Iшкі академиялық ұтқырлық

Құрметті Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттері!

Сіздерге ішкі студенттік академиялық ұтқырлық бағдарламаларын - Қазақстан Республикасының басқа жоғары оқу орнында (әріптес жоғары оқу орнында) бір - екі семестр бойы онлайн/оффлайн режимде іске асырылатын, өз жоғары оқу орнында кредиттер түрінде игерілген білім беру бағдарламаларын міндетті түрде қайта сынақтан өткізетін студенттерді оқыту бағдарламаларын ұсынуға қуаныштымыз.

Білім алушылардың ішкі академиялық ұтқырлығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген тәртіпке сәйкес іске асырылады.

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде ішкі студенттік академиялық ұтқырлықты қамтамасыз етуді Халықаралық бағдарламалар, жобалар және академиялық ұтқырлық орталығы жүзеге асырады.

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің серіктес ЖОО:

Қала

Университет

Мамандықтар

Алматы қ.

«Туран»Университеті

 

Туран

- Құқықтану

-Халықаралық қатынастар

- Халықаралық құқық

- Экономика

- Әлемдік экономика

- Қолданбалы экономика және статистикалық модельдеу

- Маркетинг

- Логистика

- Менеджмент

- Қаржы

- Есеп және аудит

- Психология

- Аударма ісі

- Журналистика

- Қоғаммен байланыс

- Аймақтану

- Мемлекеттік және жергілікті басқару

- Зияткерлік робототехника

- Ақпараттық жүйелер

- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

- Радиотехника, электроника және телекоммуникация

- Бағдарламалық инженерия

- Туризм

- Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі

 

 

Алматы техникалық университеті 

 

 

АТУ

- Экономика

- Менеджмент

- ММУ

- Есеп және аудит

- Қаржы

- Бағалау

- Ақпараттық жүйелер

- ВТ және бағдарламалық қамтамасыз ету

- Экология

- Азық-түлік өнімдерінің технологиясы

- Туризм

- Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі

Нұрсұлтан қаласы

Қазақ технология және бизнес университеті

 

 

Каз университет технологий бизнеса

- Азық-түлік өнімдерінің технологиясы, қайта өңдеу өндірісінің технологиясы

- Стандарттау және сертификаттау

- Ақпараттық жүйелер

- IT менеджмент, IT менеджер

- Экология

- Экономика

- Мемлекеттік және жергілікті басқару

- Қаржы

- Есеп және аудит

- Менеджмент

- Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі

- Туризм

Павлодар қ.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

 

Павлодарский университет

- Саясаттану

- Психология

- Менеджмент

- Мемлекеттік және жергілікті басқару

- Экономика

- Есеп және аудит

- Қаржы

- Маркетинг

- Құқықтану

- Экология

- Ақпараттық жүйелер

- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

- Азық-түлік өнімдерінің технологиясы

- Стандарттау және сертификаттау

- Әлеуметтік жұмыс

- Туризм

- Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі

Инновациялық Еуразия университеті

 

 

Инновационный Евразийский Уни

- Менеджмент

- Экономика

- Мемлекеттік және жергілікті басқару

- Есеп және аудит

- Қаржы

- Құқықтану

- Ақпараттық жүйелер

- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

- Азық-түлік өнімдерінің технологиясы

- Стандарттау және сертификаттау

Петропавловск қ.

 

 

 

 

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

 

Северо казахстанский уни

- Менеджмент

- Мемлекеттік және жергілікті басқару

- Экономика

- Қаржы

- Есеп және аудит

- Құқықтану

- Экология

- Ақпараттық жүйелер

- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

- Азық-түлік өнімдерінің технологиясы

- Стандарттау, сертификаттау және метрология

- Туризм

Шымкент қ.

 

 

 

М.Әуезов атындағы оңтүстік-Қазақстан университеті

 

Уни Ауэзова

- Халықаралық қатынастар

- Психология

- Менеджмент

- Мемлекеттік және жергілікті басқару

- Экономика

- Есеп және аудит

- Қаржы

- Маркетинг

- Құқықтану

- Халықаралық құқық

- Экология

- Ақпараттық жүйелер

- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

- Стандарттау, сертификаттау

- Әлеуметтік жұмыс- Туризм

- Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі

Ақтөбе қ.

 

 

 

 

 

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті

 

 

Баишев Уни

 

 

- Мемлекеттік және жергілікті басқару

- Қаржы

- Экономика

- Экология

- Құқықтану

- Ақпараттық жүйелер

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін қандай құжаттар қажет?

Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша құжаттар шақырушы тараптың сұраныстарын ескере отырып дайындалады. Міндетті құжаттар:

1) білім алушының өтініші;

2) білім алушының келісімі;

4) үшжақты шарт;

5) ұсыныс хат (деканның, куратордың, кафедра меңгерушінің қолы қойылған);

6) транскрипт;

7) жеке оқу жоспары;

8) жеке куәліктің 2 көшірмесі;

9) 2 фотосурет (өлшемі 3*4);

10) 2 файл.

Эразмус + бағдарламасының жобаларына түсіндіру және қатысу бойынша семинар 19 қараша 2019 ж.

12019 жылдың 19 қарашасында Халықаралық бағдарламалар, жобалар және академиялық ұтқырлық орталығы университет факультеттерінің кафедра меңгерушілеріне «Жоғары білім берудегі әлеуетті арттыру (ЖЖӘА)» Эразмус + бағдарламасының негізгі іс-әрекеті, «Жан Моне» қосымша іс-әрекеті, 2020 жылға жобалық өтінімдерді дайындау бойынша жобаларын түсіндіру және қатысу үшін семинар өткізді.

ШЫҰ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЕКІДИПЛОМЫ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

2009 жылдан бастап Қарағанды экономика университеті Шанхай ынтымақтастық ұйымының желілік университетінің құрамына кіреді.
ШЫҰУ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде (Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан), сондай-ақ бақылаушы елдерде (Монғолия, Үндістан, Иран, Пәкістан) жұмыс істейтін университеттердің желісі ретінде жұмыс істейді. ШЫҰ университеті аясында жоғары білікті кадрларды даярлау Ұйымға мүше елдердің (энергетика, экология, машина жасау, металлургия, материалтану, құрылыс, көлік, отын-энергетика секторы, тарих, тіл білімі, IT технологиялары) мәдени, ғылыми, білім беру және экономикалық ынтымақтастығының басым бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
ШЫҰ Университетін құру мақсаттары ШЫҰ аясында ШЫҰ мүше мемлекеттер қабылдаған көпжақты нормативтік актілермен анықталады және келесіден тұрады:
- ШЫҰ-ға мүше елдер арасындағы өзара сенімді және тату көршілік қатынастарды нығайту;
- білім, ғылым және технология саласындағы интеграциялық процестердің дамуы;
- көпжақты білім беру, ғылыми және мәдени ынтымақтастықты кеңейтуге жаңа серпін беру;
- жастардың заманауи сапалы білім алуына, оқытушылар мен ғалымдардың ғылыми байланыстарды дамыту мүмкіндіктерін кеңейту;
- ұйымға мүше елдердің саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени салалардағы тиімді ынтымақтастығын ілгерілетуге.
Ақпарат ШЫҰ сайтында орналастырылған - http://www.eduweek.ru/
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетімен (Белгород, Ресей), Астрахань мемлекеттік университетімен (Астрахань, Ресей), Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика университетімен (Санкт-Петербург, Ресей) екі жақты келісімге қол қойды.
Келісімдер нәтижесінде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің түлектері жоғарыда аталған жоғары оқу орындарының бірінде бір жыл ішінде және Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінде екінші жылдың ішінде «IT-технологиялар», «Экономика», «Бухгалтерлік есеп» және «Маркетинг» мамандықтары бойынша магистратурада оқиды. Бағдарлама аяқталғаннан кейін түлектер екі диплом және ШЫҰ желілік университетінің сертификатын алады.

Шақырылған шетел ғалымдары



Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіндегі оқу және ғылыми процестердің интернационализациясының жоғарылауының негізгі көрсеткіштерінің бірі - жетекші шетелдік университеттерден шетелдік профессорларды дәрістер оқуға, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге, PhD докторанттарымызға шетелдік ғылыми жетекші ретінде бағыт-бағдар беру.

Университетке шетелдік ғалымдарды тарту жұмыстары шетелдік серіктес университеттермен ынтымақтастық процесінде және алдын-ала келісім мен университеттің қажеттілігіне сәйкес үнемі жүргізіледі. Шетел ғалымын шақырудың негізгі өлшемшарттары мен алғышарттары:
1) жұмыс тәжірибесімен, халықаралық тәжірибемен, ғылыми басылымдағы жарияланымдармен, тиісті қызмет саласындағы ғалымдардың ұсыныстарымен расталатын ғалымның халықаралық академиялық қоғамдастықтағы беделі;
2) шетелдік маман болу мақсаттарының Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің және оны шақыратын құрылымдық бөлімшенің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне, дамуының басым бағыттарына сәйкестігі.

Шетелдік ғалымдарды шақыру білім беру процесіне еуропалық көзқарас тұрғысынан жаңа білім мен оқыту әдістері арқылы студенттердің құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік береді. Шетелдік ғалымдарды шақыру университеттік зерттеулерді интернационализациялауға бағытталған және Болон процесінің қағидаларын белсенді іске асыруды ынталандырады, университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, университеттің қоғамдағы тартымды имиджін қалыптастырады, сонымен қатар студенттер мен оқытушылардың ағылшын тілінде академиялық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Ғалымдарды тарту университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру, сондай-ақ әртүрлі академиялық және ғылыми мәселелер бойынша кеңестер беру мақсатында жүзеге асырылады.

Байланыс ақпараты: 

Тел. +7 (7172) 44-16-12 (вн.141), e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Жасыл трансформация жолындағы тұрақты дамуды басқарудың Еуропалық тәжірибесі (EPOS)

Жасыл трансформация жолындағы тұрақты дамуды басқарудың Еуропалық тәжірибесі (EPOS)

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің оқытушылары мен сту-денттерінің командасы «Жасыл трансформация жолындағы орнықты дамуды басқарудың Еуропалық практикасы» (EPOS) курсының сәтті аяқталғаны туралы қуана хабарлайды. Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу курсы Эразмус+ модуль Жан Моне бағдарламасы аясында әзір-ленді және студенттерге тұрақты даму принциптері мен оны Еуропада жүзеге асыру туралы терең түсінік берді.
2023 жылдың 6 ақпанынан 21 мамырына дейін курсқа қатысушылар Еуропадағы тұрақты дамуды басқарудың озық тәжірибесін зерделеуге және оны біздің аймақтың алдында тұрған заманауи сын-қатерлер мен мүмкіндіктерге қолдануға бірегей мүмкіндік алды.
Оқуды аяқтаған студенттер орнықты дамудың экономикалық және экологиялық аспектілері саласында терең білім алып, Еуропада қолданы-латын озық басқару технологиялары мен әдістемелерімен танысып және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған әлеуметтік-экономикалық жобаларды талдау және бағалау дағдыларын иеленді.
Курсты игеру нәтижелері бойынша қатысушылар «EdaDarom», «FinGreenPro» сияқты ең жарқын жобаларды іске асыру бойынша қызықты әлеуметтік және экономикалық жобаларды ұсынды және одан әрі белсенді жұмыс жалғастырылатын болады.
Біз курсты меңгергендердің барлығына алғысымызды білдіреміз және алынған білім мен дағдылар сізге мансапта және күнделікті өмірде әлем-дегі тұрақты даму және жасыл трансформация мақсаттарын жүзеге асы-руға үлес қосуға көмектеседі деп үміттенеміз.
Егер сіз «Жасыл трансформация жолындағы тұрақтылықты басқарудың Еуропалық тәжірибесі» курсын оқығыңыз келсе, біздің үй-лестірушіге хабарласыңыз: +7 701 962 41 43 Асанова Марина Алексан-дровна.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL