Абай ауданының Топар кенті мектептеріндегі кәсіби бағдарлық жұмысы

Абай ауданының Топар кенті мектептеріндегі кәсіби бағдарлық жұмысы2018 жылдың 13 сәуірде «Банктік мендежменті және қаржылық нарықтары» кафедрасы оқытушысы Исанов А.С. және «Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу» кафедрасы аға оқытушысы Амантай А.А. қатысуымен Абай ауданы Топар кентіндегі Абай атындағы және Корниенко атындағы орта мектептерінде кәсіби бағдарлық іс-шарасы өтті.
Кәсіби бағдарлық іс-шараны өткізу барысында мектеп түлектеріне ҚҚЭУ мен БҚЭК жайлы бейне ролигі және презентациялары ұсынылды. Сонымен қатар түлектер анкеталар толтырды. Іс-шараны өткізу барысында бітіруші түлектер белсенділік танытып, маңызды сұрақтарға жауаптар алды.
Жалпы кәсіби-бағдарлық іс-шара жоғары деңгейде өткізілуіне барлық жағдай жасалынған. Аталмыш шаралар келешекте де жүзеге асырылу жоспары бар.

«Өзбекстандағы Қазақстан білім күндері» көрмесіне қатысу

«Өзбекстандағы Қазақстан білім күндері» көрмесіне қатысу 9-10 сәуір 2018ж. ӘЖжәнеҚХА кафедрасының меңгерушісі Абдакимова М.К. Өзбекстан Республикасы, Навои облысы, Навои қаласында Жастар орталығында өткен «Өзбекстандағы Қазақстан білім күндері» көрмесіне қатысты. Көрмеде Қазақстанның 26 жетекші жоғарғы оқу орындары көрсетілді.
Көрмеде түлектермен және аймақтық колледждер мен мектеп оқушылары, олардың ата-аналары, сонымен қоса мектеп, колледж, лицей оқытушыларымен кездесу өтті. Оларға Қарағанды экономикалық университетіне түсу және білім алу жағдаяттары бойынша ақпарат берілді.
Кәсіби бағдарлық мақсаттағы іс-сапар барысында Навои қаласында орналасқан Навои мемлекеттік тау-кен университеті, академиялық лицейде, сонымен қатар этникалық қазақтар мен қарақалпақтар тығыз орналасқан Канимех аудан орталығында ауылшаруашылық және экономикалық колледждерде болды.
Кездесу барысында ҚҚЭУ туралы, күндізгі және сырттай-қашықтықтан білім алу және оқуға түсу жағдайлары туралы толық ақпарат берілді, ақпараттық анықтамалар, бүктемелер таратылып, сұрақтарға жауап берілді. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде ҚҚЭУ түсуге ниет білдірген потенциалды түлектердің тізімі жасалды.
М.К. Абдакимоваға ғылыми-ағарту форум жұмысына белсенді қатысқаны үшін Навой облысы әкімінің атынан алғыс хат берілді.

ИСМА университетінің президенті Роман Дьякон мен халықаралық мәселелер жөніндегі проректоры Ольга Верденхофтың ресми сапары (Рига, Латвия)

ИСМА университетінің президенті Роман Дьякон мен халықаралық мәселелер жөніндегі проректоры Ольга Верденхофтың ресми сапары (Рига, Латвия)

2018 жылы 10 сәуірде Қарағанды экономикалық университетінде ИСМА Университетінің президенті, профессор, академик, Dr.sc.ing. (Рига, Латвия) Роман Дьякон және халықаралық мәселелер жөніндегі проректоры, Dr. sc. admin. Ольга Верденхофтың «Еуропалық білім беру - білім беру туризмінің негізі» тақырыбында дәрісі өтеді.
ИСМА университеті Латвияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады, бай дәстүрлерге және еуропалық жоғары білім кеңістігінде өз орнын анық көруге ие университеттерінің бірі. ИСМА Университеті қазіргі заманғы, қарқынды дамып келе жатқан оқу бағдарламалары мен мамандықтары кең спекторлы және студенттерінің

«Әкем, анам және мен – спорттық жанұя»

«Әкем, анам және мен – спорттық жанұя»2018 жылдың 7 сәуірінде бизнес және құқық факультетінің дене шынықтыру кафедрасының ұйымдастыруымен «Әкем, анам және мен – спорттық жанұя» атты шара өткізілді.
Спорттық шараға Бұқар-Жырау ауданынан: КММ Зареченская ЖББОМ, КММ Көкпекті ЖББОМ, КММ Байқадам ЖББОМ, КММ Петровская ЖББОМ жоғары сынып оқушылары қатысты.
Аталған шараның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
І орын – КММ Байқадам ЖББОМ
ІІ орын – КММ Көкпекті ЖББОМ
ІІІ орын - КММ Зареченская ЖББОМ
ІV орын - КММ Петровская ЖББОМ

«Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол»

«Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол»03 сәуір 2018 ж. «Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы «Құқық және экономика негіздері» және «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтары студенттерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол» атты ашық кураторлық сағат өткізді. Шара қонақтары Қарағанды қаласының № 27 ЖОББМ оқушылары болды.
ӘЖ және ҚХА кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Абдакимова М.К. оқушылар мен студенттерге арналған алғы сөзінде Президенттің бағдарламалық мақаласы ережелерінің бірінші кезекте жастарға бағытталғандығын, және өткізіліп отырған шара мақсаты жастардың белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру, қазақстандық патриоттық сезімдері мен өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу екендігін атап өтті.
Кураторлық сағатқа қатысушылар тақырыптары қоғамдық сананы жаңғырту бойынша негізгі жобаларды жүзеге асыру жолдары мен мазмұнын талқылауға арналды. ОПЭК-11к тобының студенттері Узбаева Б., Даткина Г. қазақ тілінің латын әрпіне біртіндеп көшу мәселесіне тоқталды. СР-32 тобының студенті Сабыржанова Т. «Жаңа гуманитарлы білім» жобасын жүзеге асыру арқылы әлеуметтік және гуманитарлы білімдерге назар аудару – бәсекеге қабілетті білікті кадрлардың негізін қамтамасыз етеді деді. «Туған жер» бағдарламасы бойынша, өздерінің кіші Отаны – Егіндібұлақ өлкесінен шыққан ұлы адамдар өнегесімен патриоттық сезімді қалыптастыру туралы ОПЭК-31к топ студенттері Исаев А., Қанатұлы Жанайдар айтты. Косаева Л. (СР-12 тобы), Шакенова К. (СР-13с тобы), Гарманов Д. (гОПЭК - 12), Шынарбек О. (ОПЭк-13с) қазіргі заманғы қазақстандық мәдениетті жаһандық әлемде өрлету бойынша интерактивті презентация қорғады. СР-21к тобының студенттері Жумадилда А. мен Кеңшілік А. «Қазақстандық 100 жаңа есім» арасына Тәуелсіздік жылдары жетістікке жеткен нақты тұлғалар тарихымен таныстырып өтті.
Ашық кураторлық сағатты қорытындылай келе академиялық топ кураторлары ф.ғ.к., доцент Сейфуллина Г.Р., философия докторы (PhD), аға оқытушы Манасова М.М., тарих ғыл.магистрі, оқытушы Тусупова Г.Н. студенттер мен оқушыларға қоғамдық сананы жаңғыртудағы басты басымдылық – ашықтық, прагматизм, бәсекеге қабілеттілік екенін айтты.

ҚҚЭУ студенттерінің «Қаржы» мамандығы бойынша Алматы қаласында Х Республикалық студенттік олимпиадада ІІ орынды жеңіп алды

ҚҚЭУ студенттерінің «Қаржы» мамандығы бойынша Алматы қаласында Х Республикалық студенттік олимпиадада ІІ орынды жеңіп алды2018 жылдың 30 наурызында «Қаржы»-5В050900 мамандығы бойынша студенттер арасында Алматы қаласы Нархоз Университетінде ІІ Республикалық пәндік олимпиада өтті. Аталмыш жарысқа ҚҚЭУ-нен «Қаржы» мамандығындағы студентері де қатысты.
Пәндік олимпиада қорытындысы негізінде 13 университет арасында ҚҚЭУ-нің студенттері 2-орынды жеңіп алды. Олимпиада нәтижелерін бағалауда оқытушылармен қатар бизнес-орта мүшелері де қатысты.
Жалпы ҚҚЭУ атынан қатысушы студенттерді э.ғ.д., доценті Омарова А.Т. жетекшілік етті. ІІ орынды иеленген жеңімпаз студенттері келесілер Ф-32 тобынан Оборина Карина, Кушнаренко Ольга және Хмелева Екатерина.
Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

«Аймақтық қауіпсіздік тұрғысындағы ислам факторы» тақырыбында дөңгелек үстел

«Аймақтық қауіпсіздік тұрғысындағы ислам факторы» тақырыбында дөңгелек үстел2018 жылы 30 наурызда «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасы «Аймақтық қауіпсіздік тұрғысындағы ислам факторы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары мен «Халықаралық қатынастар» мамандығы студенттері, сондай-ақ Қарағанды облысының Дін істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Тлекбаев Серік Қуатұлы қатысты. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша, студенттер белсенді қатысқаны үшін сертификаттар берілді.

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша X Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша X Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы2018 жылдың 29 наурыз күні Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Х Республикалық студенттер олимпиадасы өтті.
Осы олимпиадаға Букатов Е.Б жетекшілігімен университетіміздің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курс студенттері Бекетова А.С , Қасымхан Н.А құралған «Әділет» командасы қатысты.
Қазақстанның ЖОО құралған 21 топ қатысқан олимпиадада «Әділет» командасы ұсынған «Stopzhemkor» жемқорлықпен күресу жүйесі» инновациялық жобасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Жас көшбасшылар бағдарламасын жузеге асыру «Рухани Жаңғыру»

Жас көшбасшылар бағдарламасын жузеге асыру «Рухани Жаңғыру»

29 наурыз 2018 ж Достық үйінде «Жеке тұлғаны қалыптастыру этномәдени бірлестікттер жас көшбасшы жаңғырту арқылы қоғамдық сана» обылыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. конференция ұйымдастырушылары Қарағанды обылысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, КММ «Қоғамдық келісімі » және Қарағанды обылысының әкім аппараты.
Конференцияда мемлекеттік құрылымдардың өкілдері,жоғары оқу орындары мен колледждер және Қарағанды обылысының этномәдени бірлестігі қатысты.
Пренарлық отырыста ҚҚЭУ «Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедра меңгерушісі п.ғ.к.,доцент Абдакимова М.К. баяндама жасады.
Абдакимова М.К. өз баяндамасында дамудың өзектілігі қайырымдылық және волонтерлік қызметтің жастар арасында бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Рухани жаңғыру» және ҚР-ның президенті Н.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамалары талқыланды.
Сондай-ақ секцияның №3 модераторы ретінде Абдакимова М.К. қатысты «құндылық бағдарлары этномәдениет бірлестігі» конференция жұмысының қортындысы құрастырылды және резалюция қабылданды.
«Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша студенттері обылыстық ғылыми-практикалык конференцияның секция жұмысына қатысты.

«Сананы жаңғырту–болашаққа қадам» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

«Сананы жаңғырту–болашаққа қадам»  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция30 наурыз 2018 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Сананы жаңғырту–болашаққа қадам»  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияның ұйымдастырушылары бизнес және құқық факультеті мен «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы.Конференцияның идеологиялық негізі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» атты мақаласы болды.

Конференцияның халықаралық деңгейінде Қазақстан мен көршілес елдердің студенттерінің кең аудиториясына қол жеткізілді.

Конференцияға өздерінің зерттеу жұмыстарының нәтижесін  35 мектеп оқушылары, 40 колледж оқушылары, 144 студент ҚММУ, ҚҚЭУ, ҚарМУ, ҚарМТУ, ҚР ІІМ Қостанай академиясы ұсынды. Шетелдік жоғары оқу орындарынан БашМУ Стерлитамак филиалы, Сібір мемлекеттік университеті, Оңтүстік-Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті, Ресей-Тәжікәлеуметтік университеті, Сібірхалықаралық қатынастар және шетелдік дінтану институты, РФ ІІМ университеті, ММУ филиалы (Астана қ.) студенттері қатысты.Конференция қатысушыларын әлеуметтік мәселелер бойынша проректор, т.ғ.д., профессор Абилов Қ.Ж. және «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы жетекшісі Жусупов А.Н. құттықтады. Модераторлардың жетекшілік етуімен қоғамның рухани жаңғыруы, қоғамдық сананың жаңғыртылуы, ұлттық идея Мәңгілік елтарихи және мәдени мұраның қайта жаңғыртылуы;  Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі; Қазақстанның мәдени-географиялық белдеуі және туризмнің дамуы;діни экстемизмге қарсы әрекет көрсетуде құқықтық шаралар мен халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру, ұлтаралық келісім мәселелері қарастырылды. Конференцияның барлық қатысушылары сертификат алады.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!Қазақстанның 37 Жоғарғы Оқу Орындары қатысқан «ENACTUS READING CLUB» сайысының нәтижесі бойынша Enactus KEUK командасы Enactus 2018 жазғы лагеріне қатысуға 3 грант ұтып алды.
Белсенді қатысқандары үшін жобалар бойынша вице-капитан Райымxанова Зарина және әкімшілік сұрақтар бойынша вице-капитан Жолдыбай Алтынай Казком банкі Директорлар Кеңесінің Төрағасы Азамат Утеновтың қолы қойылған кітапты сыйға алды.
Enactus KEUK командасы ҚҚЭУ ректоры, э.ғ.д., профессор Аймағамбетов Ерқара Балқараұлына, Азамат Утеновке және Enactus Kazakhstan ұйымына осындай іс-шараларға қатысуға мүмкіндік бергендері үшін үлкен алғыс білдіреді!

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL