Шығармашылық емтихан
В005 Білім беру бағдарламалары тобы бойынша (Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау) оқуға қабылдау
шығармашылық емтихандардың нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштерді қабылдау:
20 маусым – 10 тамыз (күнтізбелік жыл).
Шығармашылық емтихандарды өткізу мерзімі:
7 шілде – 15 тамыз (күнтізбелік жыл).
Кім және қандай емтихан тапсырады
Мектеп, колледж немесе орта білімнен кейінгі білім негізінде
(жалпы орта, ТжКБ, орта білімнен кейінгі білім):
- 2 шығармашылық емтихан тапсырады;
- оқуға қабылдау кезінде келесі пәндердің нәтижелері ескеріледі:
- Қазақстан тарихы;
- Оқу сауаттылығы (оқыту тілі).
Туыстас мамандық бойынша (қысқартылған оқу мерзімі):
- 1 шығармашылық емтихан тапсырады;
- оқуға қабылдау кезінде «Педагогика және психология негіздері» пәні бойынша нәтиже ескеріледі.
Шығармашылық емтихандар білім алушының дене дайындығы деңгейін және осы білім беру бағдарламасы бойынша оқуға кәсіби жарамдылығын анықтауға бағытталған.
Шығармашылық мамандықтар үшін ҰБТ
ҰБТ-да 2 міндетті пән тапсырылады:
- Оқу сауаттылығы — 10 тапсырма (өту балы — 3);
- Қазақстан тарихы — 20 тапсырма (өту балы — 5).
ҰБТ бойынша барлығы:
- 30 тест тапсырмасы;
- ең жоғары балл — 30;
- тестілеу уақыты — 70 минут.
Маңызды ақпарат
- шығармашылық мамандықты таңдаған кезде ҰБТ-да бейіндік пәндер тапсырылмайды;
- талапкерлер университетте қосымша шығармашылық емтихандар тапсырады;
- ҰБТ және шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып, ең жоғары жиынтық балл — 130.





