Бос білім гранттарына конкурс өткізу туралы хабарландырулар

Ғылыми зерттеулерді және мониторингті дамыту орталығы

7М06102 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бос білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды, ЖОО-ға түсу жылы 2025, оқу тілі – орыс тілінде.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бос білім беру грантына түсуге үміткер магистранттар Орталыққа 2025 жылдың 22 шілдесіне дейін келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

1) конкурсқа қатысуға өтінім (2025 жылдың 18 шілдесіне дейін);
2) жеке куәліктің көшірмесі,
3) транскрипт,
4) куратордың ұсыныс хаты,
5) орталық директорының ұсыныс хаты.

 

Бизнес, құқық және технология факультеті

жоғары білімнің B076 «Стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағдарламалары тобы бойынша ҚР Ғылым, жоғары білім және инновациялар министрлігінің (ҒЖБМ) бос білім беру грантын тағайындауға арналған байқау жариялайды.

Оқуға түскен жыл: 2023
Оқыту тілі: қазақ, орыс

ҚР ҒЖБМ бос білім беру грантына үміткер студенттер 2025 жылғы 25 шілдеге дейін деканатқа келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

  1. Байқауға қатысуға өтініш (2025 жылғы 25 шілдеге дейін)
  2. Жеке куәліктің көшірмесі
  3. Академиялық анықтама (транскрипт)
  4. Топ кураторынан мінездеме
  5. Деканның ұсыным хаты

Бизнес, құқық және технология факультеті

жоғары білімнің B068 «Тамақ өнімдерін өндіру» білім беру бағдарламалары тобы бойынша ҚР Ғылым, жоғары білім және инновациялар министрлігінің (ҒЖБМ) бос білім беру грантын тағайындауға арналған байқау жариялайды.

Оқуға түскен жылдар: 2022, 2023, 2024
Оқыту тілі: қазақ, орыс

ҚР ҒЖБМ бос білім беру грантына үміткер студенттер 2025 жылғы 25 шілдеге дейін деканатқа келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

  1. Байқауға қатысуға өтініш (2025 жылғы 25 шілдеге дейін)
  2. Жеке куәліктің көшірмесі
  3. Академиялық анықтама (транскрипт)
  4. Топ кураторынан мінездеме
  5. Деканның ұсыным хаты

Қаржы, логистика және цифрлық технологиялар факультеті

2024 жылы университетке қабылданған, оқу тілі – орыс тілі, қысқартылған оқу нысаны бойынша, жоғары білімнің 6В06 «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламалары тобы бойынша ҚР ҒЖБМ-нің (МНиВО РК) бос білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс өткізілетінін хабарлайды.

ҚР БҒМ-нің (МОН РК) бос білім беру грантына үміткер студенттер 2025 жылғы 20 маусымға дейін деканатқа келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш (2025 жылғы 17 маусымға дейін)
  2. Жеке куәліктің көшірмесі
  3. Транскрипт
  4. Сипаттама (мінездеме)
  5. Деканның ұсыным хаты
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL