• Blog news

Магистранттарға арналған Carinthia University (Австрия) өтетін академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Магистранттарға арналған Carinthia University (Австрия) өтетін
академиялық ұтқырлық бағдарламасы

 Құрметті магистранттар!

Қарағанды экономикалық университеті Қазтұтынуодағы Халықаралық ынтымақтастық аясында Академиялық ұтқырлық бойынша (1 немесе 2 семестр бойы) Австрияда, Carinthia University стипендиялық бағдарлама бойынша оқу конкурсына қатысуға шақырады!
Бағдарлама туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз: http://www.fh-kaernten.at/en/about-cuas/organisation/supporting-services/international-relations-office/incoming-exchange-students/.

ЕККУ академиясы жанындағы дипломнан кейінгі білім

ЕККУ академиясы жанындағы дипломнан кейінгі білім

Қарағанды Экономикалық Университеті Қазтұтынуодағы ЕККУ Академиясымен ынтымақтастық аясында (www.osce-academy.net) өңірдің жас мамандарына екі магистрлік бағдарлама бойынша жоғары сапалы оқытуды ұсынады: 2004 жылдан бастап әрекет ететін "Саясат және қауіпсіздік" және 2012 жылдан бастап әрекет ететін "Экономикалық басқару және даму". 2004 жылдан бастап Академия мемлекеттік қызметте, үкіметтік емес секторда, халықаралық ұйымдар мен т. б. ұйымдарда жұмыс істейтін жоғары кәсіби мамандар тобына табысты әсер еткен Қазақстанның 59 азаматын қоса алғанда, 474 студентті шығарды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы актуалды мәселелері жөнінде дәріс

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы актуалды
мәселелері жөнінде дәріс

22 қараша 2019 жыл 11.00-де 102 ауд. тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнінде актуалды сұрақтар бойынша ТҚҚБҰ «Гарант» өкілінің қатысуымен дәріс өтеді.
Қызығушылық танытқан оқытушылар мен студенттерді шақырамыз!

ЭҚҚР кафедрасы

Құттықтаймыз!

"Жалпы заң және арнайы пәндер" кафедрасының ұжымы аға оқытушы Рахимгулова Маншук Болатқызын 6D030100 – Құқықтану мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін алуымен құттықтайды .Қол жеткізген жетістіктерімен тоқтамай, үнемі өзін-өзі жетілдіріп, кәсіби және жеке тұрғыда дамуды тілейміз.
БҚФ ұжымы

Жеке меншік мекемесі «Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Құрылтай құжаттарға енгізілгенге өзгерістерге байланысты 2019 жылдың 01 қазанынан бастап «Мемлекеттік емес мекеме «Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті» (қысқаша – ММ «Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті») «Жеке меншік мекемесі «Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті» (қысқаша – ЖММ «Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті») болып өзгертілді.
Қайта тіркеу күніне дейін жасалған барлық келісім-шарттар шарттар толық орындалғанға дейін жарамды.
Құжаттарды біздің мекен-жайға жіберу кезінде университет атауының өзгеруін ескеріңіз.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL