Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері жөніндегі халықаралық конференция

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері жөніндегі халықаралық конференция2025 жылғы 4 желтоқсанда Казтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Цифрлық трансформация жағдайында ғылым мен жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру және заңдылықты сақтау» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға құрметті қонақтар ретінде Қарағанды облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті басшылығы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Сәрсен Жандос Шералыұлы, Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының прокуроры Қасым Арман Мыңтықбайұлы қатысты.
Іс-шара БҰҰ бекіткен 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні және 6 желтоқсан — Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері жөніндегі халықаралық конференция Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері жөніндегі халықаралық конференция
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері жөніндегі халықаралық конференция Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері жөніндегі халықаралық конференция

Конференцияның басты идеясы – еліміздегі қоғамдық және саяси процестердің жаһандық трансформациясы жағдайында «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету.
Конференция қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы жарияланатын болады. Сонымен қатар университет «Қазақстан Республикасындағы киберқылмыстарды тергеу механизмдерін жаңғырту» тақырыбында гранттық зерттеу жүргізуде. 2026 жылы құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған әдістемелік ұсынымдар дайындалады.
Пленарлық отырыста шақырылған қонақтар, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы және Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері баяндама жасады. Жұмыс секциялар бойынша жалғасты.
Конференция қорытындысын университет ректоры Ерқара Балқараұлы Аймағамбетов шығарып, іс-шараның мемлекет басшысы қойған міндеттер мен қоғамның жаһандық трансформациясы жағдайындағы маңыздылығын атап өтті және қатысушыларға алғысын білдірді.
Ұйымдастырушылар – Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институты және университеттің Комплаенс қызметі.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL