• Blog news

«Банк менеджменті және қаржы нарықтары» кафедрасы бойынша СҒҚ отырысы

«Банк менеджменті және қаржы нарықтары» кафедрасы бойынша СҒҚ отырысы

23.02.2022 ж. кафедра СҒҚ отырысын өткізді, онда студенттер баяндамаларын қорғады. Барлығы 5 баяндама тыңдалып, олар «Нархоз университеті» КЕАҚ конференциясына қатысу үшін ұсынылды.
Қатысқандар: Талимова Л. А., Борисова Е. И., Сайфуллина Ю. М., Курманалина А. К., Гусманова Ж. А., Ермакова А. К., Идирисова А. Т., Исанов А. С.
Шақырылғандар: «Қаржы» мамандығының студенттері Ф-19-2 тобы студенті Павлова А., Юстус А., Рожков К., Кассихина В. Және Ф-20-3с/к тобының студенті Алшымбеков Ш.
Отырыстан кейін келесі қаулылар қабылданды:
1. Алшымбеков Ш. «КР тұтынушылық несиесі» (ғылыми жетекші: Ермекова К. А.).
2. Павлова А. баяндама тақырыбы: «Қазақстан Республикасында белгісіздіктің өсуі жағдайында коммерциялық банктердің дамуының негізгі үрдістері» (ғылыми жетекшісі: Гусманова Ж. А.)
3. Юстус А. баяндама тақырыбы: «Электрондық төлем жүйелері, олардың елдегі экономикалық рөлі және қауіпсіздігі» (жетекшісі: Борисова Е. И.)
4. Кассихина В. «Экономика жағдайында ипотекалық кредит беру жүйесінің қазіргі жай-күйі мен дамуын талдау» (ғылыми жетекшісі: Гусманова Ж. А.)
5. Рожков К. «Ұлттық Банктің экономикадағы ақша-несиелік реттеудегі рөлі, оның проблемалары және халықтың әл-ауқатына әсері» (ғылыми жетекшісі: Борисова Е. И.)
Студенттердің алдағы «Нархоз университеті» КЕАҚ конференциясына қатысуы үшін ұсынылған баяндамаларды ұсыну туралы шешім қабылданды.

ҚР ҰБ және ҚФ АҚ «Жусан банк» қабырғасындағы дәріс

ҚР ҰБ және ҚФ АҚ «Жусан банк» қабырғасындағы дәріс

«Банк менеджменті және қаржы нарығы» кафедрасы ҚР Ұлттық Банкі ММ КҚ-да және «Жусан банк» КФ АҚ-да 2022 жылғы 22 ақпанда сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін э.ғ.к., доцент Ю. М. Сайфуллина, э.ғ.к., доцент Е.И. Борисова және аға оқытушы Идирисова А.Т. жетекшілігімен «Инвестицияларды қаржыландыру және кредиттеу» пәнінің «Инвестициялық жобаларды қаржыландыру тәсілі ретінде қысқа мерзімді банктік кредиттеу» тақырыбына, «Банктік менеджмент және маркетинг» пәнінің «Коммерциялық банктің активтері мен пассивтерін басқару» тақырыбына және «Ақша-несиелік реттеу» пәнінің «Ақша массасының көлемін және ақша базасын реттеу» тақырыбына сай Ф-19-2, Ф-20-4с топтары үшін дәрістер ұйымдастырылған.
Студенттер аталмыш қаржылық мекемелерде мамандардың осы ұйымдарда қандай негізгі қыззметтермен айналысатыны, олардың ақша-несие реттеу саласындағы жүргізілетін бсты іс-шараларымен және т.б. танысты.

Қарағанды банк колледжінің ата-аналары мен түлектерінің онлайн тәртібіндегі кездесуі

Қарағанды банк колледжінің ата-аналары мен түлектерінің онлайн тәртібіндегі кездесуі

23.02.2022 ж. кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Қарағанды банк колледжінің ата-аналарымен және түлектерімен ZOOM форматында жиналысы өтті. Кездесуге «Банк менеджменті және қаржы нарықтары» кафедрасының меңгерушісі Талимова Л.А., КББО директоры Ивадилинова Л.Х., қабылдау комиссиясының хатшысы Е.А. Краснощекова және басқа да университет факультеттерінің басшылары қатысты. Қарағанды банк колледжі тарапынан бітіруші сыныптардың басшылары мен түлектердің ата-аналары қатысты.
Аталған іс-шарада келесі сипаттағы мәселелер қозғалды: мамандықтар туралы ақпарат, жұмысқа орналасу, университетке түсу ережелері, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, жеңілдіктер және басқа да мүмкіндіктер.

Абай ауданының Абай қаласы мен Топар кентінің түлектеріне арнайы ұйымдастырылған кәсібибағдарлық іс-шарасы

Абай ауданының Абай қаласы мен Топар кентінің түлектеріне арнайы ұйымдастырылған кәсібибағдарлық іс-шарасы

2022 жылдың 23 ақпанында Абай ауданы Абай қ. мен Топар кентінде Абай атындағы орта мектеп қабырғасында Қазтұтынуодағы Университетінің мұғалімдері Исанов А. С., Амантай А.А. мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Түлектер үшін университет, білім бағдарламалары және басқа да мүмкіндіктер (жеңілдіктер, гранттар, мобильділік, спорттық-мәдени бағыттар және т.б.) туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар университет туралы бейне-ролик көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.

 

А. Байтурсынұлы атындағы мектепте кәсіби бағдар беру жұмысы

А. Байтурсынұлы атындағы мектепте кәсіби бағдар беру жұмысы

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасының оқытушылары А.К. Блялова және э. ғ. д., профессор Б. Б. Досқалиевамен бірлесіп, А. Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары туралы айтылды, оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берілді.
Кездесу мен ынтымақтастық үшін мектеп әкімшілігіне алғыс айтамыз!

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL