Көптілділікті оқытуды іске асыру шеңберінде 15 мен 24 маусым аралығында жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаменті ҚЭУ-дің профессорлық оқытушылар құрамына «New methods and approaches to teaching and learning courses in English» атты біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды.
Курс тыңдаушылардың ағылшынша сөйлеу қызметінің барлық түрлерінің дағдыларын жетілдіруге, оқытушыларға педагогикалық тәжірибелерін кемелдендіру және бағалауға, оқытушының жұмысы мен кәсіби педагогикалық контекстісімен арақатынасында білім беруде және оқытудағы заманауи амалдарды қарастыру және қолдануға бағытталған.
Тыңдаушылар осы курсқа үлкен қызығушылық танытып, Мукушева Г.Р.-ның жоғары кәсібилігін атап өтті. Курс соңында тыңдаушыларға сертификат таратылды.
Бұл жылы түлектерге диплом тапсырудың салтанатты шеруі атаулы болып табылады, өйткені 2016 жыл ҚЭУ үшін 50 жылдығын атап өтетін мерейтойлық жыл болды.
«Мерейтойлық» түлектер кеші университеті ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессоры Аймағамбетов Ерқара Балқараевичтің видеоүндеуінен басталды.
Дипломдарды тапсырудың мерекелік көңіл күйі «Жайна» би ансамблінің концерттік номері, Сапарғали Айнұр мен Идирисова Ұлжанның орындауындағы «Попурри» музыкалық номері, факультеттің бітіруші топтарының кураторларының ерекше видеоқұттықтауларына түлектер орындарынан тұрып қошемет көрсетуі, РД-12 тобының студенті Бокова Айзаның музыкалық сыйлығы мен «Мелоди» вокальды ансамбілінің орындауындағы «Армандастар» әні дәстүрлі аяқтаушы кеші 2016 жылғы түлектердің болашаққа жолдауына өз таңбасын салды.
Үздік дипломдарды академиялық мәселелер және жаңа технологиялар жөніндегі проректор э.ғ.к., профессор Бұғыбаева Роза Олжабайқызы тапсырды.
Факультет деканы академиялық қызметтердегі, ғылыми жетістіктері үшін, белсенді қоғамдық қызметі үшін, спорттағы жоғары жетістіктері үшін марапаттау хаттарын тапсырды.
Диплом алған мамандар 177 түлек болды, соның ішінде 12 үздік диплом алды.
2016 жылдың 1 мамыры мен 3 маусымы аралығында «Олимп» ғылыми орталығымен (Москва қ.) «2016 жылдың үздік ғылыми-зерттеу жұмысы» атты халықаралық конкурс ұйымдастырылды.
Конкурсқа Ресейдің, Қазақстанның, Қырғызстанның әр аймақтарынан 90 ғылыми-зерттеу жұмыстары қатысты.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінен конкурсқа ИС-22-с тобының студенті Тучина Ю. Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, т.ғ.к. доцент А.В. Башировтың жетекшілік етуімен орындалған «Криминалистикада кісі өлтіру уақытын анықтауда сандық дифференсациялауды қолдану» атты мақаласын ұсынды. Ғылыми зерттеу жұмысы жүлделі үшінші орынды иеленді.
Мақаланың мәтіні «Заманауи ғылыми зерттеулер мен ізденістер» журналының №3 шығарылымының (3) (маусым 2016) НЦ "Олимп", Москва жарияланды.
10 маусымда сағат 11:00 Астанадағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратында әділет министрі Берік Имашевтің халық алдындағы есебі тыңдалды.
Есептік кездесуде елде жүргізіліп жатқан реформалардың әділет органдарының қызметіне қатысты мәселелері мен стратегиялық жоспардың көрсеткіштеріне қол жеткізу мен Әділет министрлігі алдында тұрған міндеттерді орындау барысы талқыланды.
Есептік кездесу он-лайн режімде Қарағанды облысының әкімдігінде өткізілді. Оған жұмысына ЭҚЗ ҒЗИ аға ғылыми қызметкері, з.ғ.к., доцент Б.Ө. Сейтхожин қатысты.
15 маусым 2016 жыл
Оқу-әдістемелік семинар
07.06.2016-10.06.2016 жыл кезеңінде Эрасмус+ Алматы қаласындағы ұлттық офисінде «Студентке бағдарланған оқыту: заманауи тәсілдер мен құралдар» деп аталатын халықаралық семинар өтті. Оның жұмысына біздің университеттің 2 қызметкері – бизнес және құқық факультеті деканының орынбасары мен ОП ЖҰМПД директорының орынбасары С.Б. Глазунова қатысты.
Семинарда «Еуропа Одағындағы» оқытудың студентке бағдарланған ортасы: заманауи үрдістер, тәсілдемелер және пайдалану», «Студентке бағдарланған оқыту ортасын енгізудің қысқамерзімді және ұзақмерзімді жоспары: ЕО болашағы» және тағы басқа мәселелер қарастырылды. Топтардағы жұмыс әсіресе қызықты және жемісті болды.
Алынған тәжірибені тарату мақсатында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде 2016 жылдың 15 маусымында университет оқытушылары үшін сондай семинар өтті.
Оқыту парадигмасын өзгерту, яғни оны жүзеге асыру барысында, академиялық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі ретінде нәтиже үшін жауапкершілікті студенттер өзіне алуы тиіс фраза, семинардың негізгі идеясы болды.
Біздің университеттің қызметіне қолдануға болатын, үздік тәжірибе мысалдары біздің университет оқытушылары арасында үлкен қолдауға ие болды.
25.05.2016 жылы қаламыздың орталық саябағында биылғы жылғы мектеп түлетеріне арналған соңғы қоңырауға байланысты қалалық мерекелік шара өткізілген.
Есеп-қаржы факультетінің декан орынбасары Л.К. Мусипова, факультет оқутушылары Ермекова К.А., Аубакирова А.М., Кыдырманова С.К., Омарова М.Т. осы шараға қатысып, мектеп түлектеріне университеттің оқу бағдарламалары жайлы кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында мектеп түлектеріне факультет білім бағдарламалары туралы әзірленген шағын буклеттер табыс етілді.
2016 жылғы 24 мамырда сағат 10:00 Қазақтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінде «Антикоррупциялық мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін қамтамасыз етудің, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функциясын жүзеге асырудың негіздерінің бірі» тақырыбына облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет жөніндегі министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті және Экономикалық және құқықтық зерттеулер Ғылыми зерттеу институты (ЭҚЗ ҒЗИ).
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
1) Мемлекеттік қызмет саласында, сондай-ақ сот жүйесінде және құқыққорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әдістері;
2) Үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудағы рөлі;
3) Жастардың антикоррупциялық мәдениетін қалыптастыру – мемлекеттің басым міндеті
Орта білім беру оқу орындарының 9-11 сынып арасында өткен графикалық сурет (графикалық компьютерлік жұмыс) байқауының қорытындысы:
Есеп-қаржы факультетінің оқытушылары Хұсайын Ф.Х., Кыдырманова С.К., Мухаметжанова З.Б. 13.05.2016 жылы кәсіби бағдарлау жұмысы бойынша №36 Жалпы білім беретін орта мектебімен «Ашық есік күні» аясында ұйымдастырылған «Мамандықтар фестиваліне» қатысып, ата-аналар мен мектеп түлектеріне Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университеті дайындайтын мамандықтарды ұсынып, ата-аналар мен мектеп түлектерінің сұрақтарына жауап беріп, сұхбат соңында көрермендердің назарына Lipdub бейнебаяны ұсынылды. Lipdub оқушылардың көңілінен шықты. Мамандықтар фестивалі соңында мектеп әкімшілігі университет өкілдерін алғыс хатпен марапаттады.
5 мамыр 2016 жылы «Экология және бағалау» кафедрасы және Үкіметтік емес ұйым ҮЕҰ «Ағаш отырғыз» бірлесіп бөлек қалдықтарды жинау жүйесін енгізу үшін баспасөз конференциясын жүргізілді.
Конференцияға қатысқандар:
- Қарағанды қаласының әкімдігі,
- АО ИП «Эфес Казахстан»,
- Қалалық Білім басқармасы,
- Қалдықтарды өңдеу зауыты ТОО «ТТК»,
- Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы,
- ОО «ЭкоОбраз»
Бұқаралық ақпарат құралдарының мүшелері - «Индустриальная Караганда», «Новый вестник», «Айқын» газеттері, «Первый Карагандинский», «Новое телевидение» және басқалар арналар.