• Blog news

"ТІЛ ШЕБЕРІ" ЗИЯТКЕРЛІК ЖОБА

"ТІЛ ШЕБЕРІ" ЗИЯТКЕРЛІК ЖОБА

Наурыз айында шет және орыс тілдері кафедрасы Қарағанды қаласының 11 сынып оқушыларына «Тіл білгірлері» атты интеллектуалды жобасын өткізді. Жобалар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде қорғалды. Қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

II дәрежелі диплом - Оспанова Даяна №53 мектеп-лицейі,
III дәрежелі диплом - Сламгалиева Ляззат №12 орта мектеп, Бекмаматова Элнура №27 орта мектеп табысталды.

Белсенді қатысқан оқушылар мен оларды дайындаған мұғалімдеріне алғыс айтамыз!

 

Мастер-класс "Жылжымайтын мүлік саласында қалай ақша табуға болады?»

Мастер-класс "Жылжымайтын мүлік саласында қалай ақша табуға болады?»2021 жылдың 17 наурызында студент жастар арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша "Достық" Коворкинг орталығының оқиғалар күнтізбесіне сәйкес "Қарағанды ипотека Орталығы" компаниясының директоры Қ.А. Джамбулов ZOOM платформасында "Жылжымайтын мүлік саласында қалай ақша табуға болады?"тақырыбында мастер-класс өткізді.
Бұл мастер-класс қатысушыларға:
- Жылжымайтын мүлік нарығында тиімді пайданы қалай тез және оңай алуға болады;
- Меншікті қаражат пен кредиттерді тартпай, мәміле үшін 500000 теңгеден артық ақшаны қалай табуға болады;
- Сіздің бизнесіңізді барлық жағынан қандай заңды құжаттар қорғайды;
- Неліктен жас кәсіпкерлер тәжірибелі риэлтордан көп ақша таба алады;
- Қандай объектілер 700000 тг артық пайда әкеледі;
Мастер-класс өте танымды және қызықты болды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз білімдерімен бөлісіп, сондай-ақ, сөзсіз, жаңаларын ала алды.

Онлайн вебинар «1С-тағы жалақы есебі: бухгалтерлік есеп»

Онлайн вебинар «1С-тағы жалақы есебі: бухгалтерлік есеп»2021 жылы 16 наурызда «ТабысАудитКонсалтинг» ЖШС директоры Ундерис Еркебуланның қатысуымен «1С-тағы жалақы есебі: бухгалтерлік есеп» тақырыбында онлайн-веб-семинар өткізілді. Вебинар барысында жалақы бойынша барлық ұсталымдар, жалақыны түзету бойынша өзгерістер мен жаңалықтар туралы мәселе қаралды. Ундерис Еркебұлан бағдарламадағы жалақы есебін толығымен көрсетті. Осы онлайн-вебинардың модераторы «Есеп және аудит» кафедрасының оқытушысы М.Е.Хасенова болды. Есеп және аудит кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының студенттерімен бірге вебинарға белсенді қатысты.

16 наурыз - Шежіре күні.

Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Сонымен қатар, жұртшылық мал сойып, өткен-кеткен ата-бабаларына құран бағыштайды. Ағайын-туған, көрші-қолаң таяуда ғана жақынынан айырылған отбасылардың үйіне барып, «марқұмға тие берсін» айтып дастарханынан дәм татады. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Елдің, өлкенің тарихы, ерлігі баяндалады.
«Шежіре күніне» арналған ойын өтті. Ойынға Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті және Қазтұтынуодағы экономика және құқық колледжі студентері қатысты!

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL