6В04105 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы

2019 жылы Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігi рейтингінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бакалавриат деңгейі бойынша 3-ші, магистратура деңгейі бойынша 2 орынға ие болды.

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасында салыстырмалы таяуда пайда болғанымен, жастар арасында жоғары беделге ие болды. Алайда, осындай танымалдылықтың құпиясы мемлекеттік қызметтің мәртебелілігімен ғана емес, сонымен қатар аталмыш дипломмен жеке меншік және мемлекеттік компанияларда басқарушылық лауазымға ие болуынан тұрады.

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс жасай келе жоғары лауазымға, тұрақтылыққа қол жеткізуге болады, себебі мемлекеттік ұйымдарда жаппай жұмыстан шығару болмайды.

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын түлектер экономика, құқық және басқару саласынан кешенді білімге ие болады. Яғни, олар заң факультетінің студенттерімен салыстырғанда экономиканы жақсы біледі, және экономикалық факультеттердің түлектерімен салыстырғанда заңтануды жақсы меңгереді. Осы білімнің барлығы тек мемлекеттік қызметте ғана емес, жеке меншік компанияларда қолдануға болатындықтан, мұндай мамандар - әмбебап.

Университеттің халықаралық жобаларға қатысуының нәтижесінде мамандық бойынша білім алатын студенттердің шетел университеттер ұсыныстарын ескере отырып өздерінің оқу бағыттарын құруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде ҚЭУ серіктестері болып табылатын басқа да ЖОО мен шетелдік университеттерде (Австрия мен Оңтүстік Корея, Белгородтық мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті, Т. Шевченко ат. Киев мемлекеттік университеті, Мәскеу қ. ЖЭМ МУ, С. Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті және т.б.) студенттердің академиялық мобильділігін іске асыруға қолалы жағдай мен студенттердің қосымша біліктіліктерге ие болуын қамтамасыз етуде. 

Білім беру бағдарламасының студенттері келесідей мекемелерде кәсіби тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие: «Қарағанды облысы әкімдігінің аппарат» ММ, Қарағанды қ. «Қарағанды қ. Қазбек би ат. аудан әкімінің аппараты» ММ, «Қарағанды облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ, «Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департамент» ММ, «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ, «Қарағанды қ. кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ «Қарағанды қ. Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ, «Нұр Отан» пртиясының Қарағанды облсы бойынша филиалы және т.б.

Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр дәрежесіне ие болған түлектер университетте өздерінің білімдерін әрі қарай жалғастыра алады (магистартурада «Мемлекеттік және жергілікті басқару», докторантурада «Мемлекеттік және жергілікті басқару»).

Түлектерді дайындаушы кафедра – «Экономикалық теория және МЖБ» кафедрасы мемлекеттік қызметшілер, табысты бизнесмендер, дипломаттар мен экономика саласындағы ғалымдардың альма-матері.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL