«Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» мамандығының 1 курс студенттерін бейімдеу үшін жеміс лимонадтарын дайындау бойынша мастер-класс өткізілді.
РД-23с тобының студенті Мозговой Александр сабақтан бос уақытында «Villa Borgeze» мейрамханасында бармен болып жұмыс істейді. Кураторы Алексеенко Т.Н. болып табылатын РД-12, РД-15с топтарының студенттеріне Александр табиғи жеміс лимонадтарын дайындау бойынша лимонадты дайындау және қызмет көрсету туралы айтып мастер-класс өткізді. Бірінші курс студенттері тәлімгердің басшылығымен өздерінің дағдыларын нығайтты.
«Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының оқытушылары мен «Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық негіздері және экономика» мамандығы студенттері Ұлт көшбасшысы Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын талқылады.
Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспетті болып отыр. Мақалада ол еліміздің рухани дамуы үшін бүгінгі күнгі ғылыми, тарихи және моральдық қажеттіліктерді көрсетіп берді.
Мақаланы талқылау барысында қатысушылар Елбасы ұсынған Қазақстан халқының мәдени мұрасын насихаттау мен тарихты зерттеу бойынша алты жаңа жобаны жүзеге асыру әлемдік өркениеттің дамуындағы мәдениеттің, өнердің және ғылымның ілгерлеуіне қосқан қайталанбас үлесі екенін баса атап өтті.
"Экология және бағалау" кафедрасы студенттерге арналған "Коммуникативтік мәдениет: жұмыс беруші – түлек"атты тренинг - семинар өткізді. Тренинг-семинарға Қарағанды облысының Экология және табиғи ресурстар департаментінің бас мамандары Н. Сәдібек және А. Жамшыбай шақырылды. Кездесу студенттерге үлкен қызығушылық тудырып, болашақ мамандығына, алған білімдерін қолдану саласына, жұмысқа орналасу және мансапты құру мүмкіндіктеріне қатысты көптеген қызықты сұрақтарға жауап берді. Қонақтар біздің түлектерімізге қызығушылық танытып, оларды болашақта жұмысқа орналастыру арқылы тәжірибеден өту үшін өз кәсіпорындарына шақырды.

"Экология және бағалау" кафедрасы Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында "Бағалау көшбасшысы - 2018" атты зияткерлік ойынын өткізді.
Ойынды қазылар алқасы бағалады: Жүсіп Айнұр Өмірзаққызы - "BWCOMPANY" ЖШС бағалау компаниясының бас директоры (Астана қ.), Галинский Иван Анатольевич -"Эксперт" ҚӨО ЖШС бас маманы, Сихимбаев Мұратбай Рыздықбайұлы - э.ғ.д., профессор.
Зияткерлік ойын 4 кезеңнен тұрды:
I тур "ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ". Әр команда өзін слайд түрінде таныстырды. Олар өз командасы мен "Бағалау"мамандығының өзектілігі туралы әңгімеледі.
II тур " НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?". Командалар болашақ мамандыққа қатысты сұрақтарға жауап берді.
III тур "КАПИТАНДАР САЙЫСЫ". Команда капитандары "Бағалау" мамандығы бойынша сайысқа түсті.
IV тур "КРОССВОРД". Ойынның ең қызықты бөлігі 20 сұрақтан тұрады, негізінен "Бағалау" мамандығы бойынша.
Ойын қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді::
1 орын – Қарағанды экономикалық университеті;
2 орын –Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті;
3 орын –ҚЭУ экономика, бизнес және құқық колледжі.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!
2018 жылдың 26 қарашасы мен 21 желтоқсан аралығында Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университеті профессоры, экономика ғылымдарының докторы Гришкина Светлана Николаевна Қарағанды экономикалық университетінде «Бизнестің ашықтығындағы қаржылық және қаржылық емес есептілік» тақырыбында дәріс оқиды.
«Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасы «Әлеуметтік «жұмыс» және «Құқық негіздері және экономика» мамандықтары студенттері арасында «Әлеуметтік жұмыс – адамгершілік бастауы» интеллектуалды студенттік конкурсын өткізді. Конкурс Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналды.
Интеллектуалды конкурс төрт кезеңнен тұрды. Онда студенттердің кәсіби деңгейін көтеру, олардың бастамашылық пен жаңашылдық шығармашылықтарын дамыту қамтылды.
Жеңімпаздар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен және «Үздік креативті шешім», «Үздік қабырға газет», «Үздік бейнеролик» номинациялар бойынша мадақталды.
27.11.2018 жылы ЭҚҚР кафедрасының оқытушылары Амантай А., Есенов Д., Хауия С. ұйымдастыруымен кәсіби бағдар жұмысын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды қаласының №65 және №102 жалпы орта мектеп оқушыларының арасында «Алғырлар» және «Алты жұлдыз» топтарының қатысуымен «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» пәнаралық интеллектуалдық сайыс ойынын өткізді.
Ойын 3 турдан тұрды. Сұрақтар биология, география, қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы пәндерінен және логикалық сауалдар болды. Оқушылар арасындағы сайыс тартысты, әрі қызықты өтті. Ойын соңында сайыс қорытындысы бойынша №65 мектеп «Алғырлар» тобы 1-орын, № 102 мектеп «Алты жұлдыз» тобы 2-орынға ие болды. Топтар арнайы диплом және сыйлықпен марапатталды.
«Жайна» хореографиялық ансамблі 2018 ж. 19-21 қарашада Санкт- Петербург қаласында(Ресей Федерациясы) «Таланттар салюті» жобасының шеңберінде өткізілген « Шығармашылық жаңалықтар» Балалар және жасөспірімдер шығармашылығының XXXV халықаралық фестиваль-конкурсына қатысып, ГРАН-ПРИ жүлдегері болды, сонымен бірге ең үздік костюм үшін бірінші дәрежелі лауреат дипломымен марапатталды.
2018 жылдың 21 қарашасында «Маркетинг және логистика» департаментінің аға оқытушысы Райымбекова А.К. және көп тілді білім беру орталығының директорының міндетін атқарушы Ахметова А.А. кәсіптік бағдар беру жұмысымен Бұқар-жырау ауданында болды.
Оқушыларға университеттер туралы бейнероликтер көрсетілді, сонымен қатар факультеттер, гранттар, жеңілдіктер және оқу ақысы, жатақханалар, академиялық ұтқырлық және шетелдік жоғары оқу орындарымен іскерлік қатынастар туралы ақпарат берілді.
Мектеп оқушылары әңгімеге белсенді түрде қызығушылық көрсетіп, бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуға, бюджеттік орындардың болуы мен саны мен КЭУ-де студенттік өмірдің жалпы ерекшеліктеріне қызығушылық танытты.
Қарағанды экономикалық университеті Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті қарсаңында «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасы осы датаға арнап кураторлық сағаттар, дөңгелек үстелдер, дәрістер өткізді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні 2012 жылдан бастап елде аталып өтіп келеді. Ол кездейсоқ қойылған дата емес, 1991 жылы 1 желтоқсан алғашқы сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеңіске шықты.
Елдегі өте қиын сәттерде, яғни КСРО ыдыраған соң дағдарыстық жағдайдан шығатын жол керек болды. Осы кезде Президент елді жаңа даму жолына бастады, қазірде Қазақстан геосаяси кеңістікте маңызды орында.
Егемен Қазақстанның дамуы мен қалыптасуы, Тұңғыш Президенттің тарихи рөлі ҚЭУ-де өткен кураторлық сағаттар мен дөңгелек үстелдерде әңгіме арқауы болды.
Қазақстанның жетістіктерімен Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен болашаққа сенімді қарауға лайық екенін студенттер мен оқытушылар бірауыздан қорытындылады.