Мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер, қоғам санасының өзгеруі бизнес, мемлекеттік органдар, білім беру өкілдері кездесетін алаңдарға қатты қызығушылық тудырады. Мұндай кездесулерде өңірдің, елдің өткір экономикалық мәселелеріне қатысты пікірлер айтылып, талқыланады. 2020 жылдың 2 қазанында Қарағанды облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Департаменті ұйымдастырған "Open space" алаңына экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетінің әлемдік экономика және халықаралық қатынастар, экономикалық теория және МЖБ, Менеджмент және инновациялар, экономика және кәсіпкерлік кафедралары қатысты. Кездесуге бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Р. А. Кенжебеков, Кәсіпкерлер палатасының директоры Е. Д. Күлпеисов, Қарағанды өңірінің көмір саласындағы фирмалар мен компаниялардың өкілдері қатысты. Аймақтық көмір нарығындағы баға белгілеудің өткір тақырыбындағы пікірталас үлкен қызығушылық тудырды. Студенттер кәсіпкерлер мен мемлекет арасында қарым-қатынас орнату тәжірибесі мен дағдыларына ие болды, кәсіпкерлердің өздерінің бәсекелестік құқықтарын қорғау мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Ұлттық экономика министрлігі монополияға қарсы реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы білім беру бағдарламаларын талқылауға қатыса отырып, Қарағанды Экономикалық университетімен белсенді ынтымақтасады, біздің түлектеріміз үшін жұмыс берушілер болып табылады.

2020 жылдың 08 қазанында волонтерлер жылы аясында алғашқы медициналық көмек көрсету және жазатайым оқиға кезінде зардап шеккен адамның өмірін құтқару үшін білім мен практикалық дағдыларды алу мақсатында волонтерлер үшін оқыту өтті.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ "Жастар ортасында волонтерлік брендін танымал ету бойынша "АШЫҚ ЖҮРЕК" жобасын іске асыру" гранты шеңберінде "Қазақстан волонтерлері лигасы" қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асырылады.
Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетінің ұжымы экономикалық теория және МЖБ кафедрасының аға оқытушысы, магистрі Елена Анатольевна Ставбуникті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша PhD дәрежесімен шын жүректен құттықтайды!
«Nur Otan» партиясына праймеризге дауыс беру Қазақстанда аяқталды. 2020 жылдың 06 қазанында Қарағандыда барлық деңгейдегі мәслихат кандидаттарына партияішілік іріктеудің бірінші кезеңін қорытындылай келе, праймеризге қатысушыларды қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев құттықтады. Қала басшысы оларға алғыс хаттар табыс етті.
Праймеризге қатысушылар қатарында менеджмент және инновация кафедрасының аға оқытушысы Блялов Бахытжан Еерикович болды. Ол праймеризге, сондай-ақ қаланың дамуы мен «Nur Otan» партиясының өміріне белсенді қатысқаны үшін облыс әкімінің алғыс хатын алды. Ол бағдарламалармен жұмыс істеді, пікірталастарға қатысты, халықпен кездесті.
Бақытжан Ериковичті осы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз және оған алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге және нәтижелі жұмыс тілейміз!

2020 жылдың 8 қазанында "Достық "Коворкинг орталығы" технологиялық бизнес инкубаторы "PIXEL" IT компаниясының басшысы А.Отарбаевтың қатысуымен ZOOM платформасында "Табысты IT-бизнесті құру ерекшеліктері" тақырыбында онлайн мастер-класс ұйымдастырды.
Спикер студенттерді ІТ жобаны әзірлеудің теориялық ерекшеліктерімен таныстырып, оның құрылымы туралы сөз қозғап, дұрыс және құрылымды стартап жобаны жазу бойынша қадамдық нұсқаулықпен бөлісті. Сондай-ақ, Отарбаев Абай жобаның маңыздылығын қалай дұрыс негіздеу керектігін айтып, кездесу барысында туындаған сұрақтарға жауап берді.

07.10.2020 ж. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің бірінші курс студенттері үшін «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде» тақырыбында талқылау ұйымдастырылды. "Sanaly urpaq" студенттер қауымдастығының жұмыс жоспары аясында "Sanaly urpaq" студенттер қауымдастығының жетекшісі Орынбеков А.С. және қауымдастық төрағасы Рахтаева И. Е. дәріс оқыды.
Іс-шара мақсаты-сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі формалары, оның әлеуметтік құбылыс ретіндегі көрінісі туралы жалпы түсінік беру; оның өмірдің әртүрлі салаларындағы ерекшеліктері, осы құбылыстың себептері, зиянды салдары туралы түсінік беру; осы әлеуметтік құбылысты барабар талдау және жеке бағалау дағдыларын қалыптастыру; студент жастарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру болып табылды.
Сөз сөйлеу барысында лектор қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазалау шаралары, сондай-ақ осы қылмыспен күресудің әдістері туралы айтып берді. Қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен салдарына ерекше назар аударылды. Негізгі себептер ретінде экономикалық, институционалдық және әлеуметтік-мәдени сипаттағы себептер анықталды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің экономикалық, саяси және әлеуметтік-рухани салаларында туындайтын жағымсыз салдарлары атап өтілді.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл шын мәнінде біздің ортақ борышымыз екені атап өтілді. Егер бүгін жастар жемқорлар қатарына кірмесе, онда бір ұрпақтан кейін сыбайлас жемқорлықтан ешқандай із қалмайтыны сөзсіз.

2020 жылдың 07 қазанында жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім департаменті профессор - оқытушылар құрамы мен және 8D04101 «Экономика» және 8D04102 «Жергілікті мемлекеттік басқару»білім беру бағдарламалары бойынша 1 курс PhD докторанттарымен бірлесіп докторлық диссертациялардың тақырыптарын бекіту және таңдау мәселесі бойынша ғылыми семинар өткізілді.
2020 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен ҚҚЭУ ӘЖ және ҚХА кафедрасының меңгерушісі п. ғ. к., доцент Абдакимова Мадина Кочкаровна Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған медальға ұсынылды! Медальға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Н.Ә.Назарбаев қол қойды.
Бұл Қазақстандық қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін М. К. Абдакимованың қызметін республикалық деңгейде жоғары марапат және бағалау!
ӘЖ және ҚХА кафедрасының ұжымы М. К. Абдакимованы жоғары баға және марапатпен құттықтайды және біздің әріптесімізді мақтан тұтады!

30 қыркүйек күні ҚҚЭУ-де «ӘЖ және ҚХА» кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Қазіргі Қазақстандағы зайырлы және діни рухани мәселелер және қазіргі кездегі рухани қарама-қайшылықтың алдын алу мәселелері» атты онлайн конференция өтті, оған ҚҚЭУ-нің I және II курс студенттері белсенді түрде қатысты. Конференция «Қазіргі білім беру теориясы мен практикасын философиялық талдау» бастамашылық тақырыбы аясында өтті. Зерттеу қызметі шеңберінде де, студент жастардың дүниетанымын, ойлау мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық сананы жаңарту шеңберінде де маңызды шешімдер талқыланды: «ТАНЫМ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» ШАБУСОВА Д. Ю -19-4, «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕАТИВТІЛІК: ҰҚСАСТЫҚТАР МЕН АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР» МУСИНА О. МО-19- 2, «МЕНТАЛИТЕТ ДІНИ МЕНТАЛИТЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ» КОГТЕЕВА А.СПД 20-2, «ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ГЕРДА Н.Ю-19-4, «ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІ» Пак М. МО 19-2, «ЗАЙЫРЛЫ ЖӘНЕ ДІНИ РУХАНИЯТ» Бабич Ю. Ю-19-3, «ДІНИ РУХАНИЯТ» БИСЛИНГЕР МО 20-2, «ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗАЙЫРЛЫ ЖӘНЕ ДІНИ РУХАНИЯТ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ АЯСЫНДА ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ РУХАНИ ҚАРАМА ҚАЙШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ИСКАЛИЕВ Т., ЖУМАТАЕВА Р. МО-20-2, «ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТТЕГІ ДІННІҢ МӘНІ» БАЛТАШЕВА Т. МО-19-1к.
Конференция жұмысына қатысып құттықтау сөз сөйлеген жетекші Думан Базаркеевич. «ӘЖ және ҚХА» кафедрасының меңгерушісі М.К.Абдакимова, талқыланатын мәселелердің өзектілігін атап өтті, кафедраның ҒЗЖ үшін жауапты С.А.Муликова және іс-шараның модераторлары М.В.Клишина, Н.Е.Тутинова.

2020 жылдың 29 қыркүйегінде "Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті" ЖМ және "Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы" ММ арасында жасалған қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес Қарағанды облысының кәсіподақ ұйымдарының басшыларымен және мүшелерімен "Кәсіподақтар қызметін құқықтық регламенттеу және оны жетілдіру жолдары туралы" тақырыбында семинар өткізілді. Covid-19 коронавирустық инфекциясының пандемиясына байланысты іс-шара ZOOM платформасында онлайн режимінде өткізілді.
Семинарда "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Бисакаев Сериккали Гумарович "Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттаудың рөлі мен проблемалық мәселелері туралы" тақырыбында және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономикалық және құқықтық зерттеулер ҒЗИ зертханасының жетекшісі, з.ғ.д., профессор Бакишев Қайрат Әлиханұлы "Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау жағдайы туралы"тақырыбында семинар өткізді.
Семинар модераторы ҚҚЭУ экономикалық және құқықтық зерттеулер ҒЗИ директоры, з.ғ.д., профессор Ханов Талғат Ахматзиұлы кәсіподақтар қызметін құқықтық регламенттеумен және еңбек заңнамасын сақтау мәселелерімен байланысты негізгі сәттерді белгіледі.
"Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы " умақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Болат Камзинович Жұмабеков пен Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Татьяна Николаевна Шатохинаға іс – шараларды ұйымдастыруға жәрдем көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.