Оқу теледидар орталығы

Жеті жылдық өзіндік тарихы бар бөлімше директор, қоюшы-оператор, фотограф, инженер-бейнемонтажер мен инженерлер енген тату да, шығармашылық, ұжымынан құралған.

Оқу теледидар орталығының жұмысы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің стратегиялық даму жоспары, Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен Оқу теледидар орталығының оқу жылдарына арналған медиа-жоспары негізінде құрылады.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіндегі Оқу теледидар орталығының жұмыс мақсаты - білім беру үрдісі үшін сапалы телевизиялық (теледидар) қызметті ұсыну.

Біздің жұмысымыздың нәтижесі ретінде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің медиаконтентін атауға болады. Оқу теледидар орталығы өзін өндірістік база ретінде айқындап, мұнда медиа ақпаратты жазуға, пайдалануға және оны университетіміздің білім беру порталында, ақпараттық білім беру орталығындағы электронды каталогында сақтауға мүмкіндік береді.

Оқу орталығының ең басты бағыты Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің электронды университетінің оқу медиа-контентін қалыптастыру болып табылады.

 Алты жыл қажырлы еңбек етудің нәтижесінде көптеген жетістіктерге жеттік. 2008-2014 жылдар аралығында 1000 бірлік бейнедәріс пен 20-ға тарта медиакурс әзірленді.

Ағымдағы оқу жылына құрылған медиа-жоспар бойынша университет кафедраларының оқытушыларымен 224 бейнедәріс пен 15 медиакурс түсіріліп әзірленген.
Биылғы оқу жылында жинақталған медиакурстар саны өткен оқу жылымен салыстырғанда үш есеге ұлғайған.

 

Жуық арада оқу теледидар орталығымен өңделетін медиақпараттың ауқымдылығына байланысты біріздендірілген сақтау мен медиа өнімді жылдам табу үшін құралдар қажеттілігі мәселесі туындады.Бұл мәселені шешу үшін дискілік сақтау негізінде құрылған таспалық сақтау қоймасы бар, арнайы бағдарламалық қамтамасыз етілген купеге арнайы мамандандырылған сақтау жүйелері ұсынылды. Бұл жүйе мына мәселелерді шешеді:
a) Қазіргі уақытта оқу теледидар орталығының әр түрлі ақпарат тасымалдағыш құралдарында (ОТО компьютерлері мен сыртқы қатты дискілерде) сақталған ауқымды мәліметтердің ішінен қажетті материалды іздестіруде уақыт үнемдейді;
b) Университеттің студенттері, оқытушылары мен қызметкерлерінің қажет жағдайда ҚЭУ-дің жергілікті желісіне қосылған кез-келген компьютерден өзіне қажетті медиа-контент немесе дәрістерді көшіріп алуына мүмкіндік туғызады;
c) Қажетті материалды тез табуға мүмкіндік беретін ұйымдастырылған, қатаң ретке келтірілген өніммен қамтамасыз етеді;
d) Медиа өнімнің кездейсоқ немесе авариялық жойылуынан және түрлі вирустерден қорғауды қамтамасыз етеді;

Телевизиялық өндіріс - ол ұжымдық жұмыс. Өнімнің сапасы мен өну жылдамдығы әр кезеңмен тығыз байланысты (түсірілім, монтаж, сараптама, порталда орналастыру). Жалпы алғанда, бір бейнедәрісті жасауға кеткен жұмыс уақыты, түсірілім кезеңі, монтаж және оқытушының бейнедәрісті тексеріп, қажетті түзетулер енгізуі мен дайын нұсқасын қарап шығуы орташа есеппен алғанда 10-12сағ. құрайды. Осы жұмыстар нәтижесінде бейнедәріс DVD, *.flv, *.mp3 форматтарына түсіріледі, дискіге жазылады және ол ҚЭУ интернет-порталында орналастырылады.

Ағымдағы оқу жылында университет оқытушылары үшін бейнедәрістерді өткізу әдістемесі бойынша дәстүрлі оқыту семинарлары өткізілді. Семинар-треннинг барысында бейнедәріс құрамы мен құрылымы, бейнедәрісті өткізудің техникалық ерекшеліктерінен басқа актерлік шеберлік, дауыс қойылымы, сөйлеу техникасы бойынша арнайы педагог-маманның қатысуымен треннингтер өткізілді.
Оқу теледидар орталығы концерттер, конференциялар, яғни университет пен колледжде өтетін барлық шараларды дайындау мен өткізуде белсенділік танытады – яғни, роликтер мен бейнекөріністер дайындалып, сұхбаттар мен бейнекомментарийлер түсіріледі.

Атап айтқанда, біздің университетке келген қонақтармен сұхбаттар өткізіледі, аталған сұхбаттар негізінде бейнероликтер дайындалады. Университеттің ардагерлері (З.А. Туғанбаеваның фильмі), біздің студенттер жайлы, «Мансап» күніне дайындық, халықаралық конференциялар, діни қайраткерлермен, әр жылдың түлектерімен кездесулер жайлы фильмдер түсіріледі. Сонымен қатар, «Рубин» мейрамханасында өткізілген сабақтар, кеден департаменті, банк және қаржы құрылымдарының өкілдерімен өткізілген шеберлік сыныптары. Университет қонақтарымен кездесулері, концерттер мен конференциялардың, өткізілген барлық шаралардың бейненұсқаларын университеттің желісіне орналастырамыз және олар университеттің ішкі ТВ мониторларында ағымдағы оқу жылы бойы уақтылы көрсетіліп тұрады.

Ағымдағы оқу жылы университет пен мамандықтар туралы жаңа промороликтер мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жаңғыртылды. Біз университет мамандықтары туралы промороликтерді дайындауға септігін тигізген кафедра меңгерушілеріне, оқытушылар мен студенттерге алғысымызды білдіреміз.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL