«Даму» оқу-ғылыми-өндірістік кешенінің мүшесі, «Видергебурт» ҰО ҚОО әлеуметтік жұмыс жөніндегі үйлестірушісі Л. А. Галуцкая «Лучик надежды» ОБФ күндізгі болу орталығы базасында «Ммүгедектермен әлеуметтік жұмыс» пәні бойынша көшпелі сабақ өткізді. Орталық директоры Т.И. Кравченко СР-33с, СР-42, СР-32с/к академиялық топтарының студенттерін психикалық денсаулықты қорғау және көмек көрсету қызметінің үлгілерімен, ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік-психологиялық бейімдеу және олардың қоғамға кірігуінің ерекшеліктерімен таныстырды, сондай-ақ Қазақстандағы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғыртудағы ҮЕҰ мен ҚБ ерекше рөлін ашты.
«Даму» оқу-ғылыми-өндірістік кешенінің мүшесі, «Видергебурт» ҰО ҚОО әлеуметтік жұмыс бойынша үйлестірушісі Л. А. Галуцкая «Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс» пәні бойынша Қызыл Жарты Ай Қарағанды филиалының базасында көшпелі сабақ өткізді. Сабақ барысында СР-33с, СР-42, СР-32с/к академиялық топтарының студенттері қайырымдылық ұйымының қызметтері мен ерекшеліктерімен, қайырымдылық және волонтерлік қызметтің нысандары мен тетіктерімен танысты, алғашқы медициналық және әлеуметтік көмек көрсетудің әдістері мен құралдарын зерттеді.

"Маркетинг және логистика" кафедрасы Қарағанды қаласының мектеп және колледж оқушылары үшін "Мен маркетологпын" атты интеллектуалды ойын өткізді.
Қызықты сайыстардың бірі «Тауар және қызмет көрсету» Онда өнім мен тауар туралы презентация, оның артықшылықтары, өнімнің баға-сапа қатынасын және оны Қазақстан нарығына енгізу мүмкіндігі көрсетілген.
«Жарнама роликті тап» шығармашылық ойында бойынша № 5 орта мектеп пен банк колледжінің оқушылары жеңімпаз атанды.

2019 жылы 19 қазанда ҚҚЭУ спорттық-сауықтыру кешенінде Қарағанды қаласының ЖОО арасында шағын футболдан дәстүрлі жарысы өтті.
Жарыс ҚР Президенті Қ. Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты 2.09.2019 жылғы жолдауын жүзеге асыру аясында ұлт денсаулығын нығайту және халықтың барлық жас топтары арасында бұқаралық спортты дамыту бөлігінде өткізілді.
Жарыс айналмалы форматта өтті, онда жеңімпаздар мен жүлдегерлер өткізілген матчтарда жинаған ұпайларымен анықталды. Айта кету керек ЖОО-ның командалары. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Қарағанды Академиясы ІІМ, ҚарМТУ және ҚҚЭУ футбол жарысында кәсібилік пен шеберлікдеңгейін көрсетті.
Тартысты және белсенді ойындарының қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1-орын: Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ; 2-орын: ҚҚЭУ; 3-орын: Қарағанды Академиясы ІІМ.
Жарыс қорытындысыбойынша қатысқан командалар үшін кубоктар, жүлделер мен мақтау қағаздары табысталды.

2019 жылы 17 қазанда ҚҚЭУ-де Қарағанды облысы әкімінің орынбасары НүкеновАбзал Нүкенұлымен кездесу өтті.
Бұл кездесуде біздің ЖОО-ның көрнекті орындарымен, соның ішінде «Банк менеджменті және қаржы нарықтары» кафедрасының мамандандырылған ғылыми-практикалық кабинетіне барып, кафедра доценті Е. И. Борисовамен айтылған ғылыми-практикалық кабинеттің мақсатымен, маңыздылығымен және міндеттерімен танысты.
Әкімнің орынбасары сондай-ақ сұрақтар қойып, алдағы уақытта да табысты оқу жылын тіледі.
"Маркетинг және логистика" кафедрасы "Маркетинг" және "Логистика" ОП 3, 4 курс студенттеріне тәжірибелік қызметкерлердің қатысуымен мастер-класс өткізілді:
-Утебай Д. Д. - «EFES Қазақстан» АҚ ЖК таланттарды басқару жөніндегі маманы;
-Шиллер М.В. – «ПРО бизнес» орталығы, Теміртау қаласының іскер әйелдердің аймақтық кеңесінің төрағасы;
-Тен Ю. В. – «PRO Бизнес» орталығы оқу орталығының жаттықтырушысы.
Әр ұйымның өкілдері студенттермен әлеуметтік желілерде маркетингтік қызметтерді ілгерілету, логистикалық процестерді ұйымдастыру, персоналмен қарым-қатынас жасау мәдениеті бойынша бағалы тәжірибелерімен бөлісті.
"Маркетинг және логистика" кафедрасымен "Маркетинг" және "Логистика" ББ 4 курс студенттері үшін тәжірибелік қызметкерлерді тарта отырып дөңгелек үстел өткізілді.
Бұл іс-шараға ББ «Маркетинг» және «Логистика» 4 курс студенттері қатысты. Кездесу барысында жұмысқа орналасудың болашағы мен еңбек нарығындағы сұранысқа ие, жұмыс беруші жоғарғы оқу орындарының түлектерінің кәсіби және коммуникативті сапаларына қойылатын талаптар туралы өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесуге қатысты:
- Ибрагимов З.Ф. - «Еуразиан Фудс» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
- Утебай Д.Д. - «EFES Қазақстан» АҚ ЖК таланттарды басқару жөніндегі маманы;
- Мукушев А.К. - « Prof Rezerv» ЖШС бас маманы.
2019 жылдың 22 қазанында жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім департаменті профессор - оқытушылар құрамы мен және 8D04101 «Экономика» және 8D04102 «Жергілікті мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламалары бойынша 1 курс PhD докторанттарымен бірлесіп докторлық диссертациялардың тақырыптарын бекіту және таңдау мәселесі бойынша ғылыми семинар өткізілді.
Форум бағдарламасына мектептердегі бейбітшілік сабақтары, дөңгелек үстелдер, дәрістер, шеберлік сыныптары, спорттық және мәдени бағдарламалар кірді.
Форумға 100-ден астам адам қатысты, олардың көпшілігі - түрлі қоғамдық ұйымдардың жастар қанатының өкілдері, студенттер мен халықаралық қатынастар және қоғамдық дипломатия саласындағы жас мамандар, гуманитарлық жобалардың авторлары. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің атынан экономика және менеджмент факультетінің студенттері Мұсабекова Дилара (МН-18-4с тобы) және Иманғалиев Ақылбек (Э-18-3с тобы) қатысты.
Ұйымдастырушылар: Қырғыз Республикасы Үкіметінің қолдауымен Еуразиялық халықтар ассамблеясы және Қырғызстан халқы ассамблеясы.

2019 жылдың 16 қазанында Маркетинг және логистика кафедрасы жыл сайынғы «Жас зерттеушілер форумы» атты халықаралық (кафедралық) студенттер конференциясын өткізді. Оған Уфа, Екатеринбург, Көкшетау, Алматы, Теміртау, Астана, Тараз және Қарағанды студенттері мен магистранттары қатысты.
Конференция келесі бағыттар бойынша экономиканың түрлі салаларындағы өзекті мәселелерді қарастырды:
1Цифрлық экономикадағы заманауи бизнестің дамуы;
2Цифрландыру дәуіріндегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жаңғыртылуы;
3Қазақстандағы қызмет көрсету нарығының дамуына инновациялық көзқарас;
4«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың құқықтық аспектілері.
Конференция материалдары бойынша ISBN берілетін электронды жинақ құрастырылады.