Балқаш қаласына ғылыми іссапар: тау-кен және құрылыс салаларындағы қауіпсіздікті зерттеу

Балқаш қаласына ғылыми іссапар: тау-кен және құрылыс салаларындағы қауіпсіздікті зерттеу"Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық шаралары" ғылыми жобасын іске асыру шеңберінде (АБ НМТН 19675171) 2023 жылғы 25-30 маусым аралығында зерттеу тобының мүшелері Әбиев Е.С.  (з.ғ.м., аға оқытушы) және Мәжит І.Б. (магистрант) Балқаш қаласына жіберілді.

 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранттық жобасын орындау жоспарына сәйкес, Балқаш қаласындағы "Қазақмыс Смэлтинг" корпорациясының мыс балқыту зауытының басшысы Түсіпбеков Айдар Өмірбайұлымен, Балқаш қаласының сот төрағасы Л.А. Сағымбековамен және Қоңырад кенішінің директорымен кездесулер өткізілді.

Зерттеу тобының мүшелері алдын-ала жасалған сауалнамаға сүйене отырып, тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті ұйымдастыруды бағалауға бағытталған қызметкерлерге сауалнама жүргізді. Сондай-ақ ҚР ҚК 277-бабы бойынша қозғалған және тоқтатылған қылмыстық істер бойынша статистикалық деректер талданып, корпорациядағы еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасын реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар зерделенді.

Іссапар нәтижесінде тау-кен және құрылыс кәсіпорындарының 9 қызметкеріне, сондай-ақ 3 судьяға сауалнама жүргізілді. Сонымен қатар, корпорацияның тау-кен және құрылыс салаларының кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі мен қауіпсіздік техникасын ұйымдастыруға қатысты нормативтік актілері зерделенді.

Балқаш қаласына ғылыми іссапар: тау-кен және құрылыс салаларындағы қауіпсіздікті зерттеуБалқаш қаласына ғылыми іссапар: тау-кен және құрылыс салаларындағы қауіпсіздікті зерттеуБалқаш қаласына ғылыми іссапар: тау-кен және құрылыс салаларындағы қауіпсіздікті зерттеу

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL