«Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуы аясында мемлекеттік құрылым қызметкерлері мен жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, сондай-ақ отандық және шетелдік ғылыми-педагогиалық мамандар, докторанттар, магистрлар, студенттер қатысқан«Руханилық және шығармашылық - қазіргі білім берудің мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинар өткізді.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Қарағанды облыстық кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚБ қатысуы және «Қарағанды облысының жастар саясаты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қарағанды облыстық колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында «IT-Weekend.kz-2018» Хакатон атты студент жобаларының конкурсы өтті.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сапасын арттыру» атты Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру шеңберінде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде ҚҚЭУ-ның жастар бастамалары орталығымен әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдауымен «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы студенттермен кездесу өткізді «Sultan kara» Компаниясының Бас директоры Садықов Қайрат Назарович және бірінші-екінші курс студенттерімен кездесу өткізілді.
Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінде Жоғары оқу орындары арасындағы "Төртінші өнеркәсіптік революция: жасғалымдардың үлесі" атты жастар форумы өтті. "Тұран", "Нархоз" университеттерінің және Ш. Қабылбаева атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясының жас ғалымдары мен докторанттары жас ғалымдары, докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысты. Үздік баяндамалардың авторлары I, II және III дәрежелі дипломдармен және сертификаттармен марапатталды. Байқаудың 1 жүлделі орын иегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ағымдағы жылдың 18 қазан күні университет қабырғасында жоғары оқу орындар арасында өткен «Төртінші өнеркәсіптік революция: жас ғалымдардың үлесі» атты студеттер форумында баяндама қорғау нәтижесінде «ГМУ-31к» тобының студенттері Мақсатқызы Назерке, «III-дәрежелі» дипломға ие болды, тақырыбы: «Халықты баспанамен қамтамасыз ету саясатының мәселелері»; Омирбекова Эльвира «Үздік оратор» номинациясымен марапатталды, тақырыбы: «Қазақстандағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі». Ғылыми жетекшісі: магистр, оқытушы Ертай Хуанбек.
Ағымдағы жылдың 16-18 қазан аралығында университет қабырғасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Қарағанды облысының колледж және ЖОО студенттерінің арасында «IT-WEEKEND.KZ-2018» тақырыбында хакатон өткізілді. Аталмыш сайысқа Экономикалық теория және мемлекеттік және жергілікті басқару кафедрасы, ГМУ-31к тобының, Жолдыбай Алтынай, Омаров Айбар, Кунанбаев Саяхат студенттері белсене қатысқандары үшін сертификаттарға ие болды. Ғылыми жетекшісі: магистр, оқытушы Ертай Хуанбек.
2018 жылдың 19 қазанында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалықуниверситетінің Ғылыми-білім беру орталығында «Қазақстанда жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету: әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер» атты дөңгелек үстел өтті.
Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі»: «Тәуелсіздік жылнамалары» кітабын талқылау бойынша оқу-конференциясы ұйымдастырылды.
ҚЭУ түлектрі үшін Стратегиялық даму департаменті 2018 жылдың 17-18 қазанында жұмысқа орналасу дағдылары бойынша семинар-тренинг ұйымдастырылды. Аталған семинарды «Рухани жаңғыру» аудандық кеңсесі «Атамекен» бағдарламасының жетекшісі психологиялық ғылымдар кандидаты Н.В.Красникова жүргізді. Тренинг бағдарламасында жұмыс іздеу алгоритмі, жұмыс берушімен сәтті келіссөздер жүргізу дағдылары, тиімді резюме жасау және кәсіби өзін-өзі анықтау үшін мүмкіндіктерді қамтыды.
2018 жылдың 15 қазанында №1 жатақханада «Туризм және меймейрамхана ісі» кафедрасының оқытушылары «Туған күн» атты іс-шара өткізді. Оқытушылар студенттермен бірге туылған күн иесін, РД-11к тобының студенті Авазхан Сымбатты құттықтады. Туған күнді тойлау достық атмосферада өтіп, студенттер атынан шағын сыйлық ұсынылды.