• Blog news

"Ғылым саласындағы сыйлықтарды және мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру тәртібі туралы" ғылыми семинар

"Ғылым саласындағы сыйлықтарды және мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру тәртібі туралы" ғылыми семинар

04.11.2021 ж. сағат 16-00-де бас ғылыми қызметкер, э.ғ.д., профессор Сихимбаева Динара Рахмангазиевна "Zoom" платформасында "Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау тәртібі туралы" тақырыбында он-лайн ғылыми семинар өткізді. Ғылыми семинар жұмысына ҚҚарУ оқытушылары қатысты.
Семинарды өткізу барысында ғылыми стипендияға үміткерлер үшін ҚР БҒМ құжаттарды ресімдеу және тапсырудың ғылыми-ұйымдастырушылық мәселелері, ғылыми стипендиялар алуға үміткерлерді іріктеудің өлшемдері мен тәртібі қаралды.
Семинарда оқытушылар ғылыми стипендияларды алуға арналған ғылыми жұмыстарды қарау критерийлері, құжаттаманы ресімдеу және жұмыстарды ҚР БҒМ-ге беру және қарау мерзімдері бойынша сұрақтар қойды.

НАУЧНЫЙ СЕМИНАР ДЛЯ МАГИСТРАНТОВ И ДОКТОРАНТОВ КарУК

НАУЧНЫЙ СЕМИНАР ДЛЯ МАГИСТРАНТОВ И ДОКТОРАНТОВ КарУК

02.11.2021 ж. сағат 13-00-де бас ғылыми қызметкер, э.ғ.д., профессор Сихимбаева Динара Рахмангазиевна ҚҚарУ магистранттары мен докторанттарына арналған "Zoom" платформасында "Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті ұйымдастыру" тақырыбында онлайн ғылыми семинар өткізді. Ғылыми семинар жұмысына ҚҚарУ магистранттары мен докторанттары қатысты.
Семинарды өткізу барысында ғылыми зерттеулер мен инновациялық қызметті ұйымдастыру мәселелері, Қазақстандағы инновациялық қызметтің өзектілігі, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын, оның ішінде магистрлік және докторлық диссертацияларды жазудың практикалық мәселелері қаралды.
Семинарда ғылыми және инновациялық қызметтің міндеттерін құрайтын негізгі мақсатты сипаттамалар, ғылыми жұмыстардың мәні, мазмұны мен құрылымы, ғылыми және статистикалық ақпарат көздерін іздеу бойынша мәселелер талқыланды.

Мамандық тандау оңай жұмыс емес!

Мамандық тандау оңай жұмыс емес!

29 қазанда 2021 жылы біздің университеттің аға оқутышысы (Нуркеева Б.А., кафедра ШжОТ) Қарқаралы қаласындағы №1 мен №44 орта мектебіне барды.
Кездесу барысында университет қызметкерлеріне балаларға кәсіби бағдар беруге және оқу бағдарламасын таңдауға көмектесуге бағыталған сауалдама жүргізілді.
Мектеп түлектері, Қарағанды қаласындағы Қазтұтынуодағы университетінің жетістіктері туралы, оның мамандықтары мен университетіміздегі артықшылықтары (жеңілдіктер, гранттар, ұтқырлық, спорттық және мәдени бағыттар және т.б.) туралы ақпаратты қызығушылықпен қабылдады. Онлайн іс-шара кезінде университет туралы демонстрациялық бейнеролик шынайы әсер жасауға көмектесті,. 11-сынып оқушылары қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар алды.
Университетке түсуге қатысты сұрақтарыңыз болса, 8/7212/44-15-72 телефондары арқылы хабарласа аласыз.

«Көптілді түлек» жыл сайынғы тілдік олимпиада

«Көптілді түлек» жыл сайынғы тілдік олимпиада

Шет және орыс тілдері кафедрасы Қарағанды қаласының мектеп оқушыларының арасында шет тілдері бойынша тілдік олимпиада өткізді.

Олимпиадаға Қарағанды ​​және Саран қалаларының мектептерінен 57 оқушы қатысты. Олимпиада онлайн режимде өтті. Жеңімпаздар грамоталармен және дипломдармен марапатталды.

 

 

 

Жеңімпаздар:

1-ші орын  – Маханова Лаура, №16 мектеп

1-ші орын  – Урумбаева Анель, гимназия №1

2-ші орын  – Сергиенко Вадим, гимназия №1

2-ші орын  – Серик Табигат, №57 мектеп

3-ші орын  – Иманбаева Инжу, №57 мектеп

3-ші орын  – Нурдылда Канагат, №23 мектеп.

         Олимпиадаға қатысқандары үшін барлық оқушыларға алғыс айтамыз!!!

Сонымен қатар, п.ғ.к, профессор Г. Т. Әубәкірова мектеп мұғалімдеріне «Оқушылардың түрлі деңгейлік топтарының шет тілдерін оқытудағы заманауи үрдістері мен тәсілдері»  тақырыбында семинар өткізді. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Шет және орыс тілдері кафедрасы

 

ERASMUS DAYS 2021 КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

ERASMUS DAYS 2021 КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ Қарағанды Қазтұтынуодағы университеті Erasmus Days 2021 аясында ұйымдастырылған викторинаның жеңімпазы – Елена Володченконы, Ю-18-4 тобының студентін құттықтаймыз.
Біз сіздің Еуропалық Одақ бағдарламаларына және академиялық ұтқырлыққа, білім мен тәжірибеге қызығушылық танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Еленаға оқуда сәттілік тілейміз!

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL