• Blog news

Қазақтың ұлттық киімі - қазақ материалдық мәдениетінің негізі

Қазақтың ұлттық киімі - қазақ материалдық мәдениетінің негізі

2021 жылы 10 ақпанда «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасы егемен Қазақстанның 30 жылдығына арналған «Қазақтың ұлттық киімі - қазақтың материалдық мәдениетінің негізі» атты дөңгелек үстел өткілді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар әлемнің 8 кереметімен, Қазақстанның басты археологиялық ашылуы - Алтын Адаммен (Алтын Адам), оның әскери техникасымен және безендірілуімен танысты.
Университет студенттері қазақтың ұлттық киімінің түрлері мен ерекшеліктері туралы айтты (К.Назарова); көшпелінің әскери киімдері мен жабдықтары (В. Кравченко); үйлену көйлегі, зергерлік бұйымдар және аксессуарлар (Васковская К.,); әйелдер, ерлер және балалар бас киімдері (Кикимова Д.Б); балалардың ұлттық киімдері (Трубицкая Е.); заманауи киімдегі дәстүрлі элементтер (К. Хабарова).
Дөңгелек үстелге Қоғамдық келісім» КММ кафедра меңгерушісі» Д.Б. Малаев қатысты; кафедра оқытушылары, университет студенттері.

АБАЙ АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН КӘСІБИБАҒДАРЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ.

АБАЙ АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН КӘСІБИБАҒДАРЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ.2021 ж. 10 ақпанда Қазтұтынуодағы Қарағанды Университетімен Абай ауданының А.Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясының, А.Құнанбаев атындағы Топар орта мектебінің, №15 Қарабас орта мектебінің және Құрма тірек-мектебінің 11 сынып оқушыларына арнайы ZOOM платформасында кәсібибағдарлық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылар тарапынан «Банктік менеджмент және қаржы нарықтары» кафедрасы аға оқытушысы, магистр А.С. Исанов, «Мемлекеттік-жергілікті басқару және экономикалық теория» кафедрасы аға оқытушысы, магистрі М.Т. Юсупов, «Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу» кафедрасы аға оқытушысы, магистрі А.А.Амантай және университеттің қабылдау комиссиясы төрайымының орынбасары, «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, магистрі И.С. Нұржанова қатысты.
Іс-шараның мақсаты – мектеп түлектері үшін біздің университеті және оның мамандықтары туралы, сонымен қатар ҰБТның ережелерімен және оқуға қабылданудың негізгі талаптарымен тыныстыру.
Кәсібибағдарлық іс-шарасында оқушыларға университет жайлы арнайы презентация көрсетілді және соңында он-лайн форматта «Университетке виртуалды саяхат» бейне-ролигі әрі он-лайн сауалнамаға сілтемелер ұсынылды.

«Қазақстан мен Украинада Erasmus+ Jean Monnet Activities бағдарламасының жобаларын жүзеге асыру: тәжірибе алмасу және ынтымақтастық келешегі» атты халықаралық телекөпір

«Қазақстан мен Украинада Erasmus+ Jean Monnet Activities бағдарламасының жобаларын жүзеге асыру: тәжірибе алмасу және ынтымақтастық келешегі» атты халықаралық телекөпір

9 ақпан 2021 жылы Украинаның Еуропалық интеграцияның оқушылары мен зерттеушілер қауымдастығы (APREI), Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының ұлттық кеңсесі, Украинадағы Ұлттық Erasmus+ офисі халықаралық телекөпір ұйымдастырды. Іс-шара Еуропалық Одақтың Erasmus + Jean Monnet жобаларын іске асырудың ерекшеліктерін жақсырақ түсінуге ықпал етуді көздеді, қазақстандық және украиндық тәжірибені салыстыруға, тәжірибелік кеңестермен алмасуға, бар мәселелерді талқылауға, Erasmus+ Jean Monnet жобалары шеңберінде неғұрлым тығыз ынтымақтастықтың ықтимал жолдарын қарастыруға және Еуропалық зерттеулер саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға мүмкіндік береді.
Іс-шара барысында спикер ретінде әлемдік экономика және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Атабаева Динара Талғатқызы қатысты. Баяндамада Jean Monnet Module «Еуропалық интеграцияның теориясы мен практикасы» жобасын іске асырудың негізгі аспектілері баяндалды.

Қазақстан мен Украинада Erasmus+ Jean Monnet Activities бағдарламасының жобаларын жүзеге асыру: тәжірибе алмасу және ынтымақтастық келешегі» атты халықаралық телекөпір

Attachments:
Download this file (NEO_09.02.2021.pdf)NEO_09.02.2021.pdf655 kB

«Студенттік инновациялық жобалардың бизнес-жоспарына қойылатын негізгі талаптар» атты мастер-класс

«Студенттік инновациялық жобалардың бизнес-жоспарына қойылатын негізгі талаптар» атты мастер-класс

05 ақпан күні "Достық "Коворкинг орталығы" ТБИ студент жастар арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес ЭҚЗ ҒЗИ директоры, з.ғ. д., профессор Т.А. Ханов ZOOM платформасында "Студенттік инновациялық жобалардың бизнес-жоспарына қойылатын негізгі талаптар"тақырыбында мастер-класс өткізді.
Мастер-класс Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті студенттерінің дайын бизнес жобалар мен старт-ап жобалар конкурсына дайындық шеңберінде өткізілді.
Кездесу спикері студенттер мен жоба жетекшілерін жобаны жазудың теориялық ерекшеліктерімен таныстырып, оның құрылымы туралы айтып, дұрыс және құрылымдалған студенттік жобаны жазудың қадамдық нұсқаулығымен бөлісті. Сондай-ақ, Талғат Ахмадзиевич жұмыстың маңыздылығын қалай дұрыс негіздеу керектігін, мәселені қалай қою керектігін айтып, кездесу барысында туындаған сұрақтарға жауап берді.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL