерделенді.

Сонымен қатар Инженерлік-технологиялық факультетінде, атап айтқанда тағам және шарап өндірісі технологиясы кафедрасында, сондай-ақ химия кафедрасында (жалпы және бейорганикалық, аналитикалық, физикалық-химиялық, органикалық химия зертханалары) жұмыс кездесулері өткізілді. Лабораториялық зерттеулер нәтижелерін нақты экономика секторына енгізу мүмкіндіктері, тәжірибелік үлгілерді әзірлеу, технологиялық регламенттер мен қолданбалы шешімдер қалыптастыру мәселелері қарастырылды.

Факультет базасында SC Корей кәсіби даярлау оқу орталығы жұмыс істейді, онда тәжікстандық азаматтарға Кореяда табысты мансап құруға мүмкіндік беретін білім беру курстары ұйымдастырылған. Курстар корей тілін базалық деңгейден кәсіби деңгейге дейін оқытуды және кәсіби дағдыларды дамытуды қамтиды. Бағдарламалау және компьютерлік инженерия кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Гуломсафдаров А.Ғ. және осы факультеттің 2–3 курс студенттерімен кездесу барысында студенттердің өздері әзірлеген робототехникалық жобалары мен өнімдері таныстырылды.

Іссапар барысында «Фановар» технологиялық-инновациялық паркіне бару жүзеге асырылып, инновациялық жобаларды сүйемелдеу, әзірлемелерді коммерцияландыру және индустриялық серіктестермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша мамандардан кеңестер алынды. Инженерлік-технологиялық факультеттің 2–3 курс студенттері ұн, макарон, шұжық және ет-сүт өнімдерін өндіру бағытындағы жұмыстарын көрсетті.

Қазіргі уақытта технопарк базасында азық-түлік өнімдерін өндіруді қамтитын тәжірибелік-өндірістік қызметті іске асыру жоспарланып отырғаны атап өтілді. Бұл ғылыми және технологиялық әзірлемелердің практикалық бағыттылығын және олардың экономикаға енгізілуге бағдарланғанын көрсетеді.

Сонымен қатар университеттің инновациялық даму, цифрлық инфрақұрылым және ғылыми-зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру мәселелеріне жауапты бөлімшелерімен кездесулер өткізілді. Ғылыми жобалар мен университеттік стартаптарды әзірлеуден бастап енгізу және практикалық қолдану кезеңдеріне дейін сүйемелдеу тетіктері талданды.

Іссапар қорытындысы бойынша технологиялар трансфері саласындағы шетелдік тәжірибені сипаттайтын елеулі эмпирикалық және аналитикалық материалдар жинақталды. Алынған нәтижелер жоба бойынша есептік құжаттаманы дайындау барысында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының цифрлық экономикасы жағдайына халықаралық үздік тәжірибелерді бейімдеуге бағытталған ғылыми жарияланымдар мен аналитикалық материалдарда пайдаланылатын болады.

Жоба аясындағы ғылыми іссапар туралы мәліметтер Тәжікстан Технологиялық университетінің ресми сайтында орналастырылған:
https://tut.tj/matzlumotnoma-oidi-safari-namoyandagoni-donishgohei-kazpotrebsoyuzi-shaheri-karagandai-geumheurii-qazoqiston-ba-donishgohei-tehnologii-togeikiston/

 

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL