26 мамыр күні оқу телевизиясы залында «Экологии және Бағалау» кафедрасы бастамасымен «Омск мемлекеттік сервис институтымен өзара қарым-қатынас және «Экология декадасы 2015» қорытындысы» атты ауданаралық on-line конференция өтті.
Конференция мақсаты болып Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті «Экология және бағалау» кафедрасы мен Омск мемлекеттік сервис институты арасында өзара қарым-қатынас орнату. Конференция бітісімен Экология және Бағалау кафедрасы ҚЭУ мен ОМСИ өзара қатынастар жайында меморандумға қол қойды.
Экология мамандығының студенттері баяндамалар дайындады.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Жарлығымен 31 мамыр күні Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.
Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні — саяси қуғын-сүргіндер мен жаппай большевиктердің саяси режимінің азғыру арқылы аштыққа ұшыратып, одан құрбан болған немесе жарақат алғандарды еске алуға арналған қаралы акциялар мен есестелік іс-шаралар өткізілетін ұмытылмас күн (митингілер, қуғын-сүргінге ұшырағандардың ескерткіштеріне шеңберлер және гүлдерді қою, оқу орындарында «естеу сабақтары» және басқалар).
2015 жылдың 29 мамырында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митинг-реквием өткізілді.
«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні – бұл мыңдаған біздің қуғын-сүргінге орынсыз ұшыраған, қылмыстарда айыпталған, бостандығы, тіпті өмірінен айырылған отандастарымызды еске салуға қажет қайғылы жылдар», - деп әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор Абилов Қ.Ж. өзінің кіріспе сөзінде айтып өтті.
2015 жылдың 27 мамырында ЭҚҚР кафедрасымен «ҚР Конституциясына 20 жыл: тиімділік және перспективті реформалау сұрақтары» атты тақырыбына дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің жұмысына соттық корпус өкілдері (СМЭ Қарағанды облысының соты), Қарағанды облысының прокуратурасы, адвокатурасы және Қарағанды қаласының ЖООы қатысты.
Круглый стол - «20 лет Конституции РК: вопросы эффективности и перспективного реформирования».
27 мая 2015г. кафедрой ПРЭО проведен круглый стол - «20 лет Конституции РК: вопросы эффективности и перспективного реформирования».
В работе круглого стола принимали участие представители судейского корпуса (СМЭ суда Карагандинсой обл.), прокуратуры Карагандинской облости, адвокатуры и ВУЗов города Караганды.
2015 жылдың 27 мамырында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің 5 институционалдық реформалары – біздің үкіметтігімізге деген жаһандық шақыруларға күшті жауап» атты тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына университеттің профессор-оқытушы ұжымы, жетекші ғалымдар мен студенттік жастар қатысты.
Келесі баяндамалар тыңдалды:
«Қазақстанның экономикасы мен қоғамының ілгерілеуіне деген президенттік реформа: Ұлт жоспары – институционалдық реформаларды жүзеге асырудағы 100 нақты қадам». - (Айнабек К.С., э.ғ.д., профессор, ЖЭЖТ ҒЗИ директоры).
«Заң үстемдігі – жаңа формациядағы мемлекетті қалыптастыру шарты ретінде». – (Ханов Т.А., з.ғ.д., профессор, ЭҚЗ ҒЗИ директоры)
«Мәнгілік ел» идеясының берік құндылықтары – болашақтың біртұтас ұлтына жол». - (Абилов К.Ж. т.ғ.д., профессор, әлеуметтік сұрақтар жөніндегі проректор).
Дөңгелек үстелдің жұмысы нәтижесінде Елбасымен қойылған институционалдық реформаларды университет ұжымының қатысуымен жүзеге асырудағы басты міндеттер анықталды.
Қазақстан Президенті Нұрсултан Назарбаевпен 5 президенттік реформаны жүзеге асыру үшін 100 нақты қадам анықталды.
Бесп президенттік реформалар:
- Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру;
- Заңның үстемдігін қамтамасыз ету;
- Индустриалдандыру және экономикалық өсім;
- Біртектілік пен бірлік;
- Есеп беретін мемлекетті құру.
Біріншісі. Экономикалық бағдарламалардың сапалы жүзеге асырылуы қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметтерді ұсынатын жаңа, кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат құру.
Екіншісі. Экономикалық өсудің негізі болатын келісімді міндеттерді қорғау, кәсіпкерлік қызметке жағдай жасау, меншік құқығына кепілдік беру үшін заңның үстемдігін қамтамасыз ету.
Үшіншісі. Диверсификацияға негізделген индустриалдандыру және экономикалық өсім.
Төртіншісі. Біртектілік пен бірлік.
Бесіншісі. Транспарентті және есеп беретін мемлекет.
2015 жылдың 14 мамырында «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасының студенттері (Ф-22с тобы) «Startup Ideas Pitches 2015» атты байқауына кафедраның ғылыми жетекшілерімен э.ғ.к., аға оқытушы Лукпанова Ж.О. және магистр, оқытушы Фазлетдинова З.Д., сонымен қатар есеп және аудит факультетінің СҒЗЖ бойынша жауапты магистр, аға оқытушы Танашева А.Б. бірге қатысты. Бұл байқау ЖШС «Технопарк Сары-Арка» өтті, байқау қорытындылары бойынша ҚҚЭУ екі командасы да жүлделі орындар мен II, III дәрежелі дипломдар иелері болды. Бұдан әрі жеңімпаздар бизнес-тренингілерге шақырылады, жобаларды іске асыруға белсенді түрде қатысады. Әрбір қатысушы байқауға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды, және жобаның «Белый ветер», «Altel», «Сарыарка» спосорларынан бағалы сыйлықтар алды.
2015 жылдың 12 мамырында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасымен ҚР Конституциясына 20 жылдығына арналған «ҚР Конституциясына 20 жыл: тиімділік және перспективалық реформалау сұрақтары» атты студенттік жұмыстар байқауы өткізілді. Байқауға ережеге байланысты Қарағандының 4 жоонан 20 студент қатысты (КУ «Болашак»,Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ, Б.Бейсенов атындағы КЮА, ҚҚЭУ).
2015 жылдың 13-15 мамыры аралығында ҚЭУ-де «Русский регистр» Ассоциациясының эксперті Пан Людмила Валентиновнамен инспекциялық аудит өткізілді. СБЖ-ны басқару құралы ретінде жетілдіру ҚЭУ қызметінің басым бағыттарының бірі болып саналады.
Пан Л.В. университеттегі СБЖ ұйымдастырудың жоғары дәрежесін, қызметтің әр бір түріне деген процестік тәсілдемені, сонымен қатар білім беру қызметінің тұрақты жақсаруы мен басқаруға деген жүйелік тәсілдемені атап өтті.
2015 жылдың 7 мамырында тауартану мен сертификаттау кафедрасында ең алғаш рет «Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы сервис» атты пәні бойынша шығармашылық коллоквиум алынды. Суретте ТПП-31к тобының студенттері «Кейтеринг – романтикалық кешкі ас, Зияпат – фуршет – Жаңа жыл кеші, Зияпат шәй - 8 наурыз, қазақ дастарханы –Шілдехана тойы, Бала мейрамы – туған күн – жас жұбайлар үшін той дастарханы және т.б.» атты тақырыптар бойынша үстелді әзірлеп жатыр. Студенттер астың ұсынылуының барлық түрлерін , зияпаттың түрлерін көрсете алды, ыдыс-аяқтардың аттарымен таныстырып, мәзірді дайындады. Шығармашылық коллоквиумды кафедраның аға оқытушысы х.ғ.к. Исабаева Г.М. өткізді.