• Blog news

Студенттік жобаларды алдын ала іріктеу

Студенттік жобаларды алдын ала іріктеу

2023 жылғы 30 қарашада Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті кітапханасының оқу-білім беру орталығында Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері студенттік жобаларды алдын ала іріктеуді ұйымдастырды және өткізді.

Аталған іс-шара 2023 жылғы 14 желтоқсанда өтетін жыл сайынғы «Demo Day III» инновациялық студенттік жобалар конкурсын өткізуге орайластырылды.

Комиссия мүшелері студенттер жобаларының ұсынылған презентацияларын мына келесі критерийлер бойынша бағалады: жоба идеясының жаңалығы, мақсат пен міндеттердің анықтығы, маркетингтік зерттеулер мен қаржылық-экономикалық есептеулердің сапасы, тәуекелді бағалау, бағдарламалық өнімдерді пайдалану және т.б. Әр жоба бойынша олардың сапасын арттыру бойынша ұсыныстар мен ұстанымдар берілді.

«Академиялық ұтқырлық: шетелде және Қазақстанда оқу мүмкіндіктері» ақпараттық күні

«Академиялық ұтқырлық: шетелде және Қазақстанда оқу мүмкіндіктері» ақпараттық күні

2023 жылдың 23-24 қарашасында университетіміздің Халықаралық бағдарламалар, жобалар және академиялық ұтқырлық орталығы «Академиялық ұтқырлық: шетелде және Қазақстанда оқу мүмкіндіктері» атты Ақпарат күнін ұйымдастырды.
Ұйымдастырылған шараға Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің барлық қызығушылық танытқан студенттері қатысты. Халықаралық бағдарламалар, жобалар және академиялық ұтқырлық орталығы директорының орынбасары Айтова Зария Булатовна Еуропа, Ресей, Оңтүстік-Шығыс Азия университеттерінде оқуға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламалары, сондай-ақ ішкі академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Сондай-ақ академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін конкурстық іріктеу, құжаттарды тапсыру мерзімдері, кандидаттарды іріктеу ережелері туралы ақпарат берілді, материалдар университеттің ресми сайтында «Ынтымақтастық» бөлімінде ұсынылған.
Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу үшін Орталықтың Instagram (@international_kazpotrebsoyuz) арқылы немесе Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Халықаралық бағдарламалар, жобалар және академиялық ұтқырлық орталығына (268 ауд.) жеке хабарласу арқылы өтініш бере аласыз.

Біздің пікірсайыс клубтарының жетістіктері

Біздің пікірсайыс клубтарының жетістіктеріЖас ұрпақ арасында кең таралған пікірсайыс қозғалысы қазіргі уақытта жастар үшін өз ойларын ашық білдіруге арналған еркін алаңға айналуда. Еліміздің болашағына бей-жай қарамайтын патриоттық көзқарастағы азаматтар үшін пікірталас даму мен өсудің, жеке тұлғаның қалыптасуының құралы болып табылады.
Біздің командалар белгілі бір нәтижелерге қол жеткізді, атап айтқанда:
2023 жылғы 21 қазанда – біздің университетіміздің командасы, ЭБКФ студенттері, орыс лигасы, Вилькялите Эллона, Шушмаркин Евгений Қарағанды қаласы әкімінің кубогына Қарағанды облысының жоғары оқу орындары арасындағы қалалық пікірсайыс турнирінде бірінші орынды иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен, Қарағанды қаласы әкімінің кубогымен және 75 000 теңгеге ақшалай сертификатпен марапатталды.
2023 жылдың 11 қарашасында – біздің университетіміздің командасы, БҚТФ студенттері, қазақ лигасы Сәкенқызы Айғаным, Сейдахмет Азат Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына арналған облыстық пікірсайыс турнирінде екінші орын алды. Іс-шараға 32 команда қатысты. Жеңімпаздарға 100 000 теңгеге естелік дипломдар, медальдар және ақшалай сертификат табыс етілді.
2023 жылдың 20 қарашасында – біздің университетіміздің командасы, БҚТФ студенттері, қазақ лигасы Сәкенқызы Айғаным, Қабдулхамитов Нұрбек, Мұхаметжанова Назерке, Тәттібаева Периизат Toraighyrov University-де өткен "IV Президент Кубогы" республикалық дебат турнирінде екінші орын алды. Іс-шараға 40 өңірден 80 адам қатысты.
Біздің пікірсайысшыларды жүлделі орындармен құттықтаймыз!
Бұл қоғамда белсенді өмірлік ұстанымға ие болуға, ой-өрісі мен эрудициясын кеңейтуге ұмтылатын жастар үшін үлкен жетістік!

ҚР Ғылым және жоғары білім министрімен Саясат Нұрбекпен кездесу

ҚР Ғылым және жоғары білім министрімен Саясат Нұрбекпен кездесу

Біздің университет, экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетінің студенті, Студенттік Парламент депутаты, Студенттер альянсының көшбасшысы Малика Төленова 15 қарашада Satbayev University-де өткен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ҚР ҰӘҚ жанындағы жастар Совета жөніндегі кеңес өкілдерімен кездесуіне қатысты.
Іс-шараға Республикалық студенттік кеңестің мүшелері, Қазақстан Студенттер альянсының өңірлік төрағалары, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенді студенттері және өңірлік студенттік омбудсмендер қатысты.
Кездесу барысында министр белсенді жастарға және студенттердің құқықтары жөніндегі уәкілдерге жүгінді және студенттердің уақыты - жастардың оқуда, ғылымда, қоғамдық өмірде және стартаптарда өздерін жүзеге асыра алатын ең жақсы уақыт екенін атап өтті.
ҚР Ғылым және жоғары білім министріреспубликаның қазіргі жастары білімді, креативті және талантты екенін атап өтті. Мемлекеттің негізгі міндеті жастардың әлеуетін дамытуға көмектесу, олардың таланттарын іске асыру және нәтижелерін бүкіл қоғамға көрсету үшін жақсы жағдайлар жасау болып табылатыны атап өтілді.
Кеңес отырысының ресми бөлігі аясында ведомство басшысы өңірлік омбудсмендерге алғыс хаттар табыстап, жастар саясаты бағытында атқарылып жатқан жұмыстары үшін алғысын білдірді.

«Сенің «жоқ» - маңызды» бейнероликтер байқауындағы жеңіс

«Сенің «жоқ» - маңызды»  бейнероликтер байқауындағы жеңіс

2023 жылғы 25 қазанда «Сенің «жоқ» - маңызды» сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумы өтті. Қарағанды облысының жастар саясаты басқармасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлесіп ұйымдастырған. Форум аясында облыстық «Сенің «жоқ» - маңызды» сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқау қорытындысы бойынша Қаржы, логистика және цифрлық технологиялар факультетінің студенті, университет студенттік парламентінің төрағасы Егінбай Мұхамедқалы 65 бейнероликтің арасында үздік атанды. Жүлделер мен дипломдарды облыс әкімінің орынбасары Е. Б. Құсайын және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А. А. Арыстанбеков табыс етті.

Іс – шараның негізгі мақсаты-жастарды сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке баулу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістері туралы айту және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдары қандай екенін түсіндіру. Мұндай іс-шараларды өткізу қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл проблемасына шынайы қызығушылығын тудырады.

Осындай шығармашылық форматта Жастар сыбайлас жемқорлық жағдайларының теріс салдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар және оларды іске асыру мәселелері туралы өз пікірлерін білдірді.

Жас балалардың бастамаларының арқасында тәжірибеге жаңа идеялар, технологиялар енгізілуде, өзекті мәселелерді шешуге жаңа көзқарастар пайда болуда.

Егінбай Мұхамедқалыны құттықтаймыз және шығармашылық идеялар мен шабыт тілейміз!

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL