МАМАНДЫҚТАРДЫҢ МИПАТТАМАСЫ
БІЗДІҢ ТҮЛЕКЕУР
БАЙЛАНЫСТАР ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ
КАФЕДРА ЖАЙЫНДА ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ
«Экономикалық ақпаратты машиналық өңдеу» кафедрасы Қарағанды кооперативтік институты құрамында есеп-экономика факультеті негізінде 1982 жылдың 1 қыркүйегінде құрылды. 1986 жылдың ақпан айында ЭАМӨ кафедрасы атын «Ақпараттық-есептеу жүйелері» деп ауыстырды. Қазіргі кезде кафедраны э.ғ.к., профессор Омарова Ш.Е. меңгереді. Кафедра міндеті ақпараттық жүйелер мен технологиялар өрісінде жоғары квалификацияланған мамандарды дайындау. Кафедра даму стратегиясы студенттер мен оқытушылар білім беру, зерттеу, тәжірибелік қызметін бір ортақ процеске қосудан жаңа білім беруге және түлектер арасында бәсекелестікті дамытуға бағытталған. Оған студенттерді қабылдау сапасының өсуі мен оқытуды жақсарту арқылы жетуге болады. Кафедраның еңбек келісімшарттары түзілген жалпы мұғалімдер саны 28 адамды құрайды. Толық ставкаға жұмыс істейтін ПОҰ саны – 19 адам, 0,25 және 0,5 ставкаға – 9 адам. Орташа жас – 36 жас. Ғылым кандидаттары мен докторлары – 11 адам, олардың ортақ саннан пайыздық үлесі – 47,8%. Ғылым докторлары – 4 адам, пайыздық үлесі – 17,4%. Ғылым кандидаттары – 7 адам, пайыздық үлесі – 30,4%. Сабақты мемлекеттік тілде жүргізетін оқытушылар саны – 9. Барлық оқытушылар базалық білімге ие. Кафедра екі мамандық бойынша дайындық жүргізеді: 1) 5В070300 – Ақпараттық жүйелер 2) 5В070400 – Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыздандыру Кафедра қазіргі таңда жаңа білім беру ресурстарын иеленуде. Аудиторлық қор, компьютерлік сыныптар мен оқу-әдістемелік құралдар оқу процесінің қажеттіліктеріне сәйкес келеді және білім беру бағдарламалары бойынша дайындау мақсатына жауап береді. Компьютерлік сыныптар жаңа компьютерлермен қамтамасыз етілген және оқу процесі мен студенттердің және оқытушылардың ғылыми-зерттеу қызметтеріне толықтай сәйкес келеді және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарға жауап береді. Сабақтарды өткізу кезінде кафедрада тестілеу бағдарламалары, оқыту жүйелері, автоматтандырылған есептер жинақтары, «1С бухгалтерия», «Алтын», «Лука» секілді мәселеге-бағдарланған пакеттер мен электрондық оқулықтар қолданылады. Кафедра құрамына 5 (252 м2, барлығы 68 компьютер) компьютерлік сыныптарды қосатын бағдарламалар пакеттерін дайындайтын лаборотория кіреді. Кафедра бойынша компьютерлер жалпы саны - 68. АЕЖ кафедрасы жас мамандарды кәсіби дайындаумен ғана емес, соған қоса жоғары моральдік қағидаларын бойына сіңірумен де айналысады. Барлық оқытушылар дерлік студенттік топтар кураторлары. Кафедра ШЫҰ университетімен IT мамандарын дайындау бойынша білім беру бағдарламасына қатысады. 2010 жылы 19 түлек ШЫҰУ бағдарламасы бойынша магистратураға түсіп, Ресей Федерациясының, атап айтқанда Астрахан мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика мен оптика зерттеу университетінде білім алады. Кафедрада жыл сайын информатика мен ақпараттық технологияларға арналған студенттер арасында «Брейн-рингтер», «Өз ойыны», сонымен қатар тәрбиелік сипаттағы «Күзгі бал», «Соңғы қоңырау» атты іс-шараларын ұйымастыру дәстүрге айналды. АЕЖ кафедрасы жүйелі түрде түлектердің жұмыспен қамтылуын мониторингілеп отырады. Кафедрада мамандық түлектерінің электрондық базасы бар, ол әр кез жаңарып отырады, аналитикалық жазбаларда кафедра жұмысының жылдық жоспарына түлектердің жұмыспен қамтылуы бойынша жоспар орындалуына талдау жасалынады. Университетте жыл сайын жетекші фирмалар, кәсіпорындар мен аудандық ұйымдар басшыларының шақыруымен жұмыспен қамтылу жәрмеңкелері өтеді. 2013 жылы түлектерді жұмыспен қамту пайызы 87% құрап отыр.
Мекен жайы: Қарағанды Академическая көш, 9
Телефон автоқоңырақ шалуда: 44-16-24
44-16-34
44-15-68
|
|
|