2018 жылдың 23-27 сәуір аралығында «Шет және орыс тілдері» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, Ертысбаева Г.Н. және Халықаралық бағдарламалар мен жобалар және академиялық ұтқырлық орталығының бас маманы Тарпанова Г.Ж. Исма университетінде (Рига, Латвия) өткен «Ақпараттық технологиялар, менеджмент және қоғам 2018» атты халықаралық конференцияға қатысты.
2018 жылдың 9-13 сәуір аралығында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушылары, Видрицкая Н., Шукушева Е., «Менеджмент және Инновация» кафедрасының доценті Омарова А., «Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу» кафедрасының Альбекова М., «Жалпықұқықтық және арнайы пәндер» кафедрасының оқутышысы Койлыбаева А., көптілді оқыту орталығының директоры Жунусова А., халықаралық бағдарламалар мен жобалар, академиялық ұтқырлық отралығының бас маманы Жангабулова Ж., және де Erasmus + Teaching Mobility бағдарламасы шеңберінде Атабаева Д. «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы Янош Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдар университетінде (Будапешт, Венгрия) өткен «VIII Халықаралық аптаға» қатысты.
Өтпелі экономикасы бар елдердегі аграрлық даму Лейбниц институтының және Мартин Лютер Университетінің (Галле, Германия) докторанты, Ph.D. және Қарағанды экономика университетінің түлегі Станислав Васильевич Югай 20-25 қаңтар 2021 ж. аралығында академиялық ұтқырлықтың жаңа формаларын дамыту аясында университет студенттері мен магистранттары үшін дәрістер курсын оқитын болады. Тақыры: «Қазақстандағы және Ресейдегі астық нарықтары: дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ерекшеліктері мен рөлі».
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті Еуропалық Одақтың ERASMUS+ бағдарламасын кеңінен танымал етуге, осы бағдарламаның мүмкіндіктерін білуге, ERASMUS+ жобасына қатысушылардың нәтижелері мен тәжірибелерін көрсетіп, оларды қатысуға тартуға бағытталған «ERASMUS+ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН БІРГЕ ЕУРОПАҒА ТЕРЕЗЕ» атты онлайн-байқауының нәтижелерін жариялайды.
Лемещенко Олеся, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің PhD студенті «Үздік бейне шолу» номинациясын жеңіп алды.
«Үздік пост» номинациясы бойынша магистр, «Әлемдік экономика және Халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы, Атабаева Динара Талғатқызы жеңімпаз атанды.
«Үздік бейне әңгіме» номинациясы бойынша «Жалпы құқықтық және арнайы пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Орынбеков Алмас Сабитұлы жеңіске жетті.
Ольга Корпан, студент, «Үздік фотосурет» (фотосуреттер сериясы) номинациясының жеңімпазы.
«ERASMUS+ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН БІРГЕ ЕУРОПАҒА ТЕРЕЗЕ» атты онлайн-байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Жарысқа қатысушыларға, көрермендерге, жанкүйерлерге, жазылушыларға алғыс айтамыз! Сіздер ең күштісіңдер!