• Blog news

«ХХІ ҒАСЫР ЖАСТАРЫ: ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ КЕЛБЕТІ»

«ХХІ ҒАСЫР ЖАСТАРЫ: ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ КЕЛБЕТІ»

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде "ХХІ ғасыр жастары: қазіргі заманның келбеті "атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік форум өтті. Ірі ғылыми шараны бизнес, құқық және технология факультеті ұйымдастырды. Жас ғалымдардың "ХХІ ғасыр жастары: қазіргі заманның келбеті" Халықаралық форумы жаңа Қазақстанның тәуелсіздігі кезеңіндегі ғылыми жетістіктеріне арналды. Форумды өткізуге Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Қарағанды облысының "Жас Отан" жастар қанаты, ҚР Нұрсұлтан қаласының мамандандырылған аудандық әкімшілік соты қолдау көрсетті. Форум жұмысына Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, "Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті", В. Я. Горин атындағы Белгород мемлекеттік аграрлық университетінің өкілдері, Қырғыз-Ресей білім академиясы, Мәскеу қаржы-заң университеті қатысты. Форум қорытындысы бойынша үздік жұмыстар дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

Шақырылған шетелдік профессордың қонақ дәрістері

Шақырылған шетелдік профессордың қонақ дәрістері2022 жылдың 5 сәуірі мен 16 сәуірі аралығында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттері, магистранттары, докторанттары және оқытушылары үшін «Халықаралық қатынастардың және әлемдік экономиканың өзекті мәселелері» атты дәрістер курсын Анадолу университетінің (Түркия) халықаралық байланыстары факультетінің профессоры, PhD доктор Неджат Доган талқылап оқиды. Анадолу университеті – Эскишехирдегі (Түркия) мемлекеттік университеті, елдегі ең үлкен және студенттер саны бойынша әлемде төртінші орында.

«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ РӨЛІ»

«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ РӨЛІ»

2022 жылғы 01 сәуірде Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Ғылыми-әдістемелік семинардың ұйымдастырушылары Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті "Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс" кафедрасы, Павлодар педагогикалық университеті, педагогика Жоғары мектебі, "Педагогика және психология" білім беру бағдарламасының бөлімі және академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті "Мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық дайындық"кафедрасы.
Семинар қонақтары: Аплашова А.Ж. пс.ғ.к. профессор. Павлодар педагогикалық университеті, Садуова Ж. п.ғ.к. Х. А.Ясауи, психолог-педогогтар М. М. Тусупова Қарағанды ХББ НЗМ, А.Н. Байболова Кентау қаласындағы "Дарын" мектеп-интернаты, Л. К. Карипаева " № 16. Қарағанды ЖББМ.
Ғылыми-әдістемелік семинар мақсаты – білім беру жүйесіндегі психологиялык қызметтің теориясы мен тәжірибесін талдау, психикалық және тұлғалық дамуға әсер ететін ерекшеліктері мен әдіснамасын түсіндіру.
Ғылыми-әдістемелік семинар жұмысы мемлекеттік тілде онлайн форматта өткізіледі.
Семинарда психологиялық қызметтің уақыт талаптарына байланысты өзекті міндеттері және тиімді дамуға кедергі келтіретін негізгі проблемалар атап өтілді.
Барлық баяндамалар қызығушылықпен және ықыласпен тыңдалды. Қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Семинар жұмысына ПиМО-21-1к тобының студенттері А.Қ. Әлмағанбетова белсенді қатысты., Галимова А.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар мен дипломдар табыс етілді.
Семинардың модераторы "Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс" кафедрасының аға оқытушысы– Кусайнова Маржангул Амантаевна болды.

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің биылғы түлектері - университет қонағы

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің биылғы түлектері - университет қонағыМамандық таңдау мәселесі – адам өміріндегі ең күрделі және жауапты қадам.
Мамандық таңдау барысында колледж түлегі «Мен қалаймын», «Менің қолымнан келеді», «Маған керек» деген сұрақтарға жауап таба отыра, өз қабілеттіліктерін, ішкі сенімдері мен нақты мүмкіндіктерінің түйіскен жерін ескергені абзал.
Ұнайтын мамандықты таңдау және өмір бойы өзіңізді қамтамасыз ету үшін алдымен адам өзін танып, мұқият зерттеуі қажет. Әрбір жас түлек өзінің мүмкіндіктерін белгілі бір деңгейде біледі. Болашақ маманның өз бойындағы потенциалының толық ашылуы үшін Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті таптырмас мүмкіндік. Осы орайда 29 Наурыз күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының 2021-2022 жылғы түлектері университетіміздің қонағы болды.

№27 Жалпы білім беретін мектеп түлектері үшін «Ашық есік» күні

№27 Жалпы білім беретін мектеп түлектері үшін «Ашық есік» күніМектеп түлектері үшін соңғы төртінші тоқсанның басталар уақыты да келіп қалды, ал демалыс уақытында, яғни, 29 наурыз күні жалпы білім беретін №27 мектеп оқушылары біздің университетіміздің қонағы болды.
Оқушылар білім ордасының материалдық-базалық әлеуетімен, компьтерлік сыныптар, интерактивті жабдықтары бар дәрісханалар, сандық кітапханамен таныстырылып, музей және студенттердің мәдениет сарайы, әр білім беру бағдарламасының арнайы жабдықталған аудиториясын қамтыған экскурсия өткізілді.
Біз сіздерді өз университетіміздің студенттері ретінде көруді асыға күтеміз!

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL