6B04212 Құқықтану


Мамандану: «Экономика саласындағы құқықтық реттеу»
Құқықтар, бостандықтар, міндеттер, заңдар - бұл сөздер ежелден өркениетті адамның сөздік қорына енген, оларсыз қазіргі қоғамды енді елестете алмаймыз. Бірақ кейбір адамдар үшің бұл сөздер өмірдің негізі болып табылады. Бұл заңгерлер.
"Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу" және "Жалпы құқықтық және арнайы пәндер" заң кафедралары кәсіби заңгерлердің бірі болуға тамаша мүмкіндік береді, оның құрамында заң ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, үлкен практикалық жұмыс тәжірибесі бар оқытушылар жұмыс істейді.
Заңгер-мамандарды дайындау үшін оқу-әдістемелік кабинеттері жабдықталған: "Сот отырысы залы", оның негізінде процеске қатысушылар туралы практикалық сабақтар кезінде студенттерге көрнекі көруге және, олардың сот отырысындағы рөлі туралы түсінік береді. "Ақпараттық-құқықтық зерттеулер кабинеті" Интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталған. Компьютерлік сынып магниттік және электронды тасығыштардағы әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен жабдықталған. "Криминалистика және сот сараптамасы кабинеті" заманауи техникалық оқыту құралдарымен және көрнекі құралдармен, эксклюзивті материалдармен жабдықталған. "Кәсіпкерлік және құқық кабинеті" студенттердің, оқытушылардың өзіндік жұмысына арналған және барлық оқу-әдістемелік, анықтамалық әдебиет пен ақпаратты қамтиды. Біздің университеттің "Юриспруденция" мамандығы бойынша дипломы: салық органдарында; банктерде; адвокатурада; сақтандыру компанияларында; құқық қорғау органдарында; соттарда; мемлекеттік қызметте; кез келген меншік түріндегі кәсіпорындарда беделді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Жұмысқа орналастыру
Түлектер келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:
- әкімдіктердің мемлекеттік-құқықтық бөлімдерінде;
- сот жүйесінде;
- прокуратура органдарында;
- ішкі істер органдарында;
- кеден органдарында;
- нотариалдық;
- консультациялық;
- адвокаттық қызметте.
Бакалавриатта оқу мерзімі:
Орта білім негізінде (мектеп түлектері) - 4 жыл;
Орта арнайы білім негізінде ( колледж түлектері) - 3 жыл;
Жоғары білім негізінде ДОТ - ны қолдану арқылы күндізгі форма-2 жыл.
Орта білім негізінде күндізгі бөлімге түсушілер (мектеп түлектері) 5 пән бойынша ҰБТ түрінде түсу емтихандарын тапсырады (3 жалпы міндетті+2 таңдау бойынша бейіндік).
"Құқықтану" мамандығы бойынша ҰБТ бейінді пәндері ":
1) Дүниежүзі тарихы
2) Адам. Қоғам. Құқық.
Колледж түлектері университетке сұхбаттасу арқылы, 2 пән бойынша оқуға түседі:
1) жалпы бейінді пән - Мемлекет және құқық теориясының негіздері;
2) кәсіби пән-ҚР Азаматтық құқығы.
Магистратурада оқу мерзімі (бакалавриат бітіргеннен кейін):
- ғылыми-педагогикалық магистратура-2 жыл;
- бейіндік магистратура-1 жыл.
Сіздерді мына мекен-жай бойынша күтеміз: Қарағанды қаласы, Академическая көшесі 9,
Автобустармен және маршруттық таксимен жүру№ 19, 44, 31, 30, 34
Тел. 8(7212) 44-15-72, 44-15-68
Call Center: 50-21-24
Толығырақ ақпаратты қараңыз:
http://www.keu.kz
http://vk.com/vst_keu " КЭУ-де кездесеміз"

 
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL