ҚР БҒМ-нің ШЕТЕЛДЕ ОҚУҒА АРНАЛҒАН ГРАНТТАР КОНКУРСЫ!!
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті Еуропа (1 грант) және Оңтүстік-Шығыс Азия (2 грант) университеттерінде білім алу үшін университет студенттері (бакалавриат) арасында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің берілген гранттарына конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) білімі туралы құжат бойынша орташа балл:
бакалавриат деңгейіне түсушілер үшін – негізгі орта білім туралы аттестаттың немесе аттестаттың және ағымдағы оқу жылының ағымдағы үлгерімі туралы есеп табелі/транскриптінің орташа баллының немесе орта арнаулы білім туралы дипломның кемінде 4,0 (5,0-ден) балға сәйкестігі немесе 3,0 (4,0 / 4,33-тен) GPA (Grade Point Average - Орташа баға) – өткен барлық пәндер бойынша алынған бағалардың орташа арифметикалық мәні немесе білім беру мекемесінен растайтын құжатқа сәйкес оның баламасы;
2) оқыту тілін білу деңгейі:
Ағылшын тілінде оқыту үшін – кемінде IELTS – 5,5, TOEFL – 46 немесе алдыңғы білім деңгейінде осы тілде білімін растайтын дипломның/транскрипттің болуы.
Егер қабылдайтын университеттің ағылшын тілін білуіне қойылатын басқа талаптар болса, қабылдаушының талаптары қолданылады.
Оқытудың басқа тілдері үшін – қабылдаушы елдің талаптарына сәйкес.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:
1) Анкета;
2) Жеке куәлік пен төлқұжат;
3) Білімі туралы құжаттар (түпнұсқалар);
4) Шет тілін білуді растайтын құжат;
5) Таңдаған мамандығы бойынша дипломдардың, сертификаттардың, көшірмелері;
6) тұлғалардың мынадай санаттарына жататынын растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе цифрлық құжаттама қызметінен электрондық құжат: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; көп балалы отбасылардан шыққан балалар; ауыл балалары;
Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі – 2022 жылдың 20 сәуірі.
Талапкерлерден құжаттары Қазтұтынуодағы ҚарУ Халықаралық бағдарламалар, жобалар және академиялық ұтқырлық орталығында (268 ауд.) қабылданады.