«Мансап фестивалі – 2025» — университеттің маңызды рекрутингтік шарасы.
«Жұмысты бірге таңдаймыз!» — дәл осындай ұранмен Казтұтынуодағы Қарағанды университетінде 2025 жылғы 3 желтоқсанда өткен Мансап фестивалі ұйымдастырылды. Студенттер мен түлектер әлеуетті жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өңірдің жетекші компаниялары мен мемлекеттік құрылымдарындағы нақты бос жұмыс орындары және мансаптық мүмкіндіктер туралы білуге бірегей мүмкіндік алды.
Фестивальдің ашылуында университет ректоры Аймағамбетов Ерқара Балқараұлы қатысушыларға құттықтау сөзін жолдады. Жұмыс берушілер мен студенттер арасындағы тұрақты диалогтың маңызын атап өткен ректор, сапалы білім берудің нақты экономикалық секторлармен және мемлекеттік құрылымдармен тығыз ықпалдастықсыз мүмкін еместігін ерекше айтты. Дәл осы ЖОО–жұмыс беруші–студент коммуникациясы тараптардың бір-бірінің қажеттіліктерін жақсырақ түсінуіне, өзара тоғысатын нүктелерді анықтауына және ортақ бағыттарды қалыптастыруына мүмкіндік береді.
Дәстүр бойынша ірі ұлттық компанияларда, мемлекеттік және кәсіпкерлік құрылымдарда табысты жұмыс істейтін университетіміздің түлектері шағын баяндама жасады. Қатысушылардың назарын университет түлегі, "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС департамент директоры Данияр Аманбайұлы Қалимолдаевтың сөз сөйлеуі аударды. Спикер қазіргі заманғы университет қажетті білім, дағдылар және мансаптық өсу үшін кең мүмкіндіктер бере отырып, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.
Жұмыс берушілер кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаментімен меморандумға қол қойылды, сондай-ақ Қарағанды облысы бойынша Еңбек ұтқырлығы орталығының директорының орынбасары аналитикалық материалдарды ұсынып, еңбек нарығының негізгі тенденцияларын белгіледі.
Студенттердің кәсіби дамуына қосқан үлесі, түлектермен жүйелі жұмысы және 2025 жылғы түлектердің жұмыспен қамтудағы жоғары нәтижелері үшін «Мансаптық қолдау бойынша үздік білім беру бағдарламасы» номинациясын «Әлеуметтік жұмыс» және «Азық-түлік өнімдері технологиясы» білім беру бағдарламалары иеленді.
Сонымен қатар, мансап фестивалі аясында жұмыс берушілер ұсынған өзекті бос жұмыс орындарының презентациясы бар стенд-сессия, шағын сұхбаттар және экспресс-әңгімелесулер өтті. Қазіргі студенттердің мұндай кездесулерге қызығушылығы ерекше жоғары — жұмыс берушілер мен түлектердің қатысуы тірі диалог қалыптастырып, жаңа кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін орта жасап отыр. Фестиваль университеттің еңбек нарығында сұранысқа ие болашақ көшбасшылардың қалыптасатын маңызды алаң ретіндегі мәртебесін тағы да дәлелдеді.





