АКАДЕМИЯЛЫҚ ДАМУ ДЕПАРТАМЕНТІ

Академиялық даму департаменті оқу үрдісін жоспарлауды, ұйымдастыруды, мониторинг жасауды және сапасын бақылауды қамтамасыз ететін Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің өзіндік бөлімшесі.
ЖОО-ның оқу үдерісін сәйкес деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ету, университеттің профессор-оқытушылар құрамының оқу және ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысын үйлестіру, сонымен қатар оқу-әдістемелік, нормативтік-ақпараттық және ұйымдастырушылық-консультативтік қызметін және университеттегі оқу үрдісі мен білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету Академиялық даму департаментінің негізгі міндеттері болып табылады.

Оқу үрдісін жоспарлау, ұйымдастыру, мониторинг және бақылау департаментінің басқарушысы экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Даниярова Маржан Тасболатқызы.
Байланыс телефондары: Қарағанды қ., Академиялық көш., 9, 302-кеңсе.
Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағ. 9.00-ден 17.00-ге дейін. Түскі үзіліс: сағ. 13.00-ден 14.00-ге дейін. Сенбі күні сағ. 9.00-ден сағ.14.00-ге дейін.
Телефондары: 8 (7212) 441624 қосымша 108, 8 (7212) 441600

Электронды адресі: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Сонымен қатар, сізге департамент директорының орынбасары көмектесе алады:  
Глазунова Светлана Борисовна – күндізгі оқыту түрі бойынша (№264-кеңсе, тел.44-16-24 ішкі 310, электронды пошта: glazunova_sb@ mail.ru)

Департамент құрамына 3 қызмет бөлімі кіреді:  
1) Тіркеу бөлімі, басқарушысы Лопата Анна Николаевна, №302-каб., тел. 441624 ішкі 137.
Тіркеу бөлімі – Таңдау бойынша берілетін пәндерді тіркеуден бастап, тізімдемелерді өңдеу мен сақтауға дейін студенттердің оқудағы жетістіктері туралы барлық тарихын тіркейтін, студенттерге қолдау көрсететін бөлім. Студенттердің білімін бақылаудағы барлық түрлердің ұйымдастырылуын және оның академиялық рейтингісін бөлуді қамтамасыз етеді.
ТТіркеу бөлімінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
-Элективті пәндерге тіркеу үрдісін басқару;
-Студенттердің білімін бақылауды ұйымдастыру;
-Оқып білім алушының академиялық рейтингісін бөлу;
-Студенттердің сабақ үлгерімі туралы жазбаларды қалыптастыру және сақтау;
-Студенттерді сабақ үлгерімі туралы есеп дайындау;
-Сабақ үлгерімі төмен не үлгермейтін студенттердің тізімін құрау;
-Жазғы семестрді ұйымдастыру;
-оқу жүйесінде оқу топтарынның ағымын қалыптастыру.

2) Сиргебаева Жанара Актайқызы - оқу үрдісін жоспарлау қызметінің жетекшісі, офис 300, байланыс телефоны 8 (7212) 441634 қос. 172
- кафедралардың оқу жүктемелерінің құрылымы мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларымен сәйкестігін бақылау;
- штаттық кестені бекіту үшін құжаттарды дайындау;
- оқу сабақтары, емтихандар кестесінің құру, сабақ жүргізу мониторингі;
- кафедрадағы оқытушыларға жүктелген сағаттардың жоспарлануы және олардың нақты орындалу барысын бақылау;
- мемлекеттік аттестаттау комиссиясы жұмысын ұйымдастыру мен қалыптастыру;
-оқу жүйесін әдістемемен жетілдіру және ұйымдастыру (мамандықтардың ҚР ЖББМС, типтік бағдарламамен қамтамасыз етілуі);
- дәрісханалық қордың бөлінуін және жүйелі түрде қолданылуын бақылау;
- ҚР БҒМ-мен және басқа да ұйымдармен оқу жүйесінің барысы жайында хат алмасу;
- ұйымдастыру барысы, диплом беруді тіркеу.

3) Тұралықова Кенжегүл Дастанқызы - студенттердің құжаттарын басқару қызметінің жетекшісі, офис 61-62, байланыс телефоны 8 (7212) 441624 қос. 6560
- Қазтұтынуорталығының статистикалық бөлімі (Ф.З-НК), ҚР БҒМ статистикасына есеп беруді ұсыну және дайындығын қамтамасыз ету;
- күндізгі және сырттан оқитын студенттердің контингентінің алға жылжуын және есепке алынғаны туралы есептерді жүйелі бақылауға алу және студенттердің контингенті туралы мәлімет беру;
- қабылдау, ЖОО-да оқып жатқан мерзім ішінде студенттердің жеке құжаттарын қайта қарау және рәсімдеу;
- сұраныс жасаған ұйымдар үшін жауап дайындау (ҚР БҒМ, ҰҚК, қаржы полициясы және т.б. ұйымдарға);
- оқуға қабылданғаны, оқудан шығарылғаны, қайта қабылданғаны, басқа ЖОО ауысуы, басқа ЖОО-нан ауысып келгендігі туралы өтініштер мен ұсыныстарды қайта қарау, академиялық демалысқа кеткендігін рәсімдеу және т.б.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL